Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Практикумы  /  3 класс  /  Научная практика

Научная практика

Начальная школа
02.12.2019

Содержимое разработки

Аннотация

Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, көп жылдан астам жазылмай келген ауылымыздың, жеріміздің тарихын, елден шыққан тарихи тұлғалардың өмірін, олардың ел арасна тараған мұраларын жинақтауға арналған.

    Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу – Насыр Әл Фараби «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - деген екен. Негізгі тарих дегеніміз халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов ағамыздың романындағы мәңгүрттен еш айырмашылығы болмайды.

Сондықтан осы еңбегімізді болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.

  Бұл зерттеу жұмысында оқушыларға өз өлкемді танысам, сырын білсем деген құштарлығын арттырып, берері мол болар еді. Отан сүюге тәрбиелейді.

Осындай мақсатпен жұмыс істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында көптеген экспонаттармен, жаңа тың деректермен толықтырылар еді.



Аннотация

Это исследовательская работа, в течение многих лет, без какого-либо урегулирования, помогла установить историю нашего аула,жизнь исторических деятелей нашего аула , чтобы получить их общее наследие нашего государства .
        Известный во всем мире, великий предок Абу Насыр аль-Фараби, "не зная прошлого , трудно предсказать будущее".Человек, который не знает своего прошлого по роману Чингиза Айтматова тот и не знает своего будущего.
Поэтому молодые должны всегда помнить что история народа передается из поколения в поколение.
          Ученики , ознакамливаясь с работой данного исследования, знают, что это было бы полезно, чтобы увеличить стремление к жизни ,чтобы воспитать любовь к Отечеству.Благодаря хорошей работе школьников можно сделать много нового,для получения новых данных экспонатов.






Жобаның негізгі мақсаты:

- Туған елінің, өзімнің ауылымының, жерімнің қадір – қасиетін ұғындыру, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру..

- Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және зерттеу мамандығына деген қызығушылығын арттыру.


 


Жобаның міндеттері:

  • Ауыл тарихын зерттеу

  • Өз жерінің тарихын жетік білу

  • Болашақта өз өлкесінің дамуына үлесін қоу



Мәселе: ауылының тарихын зерттеу арқылы өлкетану саласына деген қызығушылықтарын арттыру.


Зерттелетін объект: аулымыздың шығу тарихын анықтап, осы күнге дейінгі жағдайын зеріттеп зерделеу.

















Маңғыстау облысы ,Бейнеу ауданы, Бейнеу орта мектебінің 3 «В» сынып оқушысы Нұрылла Нұржігіттің «Бейнеуімнің тарихы» зерттеу жұмысына



Пікір


Нұрылла Нұржігіт «Ауылымының тарихы» атты тақырыпта біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде. Қарастырылған жобада, ауыл тарихын зерттеу кезінде ауылымызыда еңбегін сіңрген азаматтар жайында тоқталған. Халық қазынасының ауыл тарихына тереңіне бойлап, оның аса мазмұнды да, құнды тарихын зерттеп , зерделеп қажетіне жаратпақшы болған бұл оқушының қадамы құптарлық іс.

Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинаған. Жобада қолданылған әдебиеттер санын көбейтіп, ізденіс жалғастыруда. Әлі де болса дерек жағынан молырақ қамтып, архив қолжазбаларын молырақ қолдану керек.

Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде үлкен маңызы бар.

«Бейнеуімнің тарихы» тақырыбын одан әрі жүргізетініне, оның қолдау табатынына сенім білдіремін.



Пікір беруші: Бейнеу орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Атчыбаева Айзада


Мазмұны


Кіріспе............................................................................................................. 1

1.Негізгі бөлім

1.1. Берекенің бастауы болған – Бейнеу ...................................................2-4

1.2. Жатырсың Бейнеу мәз болып, Атаға беріп төріңді................................5

1.3. Бейнеуім жырдың бесігі............................................................................6

1.4. Өндіріс саласы, ауыл шаруашылығы...... ............................................7-10

1.5. Білім беру жүйесі..................................................................................11-12

Қорытынды.....................................................................................................13

Қолданылған әдебиеттер.................................................................................14

Қосымша..........................................................................................................15























1

Кіріспе

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні балам өзі шертеді.

Тарих керек – іргетасы қазақтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

