| Сабақ: Менің Отаным -Қазақстан Мектеп: №20 Уақыты: 18.05.16 Мұғалімнің аты -жөні: Шарапатова А.М. Сыныбы: 1 «А» Қатысқан оқушылар саны: 10 Қатыспаған оқушылар саны: 2 | |||
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: | 1.2.2.1 Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастыру 1.4.4.1 Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу. | ||
| Сабақ мақсаты: | Барлық оқушылар орындай алады: Сурет бойынша атауларды айта алады, бас әріппен жазылатын сөздерді біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сурет бойынша сөйлемдер құрастыра алады, гигиеналық талаптарға сай жаза алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Өз Отаны жөнінде сипаттап айта алады. | ||
| Тілдік мақсат: | Оқушылар орындай алады: Берілген жаңа сөздерді тыңдап, мағынасын дұрыс қабылдайды. Суреттер бойынша сөйлемдер құрастыра алады. Бас әріптер мен кіші әріптерді айыра алады. Тақырыпқа қатысты лексикон мен терминдер: Отан, Қазақстан, Астана, Ақтөбе, Елтаңба, Ту, Әнұран. Диалогке арналған сөз тіркестері: Менің Отаным, Мемлекеттік Рәміздер, әдемі қала, бас қала. Талқылауға арналған сұрақтар: Біздің Отанымыз? Астанамыз қай қала? Біз қай қалада тұрамыз? Рәміздерді атайық? Ту қандай түсті? Мемлекеттік тіліміз қандай тіл? | ||
| Алдыңғы оқу: | Менің Отаным-Қазақстан .«Сәлемдеме жіберу» арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. | ||
| Сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс- әрекеттер | Оқыту ресурстары | |
|
Сабақтың басы:
| 1. «Болжау» стратегиясы арқылы және суреттер арқылы тақырыптың атын хабарлау. Ал енді балалар, бүгінгі сабақта кім сабаққа белсене қатысады, сол оқушылармен Астана, Алматы қалаларына саяхат жасап, қыдырамыз. Сол үшін сабаққа жылдам, дұрыс жауап беріп, қатесіз жаза білейік, иә?! Тыңдалым 2.Рәміздермен, бас қаламен, елбасымен таныстыру. ( сурет бойынша рәміздерді сипаттау) | Суреттер
Рәміздер, Астана туралы видеоролик
| |
| Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Жеке жұмыс. Жазылым
Жұптық жұмыс. Жазылым
Сергіту сәті «Көңілді күн» әніне билеу.
Ал балалар, сабақ барысында белсене қатысқан оқушылар Астана, Алматы, Шымкент қалаларына барып қайтамыз, қыдырып, саяхат жасайық. Ал кеттік! «Саяхат картасы» бойынша Қазақстан қалаларына қыдыру.
Ақтөбе
Алматы
Шымкент Астана
Поп-корн стратегиясы бойынша сабақты қорыту. *Елтаңба, Ту, Елбасы, Ақтөбе, алма, Отан. *Елбасымыз-Назарбаев Нұрсұлтан. *Астанамыз- Ақтөбе қаласы. *Елтаңба-дөңгелек. *Ту-ақ түсті, дөңгелек.
|
Қима қағаздар, видео
Суреттер, қима қағаздар.
Кітап суреті
Музыка
Видеоролик (қалалардың әдемі жерлері). «Саяхат картасы» сызбасы
| |
|
Үйге тапсырма: |
Оқулықта берілген суреттерге 2- 3 сөйлем құрап келу.
| ||
| Жиынтық бағалау
Кері байланыс | жинаған смайликтері бойынша бағалау
Сабақ ұнаса күліп тұрған смайлик кейпіне енеміз. Сабақ түсініксіздеу болса... ( түсініксіздеу смайлик кейпіне енеміз) Сабақ ұнамаса мұңайған смайлик кейпіне енеміз.
| Әр түрлі смайликтер | |
|
Бағалау критерийлері |
Дескрипторлар | ||
| *Сурет бойынша сөйлем құрайды. *Бас әріп пен кішкентай әріпті ажыратады. |
| ||




Сөздікпен жұмыс
астана – столица
Ту – Флаг
Елтаңба – Герб
Әнұран - Гимн
Елбасы -Президент






Название урока "Менің Отаным" (263.28 KB)