Қадыр Мырза Әлі



Қазақтың қай ауылына барсаң да, ғасырлардың куәсіндей әр жерде қадау-қадау боп қалып қойған саялы бәйтеректерді кездестіресің. Біздің ауылымыздың да сондай тамыры терең болып , жапырағы жайқалған байтеректер бар. Барлығы да бұтақтарын кең жайып , жанға сая самалымен бауырында өскен балапандарын желпи түсіп, адасқанға жол көрсетіп, жөн сілтепотырады. Тек солармен сырласып өскен үрім – бұтақтар ғана талай сындардан өтіп, адамгершілік пен азаматтықтың, бауырмалдық пен достықтың ұлы мектебінен дәріс алады, дәл солардай еңсесі биіктей түседі. Сөйтеді де , ақырын ғана сылдыр қағып, сандықтың қақпағын ашады, шежіре шомылдырып,тарихқа тоғытып алады. «Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық, елжандылық рухқа елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру»- деп айқын жол көрсеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы осы жас ұрпақтар, болашақ.Ар – намысты қорғауға, Отанға тіреу болуға, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу. Ол – елжандылық рухын көтеру. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс – әрекетке тәрбиелейді. Осы мақсатта туған елінің, өзімінің ауылымының, жерімнің қадір – қасиетін ұғындыру, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру.Зерттеу неәтижесінде туған жерімнің тарихы жайлы біраз мағлұматтар жинақтау. Бейнеу ауылының ата тарихы, әріден басталып келетін, қасиетті мекен.Бейнеу ауылында небір тарихи тұлғалармен талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол. Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдары мен бірен – саранды жазбаларда ғана кездеседі. Ал осы еліміз жайлы сыр шертетін кітаптар жоқтың қасы.Өзі мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Бүгінгі таңда нарықтың қыспағына ұшырап ауылдар мен елді мекендерін, кіндік кескен туған жерін тастап, жұмыс іздеп қалаларды сағалап көшіп кетуде.Қала сағалағасын, туған елі жайлы жастар ұмыт қалдыруы мүмкін. Қазірден бастап олардың санасына «Туған жер» деген ұғымды тереңірек сіңірсе, келешекте олардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасыуна уақтылы үлес қосамыз.

 2
















Бейнеуімнің тарихы



“Елу жылда-ел жаңа”

Бейнеу соның кепілі

Көп ұлттарды ол және

Қосқан бір ұя секілді

Уәйіс Қайралапов


Бейнеу –ер аты. Бейнеу Намазұлы тарихта болған тұлға.Адай атаның сегізінші ұрпағы. Бейнеу атамыз Бекет Атамен тұтас өмір сүрген. Отырған жері ескі Бейнеуде. Көшпелі ел Бейнеу атамызға жиһаздарын қалдырып кетіп отырған. Міне содан бері Бейнеу атауын Бейнеу Намазұлымен байланыстырады. Бейнеу селосының іргетасы 1963 жылы теміржолдың салынуына байланысты қаланды. Бейнеу ауданы 1973 жылы сәуір айында құрылды.Бейнеу – Бейнеу ауданының орталығы, ауыл, темір жол стансасы. Ақтау қаласынан солтүстік шығысқа қарай 470 км жерде, шөлдік белдеуде орналасқан. Іргесі 1916 жылы қаланған. 1963 жылы темір жол салынуына байланысты жедел дами бастады. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы қазақ жерінің қай тұсы болмасын киелі-ақ. Сондықтан да, Мемлекет басшысы әрдайым ауыл халқының әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс-тіршілігіне баса назар аударып отыр. Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында да бұл жағдайларды назардан тыс қалдырмай, арнайы бағдарламалар қабылдауға бастамашы болып келеді. Президент көңіл бөліп, қамқор болған ерекше елді мекендердің бірі – тоғыз жолдың торабында жатқан Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданы. Республикадағы облыс орталығынан ең шалғайда жатқан жалғыз ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халқының тұрмысы қалай? Ақтау қаласынан 470 шақырым қашықтықтағы Бейнеу ауданындағы бірқатар нысандармен танысайық
Жиырма жылға жуық уақыттан бері ауданды білігі мен тәжірибесі мол әкім Басшы Әзірханов басқарып келді. Ол осы уақыт ішінде талай белестерді бағындырып, ауданның алдыңғы қатарлы аймаққа айналуына айтарлықтай үлес қосуда. Маңғыстау облысы бойынша халқының саны жағынан Ақтау мен Жаңаөзен қалаларынан кейінгі орынды Бейнеу ауданы алады. Өткен жылғы есеп бойынша, ауданда 51 мыңнан аса халық тұрады. Соның ішінде Бейнеу ауылын 35 мыңнан аса тұрғын мекендейтінін ескерсек, бүгінгі таңда облыста осыншалықты көп халық қоныстанған ауыл жоқ екенін айта кету керек. Жыл сайын бала саны да артып, бір жасқа дейінгі сәбилер өлімі де азайғаны, ал, аналар өлімі соңғы жылдары мүлдем болмағаны көз қуантады.

3

Одан басқа да аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен елге оралған қандастарымызға ұдайы заттай және қаржылай қайырымдылық көмегі көрсетіліп, тұрғын үй салуға жер бөлінуде. Сондай-ақ, аудандағы жетім және мүгедек балаларға қам­қорлық көрсету мақсатында «Шапағат» қайырымдылық қоры құрылып, демеушілік жасалып, тіпті күнкөрісі төмен отбасы балалары үшін Бейнеу селосында 25 орындық балабақша да салынып, пайдалануға берілген.
Қазіргі кезде елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жан-жақты жүйеге қойылуда. Бүгінде ауданда жұмыссыздық мәсе­лесі шешімін тауып отырғаны қуан­тады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлі­мінің есебі бойынша, өткен жылы 2017 адам жұмысқа қабылданған. Жұмыс орнын қысқартпау жөнінде аудан­дағы 41 кәсіпорын мен мемо­ран­думға қол қойылған. Ал, «Жол картасы», «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары аясында жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері жұмысқа орналастырылуда. Биылғы жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 255 жұмыс орны, 140 әлеуметтік жұмыс орны, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 100 жұмыс орны ашыл­мақ. «Жұмыспен қам­ту-2020» бағдар­ла­масын жүзеге асыру кезінде бағдар­ламаға сәйкес, жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. «Балапан» бағдар­ламасы аясында да атқарылып жатқан жұмыс­тар туралы ауыз толтырып айтуға болады. Бейнеудегі «Алтын ұя» балабақшасы пайдалануға беріліп, «Қарабұлақ» шағын ауданындағы 140 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары басталды. Одан өзге жаңа балабақша ғимараттары салынып, мектептердің жанынан бірқатар топтар ашылуда. Басқа да ұлғайтылып отырған мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар бар. Бейнеуде Орта Азия – орталық газ құбырының компрессорлық стансасы, магистральдық мұнай құбырының және су құбырының мұнай және су айдау стансалары, темір жол көлігінің жұмысын қамтамасыз ету кәсіпорындары жұмыс істейді. Сонымен қатар телекоммуникация жүйесі мен байланыс торабы біркелкі дамығын. Ауданда тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, бірнеше мектептер, спорт және өнер мектептері, гимназия, лицей, кәсіптік-техникалық мектеп, балабақша, мәдениет үйі, мұражай, аудандық аурухана, өкпе ауруы ауруханасы, санитарлық-эпидомиологиялық стансасы т.б. мекемелер бар. Бейнеуде сонымен бірге орталық базар, шаруа қожалықтары, цехтар, ұлутас өндіретін карьерлер жұмыс істейді. Тұрғындары Ақтау қаласымен, елді мекендермен темір жол және автомобиль жолдары арқылы қатынасады.Бейнеу ауданы-облыстың солтүстігіндегі әкімшілік аудан. Аумағы 40,5 мың км2 . Тұрғыны 43,8 мың адам.(2007). 1973 жылы құрылған. Орталығы – Бейнеу ауылы. Аудандағы 11 елді мекен 10 ауылдық округтерге біріктірілген. Аудан шөлдік белдеуде орналасқан, батысын теңіз деңгейінен 25-56 м төмен жатқан жазық болып келетін Каспий ойпатының (Өліқолтық соры), шығысын Үстірттің Мыңсуалмас (Маңсуалмас) қыратты бөлігі алып

4

жатыр. Шығысының біраз бөлігінде Сам құмы мен Жарыққұдық кебірлі соры орналасқан. Ауданның жер қойнауында Солтүстік Үстірт мұнайлы-газды аймағының Қолтық,Арман, Қаламқас сияқты ірі кен орындары, құрылыстық құм мен тастың мол қоры бар. Климаты тым континенттік. Орташа температурасы қаңтарда -40С, шілдеде 25-270С. Жауын-шашын сирек, оның жылдық орташа мөлшері 120-130 мм шамасында болады.Бейнеу ауданында күн жыл бойына желді болып тұрады. Құм борататын қатты желдер де жиі соғады. Аудан жерінде ағын су көздері жоқ. Өсімдіктерден, батысында әр түрлі шөп аралас сораң, жусан аралас селеу, еркекшөп, адыраспан, жантақ тағы да басқалар өседі. Бейнеу ауданының алдыңғы құрылған жылдары халық өте сирек қоныстанғанымен, күні бүгінгі уақытта халықтың қоныстануы өте тығыздалып бара жатыр. Халықтың басым бөлігі темір жол және автомобиль жолдары бойында қоныстанған. Баба тарих үшін ғасырдың өзі қысқа мерзім. Ал онымен салыстырғанда ширек ғасырға жетпейтін уақыт дегеніңіз қас қағым сәт. Міне түбектің солтүстік күншығысынан Бейнеудің өз алдына отау тігіп дербес аудан болғанына алдағы 2018 жылы 45 жыл толады. Тарих өлшемі қысқалыққа сыйғанмен бұл жылдардың өңірге бергені қисапсыз. Ең алдымен ол мына жалпақ жазирада әлденеше ұрпақ жаңғыртып, ғұмыр кешіп келе жатқан елдің ертеңге деген сенімінің, жасампаздығының салтанат құруы болды десек артық айтқандық емес. Бұл бағамызға бәз біреулер кешегі қызыл саясаттың қысыр билігін қайталады деп дау айтпас. Өйткені бейнеуліктердің төгілген маңдай терінің хиуазының басым көпшілігі алпауыт империя аузында кеткенімен, қалған болмашының өзі дүниеге әкелген өзгерістер бұл.

Тәуелсіз елім, тәуелсіз болсын жерім де,

Жарқырап көзің ай, жұлдыз күлсін көгіңде.

Ысырап емес, береке дарып Бейнеуге,

Төрт түлік малың жайылып жүрсін төріңде.

Мың өліп, мың тірілген қазақтың ұлттық меншігіне айналған игілік бұл. Демек, мұның бәрі ертеңгі ұрпақтың несібесін еселеп, ризығын үстемек. Олай болуы үшін әрине көп күш, қайрат, жігер керек. «Ырыстан қайда барасың деп сұрағанда, ынтымаққа барамын» деген екен дейді халықтың адамгершілік қағидасының бірі. Ендеше ең алдымен ынтымақ, ұйымшыл-дық керек. Ал оның тізгіні өз қолымызда. Әр шаңырақтың түтінінің түзу ұшқаны ауылдың сәні. Әр ауылы ажарлы болса, аудан базарлы. Ауданы алдағы болса, облыс ордалы. Әр облысы бір-бір ордабасы болса, күн сүйген республикамыздың күлдіреуіші күміс, шаңырағы шалқақ, керегесі кең. Сондықтан алдағы 2018 жылы атап өтілетін Бейнеудің 45 жылдық мерекесі қарсаңында тағы да берекенің бастауы бола берсін, бейнеуліктер, дейміз.





5

Халықтан артық ұстаз жоқ. Ал халықтық ұлағат қашан да ұранға шыққан данышпаннан дара перзенттерінің аузымен айтылып, насихатталған, дәрістелген. Баршаға тән үрдіс осы. Оның бір мысалы іргелес жатқан үлкен жұрт Конфуций болса, өзімізде – ұлы Абай. Пір Бекет атамыз да адамдық құнарды молайтып жатар осындай алтын тамырды өрбітеді.

Бекет – бүгін бір ұлтанды ұлыстың ұраны ғана емес, ризыққа бастар береке-бірліктің, ұлтты ұйытар тұтастықтың да ту байлар тұғыры.

Бекет – берекелі іс пен биік парасатқа бастар даңғыл.

Бекет десек – қазақ қауымы мен қазақ мемлекетін мерейлендіре түсер өрелі ізденістерге ұмтылғанымыз. Осы бір ауызбіршілігімізден жазбалық та, жаңылмалық. Дауысымыз жарқын, лебіміз айқын шықсын.

Уақыт көші ұмыттырып бара жатқан тарих жәдігерлігіне таңдана да тамсана қарап тұрып ерекше тебіреніс тудыратыны ақиқат. Көп адам осы бір бағзы заманнан хабар беретін, асылдың сынығы, тұлпардың тұяғындай жәдігерліктерді біле бермейді.

Әрине, адам есте сақталмаған ескі дәуірмен емес, жарық дүниеге өзін әкелген өз заманының ағыс-ағымымен өмір сүреді.

Сондықтан естілер ғана арғы тегін ардақтап, құрмет тұтып құлшылық етіп, әрі мен нәрін солдырмай келешек ұрпақтың қолына тапсыруға жұмыстанады.

Ал біз біле бермейтін тарихтың пұшпағы Бейнеудің екінші қорымында жатыр. Мұнда сәулет өнерінің небір сұлулығы мен сымбаты самсап тұр. Аспан астындағы алып мұражай. Он екі ата Байұлының бір тармағы Адай тайпасының Пірі-Бекет-Атаның өз қолымен тұрғызған жерасты мешіті бар. Бейнеу өңірінің қадір-қасиетінің артып, киелі мекенге айналуы да - осы мешіттің арқасы.

Жалбарынып тіледім, ар-намысым, сән-кием,

Жар бол, елге бір өзің, Бекет-Ата, Әулием!

Бұл жерге жолы түсіп келген адам қасиетті Атаның мешітіне ат басын тіреп. осылай кішірейіп, құлшылық етіп сыйынып, өзінің көкейіндегі мақсат-арманының жүзеге асуын тілеп, жалынбай-жалбарынбай кетпейді. Халық аузында «қашқан да Бекетке, қуған да Бекетке сыйынады» деген даналық сөз бар.

Халық аузындағы «қашқан да Бекетке, қуған да Бекетке сыйынады» деген даналық сөзі.

Бірде түрікпеннің ер көңілді жігіті көршілес Адай елінен аяғына шаң жұқпас жүйрік арғымақты аңдып жүріп барымталап жетекке алып қашыпты. Алтын түгілі аруға да айырбастамас арғымақтың иесі бар жанын салып қуып жетер тұста, енді құтылмасын сезген түрікпен жігіті: «Ия, Бекет-Ата, мені желеп-жебеп, ажалдан құтқара гөр», - деп жылаған екен.Содан көп кешікпей адай жігіті де: «Ұрыны уысыма түсіре гөр, Бекет-Ата, ақ адал малымды барымталағаны үшін жүрегін жарып, қанын ішем», - депті.

Бұл жайдың бәрін үйінде біліп отырған Бекет-Ата қашқын жігіт пен қуғыншының ортасына қалың тұман түсіріп, қашқынды құтқарып жібереді.

6

Сол кезде Бекет-Атаның шешесі Жәния: «Бұның әділдік болмады ғой, балам»,- дегенде Ата: «Менің есімім түрікпен болса да қашқынның аузына бірінші түсті. Сосын арғымақтың арғы тегі көп болса бір тай емес пе, мұсылман қанының төгілмегенін қаладым. Ызалы қуғыншы жетсе, оны өлтірмей тынбас еді», - деп жайнамазын алып, құбылаға басын қойып намазын оқи беріпті.

Кейін еліне аман жеткен түрікпен жігіті түсіне енген Бекет-Атадан сескеніп, ақсарбас шалып, садақа беріп, қазақтың арғымағын еліне қайтарып апарып беріпті.

Әруағы күшті текті,Ата, күлдіреп күндер өтті, Ата.

Төбесін бұлттар кеміріп, Қаратауларың шөкті, Ата.

Қияға қеткен қаздарың, қиқулап бүгін жетті,Ата.

Жаратқан Алла Пірімді, жарқырат Жаппар күнімді.

Малғұндар кетсін маңайдан, тәубаға келтір тілімді.

Жатырсың Бейнеу мәз болып, Атаға беріп төріңді.

Ордаңа кіріп жайландым, дегендей, Ата, заңғарым,

Ұраным – Бекет байрағым.

Жарылқай берші, Пір-ата, аруағыңнан айналдым!

Емірен бабам! Ұрпақтарына өз қасиеті дарыған,

Еңсесін тіктеп дүниені қайта таныған.

Ақ желкен жалын ұшқыны тарап барады,

Сананы тежеп, шоқ болып ішті қарыған.

Жарылды жүрек ағынан.

Жебей гөр, Ата, аруағыңа табынам!

Тоғыз жолдың торабы атанған Бейнеу жері тума таланттардың тұрақты мекеніне айналған. «Ел іші - өнер кеніші» дегендей Бейнеу өңірінде талай-талай арынды ақындар мен дарынды дара туған талант иелері өткен. Адайдың «Жеті қайқысы» атанған: Өскенбай, Әділ, Шолтаман, Жылкелді, Тұрсын, Досат, Тәстемірлердің сал-серілік дәстүрі ізсіз кеткен жоқ. Алаш жұртына өзінің «Ақбөбегімен» даңқы жайылған әнші Қорабайдың Қайыбының атақонысы да осы Бейнеу өңірінде.

Халықтың тума таланттары өздерінің туған өлкесі – Бейнеудің өсіп, өркендеу кезеңдерін айрықша шабытпен жырларына қосты. Олар ел мен жер тарихын, қасиетті атамекенді жаудан қорғаған ер тағдырларын қабаттастырып, қабыстыра жырлады.

Кешегі Бейнеу бірқатар ақын-жазушыларымыздың шығармаларына арқау болып, бүгінгі Бейнеу – жырдың бесігінде тербеледі.

Туған жер топырағыңда туып өскем

Сахарам – қыпшақ, қалмақ, түрік көшкен.

Сен бүгін ырыс, бақыт қоймасысың,

Кіндігін еңбекқор сом білек кескен.

Жолың түсіп жай іспен, қаншама алыс десең де.

Бейнеуге келіп шәй ішсең, әмудария – кесеңде.

7

Ескеріп есеп бергендей, іздесең Бейнеу өлшемін.

Сезінесің көргендей – Астананың бөлшегін.

Бейнеу бүгін – ашылған, ақбоз үйдің түндігі

Үлесін алған ғасырдан, Маңғыстаудың кіндігі.

Абзал досқа ұсынған, Бейнеу – қолы түбектің,

Қияға құсын ұшырған, махаббаты жүректің

Бізді қызықтырған тағы бір сала – аудан бюджетіне табыс әкелетін негізгі кіріс көзі – өндіріс пен орта және шағын кәсіпкерлік жайы болды. Өткен жылы аудан бойынша 262 мың тонна мұнай мен 1,2 млрд текше метр газ өндіріліпті. Бұл облыстағы мұнайдың 2%-ын, газдың 50%-ын құрады. Негізгі капи­талға салынған инвестиция 17,4 млрд теңгеге, өнеркәсіп өнімінің көлемі 13,1 млрд теңгеге жеткен. Қар­жылық проблемаларға байланысты құрылысы тоқтап қалған «Боранқұл газ айыру зауытына» қатыс­ты мәселелер өткен жылы 21 шілдеде Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің ауданда болған іссапары кезінде жан-жақты талқыланып, шешу жолдары қарастырылған болатын. Аудандағы еңбекке жарамды халықтың төрттен бірі кәсіпкерлік нысандарда еңбек етеді екен. Әзірге кәсіпкерлік нысандар өндірген өнім 2,8 млрд теңгеге жетіп, барлық өндірілген өнім мен қызметтің 65%-ын, төленген салық көлемі 966 млн теңгеге жетіп, аудан бюджетінің 52%-ын құрап отыр. Аудандағы ерек­ше табиғи байлықтың бірі – ұлу­тас карьер­лері. Бүгінде карьерлер саны 29-ға жеткен. Бұл тастарды алыс-жақын облыстардағы әрі Ресейдегі халықтар түрлі ғимараттар мен құрылыс нысандарын салу үшін пайдаға асыруда. Тағы бір айтары – ұлутас карьерлері тек Маңғыстау өңірінде өндірілетін табиғи тастар.
Аудандағы кәсіпкерлер «Микро­кредиттік ұйымы», «Маңғыс­тауа­гросервис», «Ауыл шаруа­шылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қомақты несие алып, техникаларын сайлап, жұмыстарын жасауда. Ал, 15 отбасы «Арай» бағдарламасы бойынша ресейлік «ЛукОйл» компа­ниясының 6,9 млн теңге көле­мін­дегі қайтарымсыз грантына ие болған. Кәсіпкерлікті несиелендіру нәти­жесінде жыл ішінде 165 жаңа жұмыс орны ашылып, «Даму» қоры арқылы 72 тұрғынға арнайы сертификат берілді. Мұнда елге елеу­лі азаматтар да жоқ емес. Жыл сайын өткізіліп жүрген «Маңғыстау облысының үздік кәсіпкері» конкур­сында ауыл кәсіпкерлері биіктен көрініп жүрсе, өткен жылы «Қолөнер саласындағы үздік кәсіпкер» номинациясы бойынша зергер Өтепқали Өміров жеңімпаз атанды. Оның зергерлік жұмыстары қалың көпшілікті тәнті етіп келеді. Сондай-ақ, ауданда «Бейнеу сүт зауыты», «Бейнеу сервистік дайындау орталығы» бар. Тәулігіне 5 тонна сүт өнімдерін шығаратын «Бейнеу сүт зауытына» коммуналдық меншіктен ғимарат беріліп, қажетті инженерлік желілер тартылыпты. Аудан тұрғындарының сүт өнімдеріне деген сұранысының 76%-ын қанағаттандыратын бұл зауыт жақын уақытта іске қосылып, өнім шығаруға кіріскелі тұр. «Бейнеу сервистік дайындау орталығында» тәуліктік қуаттылығы 2 тонна ет дайындайтын мал сою пункті іске қосылып, өнімін сататын дүкені жұмыс істеуде. Мал сою бөлімі іске қосылғаннан бері 26,6 тонна ет және ет өнімдері дайындалыпты.

8

Аудан халқының жартысын етпен қамти алатын бұл кәсіпорында қазір 24 адам жұмыс істейді.
Қазақстанды индустрияландыру картасына енгізілген, жылына 5 млрд текше метр газ тасымалданатын ұзындығы 1475 шақырымдық, жалпы құны 500 млрд теңге болатын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырын салу үшін 1 млрд доллар көлемінде жар­ғы­лық қор құрылды. Жобаны жүзеге асыруға Қазақстан жағынан «Қаз­трансгаз» акционерлік қоғамы, ал, Қытай жағынан «Транс Эйжа Гэз Пайплайн» компаниясы қатысады. Жарғылық қордың қазақстандық бөлігі республикалық бюджеттен қаржыландырылып, құрылыс екі кезеңде жүзеге асырылмақ. 2012 жылы аяқталатын бірінші кезеңде 1164 шақырымдық «Бозой-Шымкент» учаскесі мен «Бозой ком­прес­сорлық стансасы» салынады. Бұдан соң «Бейнеу-Бозой» учаскесі мен «Қараөзек компрессорлық стансасы» іске қосылып, газ құбыры 2015 жылы толықтай пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарына 3,5 мыңға жуық маман тартылып, құбыр пайдалануға берілген соң 500тұрақты жұмыс орны пайда болады.
Еліміздегі ірі әрі болашағы бар жобалардың бірі саналатын құны 2,3 млрд доллар болатын ұзындығы 988 шақырым «Бейнеу-Жезқазған» теміржол желісінің техникалық эконо­микалық негіздемесі дайын. «Бей­неу-Шалқар» аралығында ұзын­дығы 471 шақырым, құны 153,5 млрд теңгені құрайтын теміржол желісі мен ұзын­дығы 501 шақырым, құны 93,7 млрд теңгені құрайтын авто­мобиль жолын салу жуық арада басталады деп күтілуде.
Ауданда 1995 жылға дейін қаракөл қойы мен түйе шаруашылығымен айналыса-тын 4 кеңшар және орман шаруашылығы болды. Аудан шаруашылығына жарамды жердің аумағы 3318,3 мың гектар, оның ішінде 0,2 мың гектары егістік, 286 мың гектары шабындық, қалғаны жайылымдық жерлер. 2007 жыл басында ауданда 4 мың басқа жуық ірі қара, 126 мың қой мен ешкі, 5,7 мың бас жылқы, 11 мың бас түйе малы болды. Бұрынғы кеңшарлар негізінде Бейнеу ауданында 3 шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы және түйе өсірумен айналысады.

Облыстың басқа аудандары сияқты Бейнеу ауданында да мұнай-газ өндірісі дамыған. Бұрынғы кен орындарына қосымша Шағырлы-Шөмішті жерлерінен кен іздестірілу жалғастырылуда. Ауданда газ құбырын тарту, Боранқұл газ айыру зауыты құрылысының жұмысы басталды. Қазір бұл салада «Қазақтүрікменмұнай», «Каспий Газ Корпорациясы», «АСКОМ» тобына енетін «Қазполмұнай», «Толқынмұнай», «КАСК» компаниялары жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарында 3 мыңнан астам мұнайшы жұмыс істейді. Аудан өндірісіндегі 27 ұлутас өндіру карьерлерінде 700-ден астам жұмысшылар бар.

Жыл сайын аудандағы кәсіпкерлік нышандар дамып, олардың саны 1736-ға (2007)жетті. Аудан елді мекендерін ауыз сумен қамту жер асты және тұщы су көздерімен қамтамасыз етілген. Халықты сумен қамтамасыз ету мәселесімен «Бейнеусусервис» кәсіпорны айналысады. Сонымен қатар газ және электр


9

энергиясымен қамту толығымен шешілген. Барлық елді мекендерде табиғи газ және электр энергиясы жүргізілген.

Әлеуметтік қорғау саласында шет елдерден құрамында 1219 адамы бар 218 отбасы көшіп келді. Олардың басым бөлігіне жер бөлінді. Олар қоныс тепкен «Тәжен» ауылында газ және электр энергиясы жүргізілген. Қазір пошта жұмыс істейді. Ауданның мәдениеті мен спорт салалары да даму үстінде. Ауылдарда мешіттер саны көбеюде. Жастар ісін үйлестіру орталығы жанынан «Жас шаңырақ», «Жас қаламгер» клубтары құрылды, аудандық кітапхана жанынан шет тілдері бөлімі ашылды.

Көлік және байланыс саласында мұнай-газ өнімдерімен қоса газды тасымал-дауды «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз» ұлттық компанияларының құрылымдық басқармалары жүзеге асырады. 2007 жылы «Тотал» мен «ҚазТрансОйл» компаниялары жылына 56 миллион тонна мұнай айдайтын, ұзындығы760 км болатын Ескене-Құрық мұнай құбырының құрылысын бастады. Ауданда «Қазақстан темір жол» ұлттық компаниясының құрылымдық бөлімшелері жұмыс істейді. 2005 жылы ұзындығы 26 км болатын Ақжігіт-Тәжен автомобиль жолы жаңартылып, 2006 жылы ұзындығы 122,6 км болатын Боранқұл-Бейнеу тас жолын қайта салды. Аудан елді мекендері ғарыштық байланыс жүйесіне толықтай қосылған. Бейнеу ауданында Халықтық банкі, Хоум банкі, КазКом банкі бөлімшелері ашылып, жұмыс істеуде.

Бейнеу астық терминалында өндірілетін ұнға сұраныс артты. Өндіріс ошағы Маңғыстау мен Атырау өңірлерін толық қамтып отыр. Сапалы өнімді енді, шет мемлекеттер алдырта бастады. Ұнымыз Өзбекстан және Иранға тасымалданады. Тағы бірнеше елмен келіссөз жүргізілуде. Астық терминалының қызметі жайында келесі бейнематериалда.
Астық терминалында айына 260-270 тонна ұн, 1200 тонна кебек өндіріледі. Астық Солтүстік Қазақстан облысынан жеткізіліп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда ұн өндірісі 50 пайызға артқан. Ал, кебек 32 пайыз көп шығарылып жатыр. Отандық өнімнің бағасы әлдеқайда арзан. Жоғарғы сұрыпты  ұнның 50 келісі 4300 теңге. Ал, кебектің 25 келісі 500 теңге тұрады.

Аудан мақтанышы болып, экономика жағдайын жақсартып отырған «Бейнеу астық терминалы» осы аймақтан салынды. Астық терминалы жұмысқа орналастыру, ұн өнімдерін тұрақты ұстау, малды жеммен толық қамту секілді негізгі 3 мәселені шешуі керек. Аудан қажеттілігінің ұнмен 2,5, жеммен 5 пайызын өтейтін, сыйымдылығы 100 мың тонна бидай сақтайтын элеваторы және қуаттылығы 90 мың тонна ұн мен 30 мың тонна жем шығаратын цехы бар «Бейнеу астық терминалы» құрылысының бірінші кезеңі аяқ­­талды. Терминал өткен жылы іске қосылып, 137 тұрғын жұмыспен қам­­тылды. Өткен жылы терминал 1100 тонна І-сортты ұн мен 350 тонна жем өндірді. Терминал іске қосыл­ғаннан бері аудан аймағында ұнның бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік туды.
Аудандық әкімдіктің «Бейнеу бизнес орталығы» серіктестігі арқылы халыққа ұн сату ұйымдастырылып, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап

10

зейнеткерлер мен бюджеттік сала қызметкерлеріне, дәрігерлер мен мұғалімдерге астық терминалынан шыққан жемді қолдағы мал басына шақтап арзандатылған баға­мен сату қолға алынды. Шаруа қожа­лықтары да меншігіндегі ма­лына қарай өз үлестерін алуда. Биылғы жылы терминалдың спорт залы мен жұмысшыларға арналған дема­лыс ғимараты, қоймасымен қоса өнімді қаптау цехының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.
Айбек Дошаев -  "Бейнеу астық терминалы" ЖШС директорының орынбасары
Шет мемлекеттермен қазір Өзбекстан, Иранмен жұмыс жолға қойылды. Ауғанстан, Қырғызстан тб келіссөздер жүргізіліп жатыр. Былтыр Өзбекстанға 576 тонна 1-сортты ұн экспортталды. Биыл 2-3 айда Иран, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстанмен жұмыс жүріп жатыр. жалпы сұраныс артып келеді
Зауыт толық автоматтандырылған. Заманауи қондырғыларды жұмысшылар меңгеріп алыпты. Мұндағы 182 маманның 90 пайызы Бейнеу ауданының тұрғыны. Тек 10 пайызы еліміздің өзге өңірлерінен келген жұмысшылар. 
Оразбек Құлманов - "Бейнеу астық терминалы" ЖШС бас технологы
сменіміз жақсы. зауыт жүріп тұр. Айлығымызды уақытында аламыз.тәулігіне 100-1200 тонна ұн шығарамыз. 100 пайыздың 75 пайызы ұн, қалғаны кебек. складқа мың тонна астық сияды. Осы жерде қаптап, вонондарға тиеп, әр мемлекетке жіберіледі.  
Астық терминалына Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан да сұраныс түскен. Бұған қоса, қазір бірнеше шет елмен келіссөз жүріп жатыр. Сондықтан кәсіпорын басшылығы экспортты арттыруға күш салып, өнім көлемін тәулігіне 370-380 тонна жеткізуді жоспарлайды..






11

Білім беру саласына тоқтал­сақ. Аудандағы 23 мектепте 12728 бала білім алуда. Оның ішінде, мектеп бітіріп отырған биылғы түлектер саны 729, қатарластарынан озып шық­қан 11 бала «Алтын белгіден» үміт­кер. Өткен жылы 412 оқушы Ұлттық бірыңғай тест сынағын тапсырып, облыстағы мемлекеттік грант иеленгендердің төрттен бірі осы ауданнан шыққан. Аудан бойынша орта мектеп түлектерінің 41%-ы грант иеленіп, бұл көрсеткіш облыста 22%-ға, республикада 32%-ға жеткен. Мектеп бітірушілердің орташа балы өткен жылы 95,03 балды құраса, білім басшылары биыл да бұл көрсеткішке ие боламыз деп сеніп отыр. Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша аудан үш жыл қатарынан облыста бірінші, республикада алдың­­ғылардың қатарынан орын алған. Білім ошақтарының маңдайалды мақ­танышы – Бейнеу лицейі респуб­ликадағы таңдаулы 10 мектеп­тің қатарында, өткен жылы облыстағы «Ең үздік мектеп – 2010» байқауының жеңімпазы атанды.
«Соңғы үш жыл қатарынан білім сапасының жоғарылауының арқа­сында бүгінгі күні ауданымыз­дан түлеп ұшқан шәкірттеріміз шетелдерде, еліміздің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуда. Әділ­дігін айтар болсақ, біздің өңір­дің балалары үшін аталған оқу орындарының бұрын-соңды осын­шалықты қолжетімді болған кезі жоқ. Бұл біздің тәуелсіздік жылдарында тындырған ең басты шаруамыз», – деген аудандық білім бөлімінің басшысы О.Наурызбаев мақтанышын жасырмады. Облыс орталығынан қашықта жатса да, мұндағы оқушылар түрлі пәндік олим­пиадалардан, рес­пуб­ликалық, халық­аралық ғылыми жоба жарыстарына үзбей қатысып келеді. Есесіне, жоғары жетістікке жетіп, ауданның абыройын асқақтатып жүр.

Сондай – ақ 2016 – 2017 оқу жылына орай білім күні Бейнеу ауданында  900 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл аудандағы Ұлттық қор есебінен салынған алғашқы білім ордасы. Оның салтанатты ашылу рәсіміне аймақ басшысы Алик Айдарбаев арнайы барып, ауыл халқының қуанышымен бөлісті. Су жаңа мектепте оқушылар сапалы білім алып, ұстаздардың мерейі өсіруге ықпал етпекші.
Жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Бұл мектеп  ғимаратындағы бірінші қоңырау үні. Енді жиі соғылатын болады. Жаңа білім ордасында бүгіннен бастап мыңға жуық оқушы білім алатын болады. Енді ауыл балалары  кең әрі жарық 3 қабатты зәулім мектепте оқиды. Заман талабына сай мультимедиялық, лингафонды және бірнеше заманауи үлгідегі кабинеттері бар. Көптен күткен қуанышты бөлісуге аймақ басшысының өзі келіп,  мектептің есігін айқара ашып берді.

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі
Мектеп құрылысына мемлекет қазынасынан 1 млрдтан аса қаржы жұмсалған. 3 қабатты ғимараттың маңайы абаттандырылып, сыртқы спорт алаңы салыныпты. Мұнда оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға бар мүмкіндік жасалған. Кітапхана, спорт және акт залдары бар. Оқушылар үшін асхана да іске қосылмақшы. Мұнда қызмет ететін 87 мұғалім бар. Олардың қуанышында шек жоқ.

Батырбек Демократұлы - Бейнеу орта мектебінің директоры 
Мереке күні Бейнеу ауылындағы 200 орындық санаторлық бөбекжай да қайта қолданысқа берілді.  Мектепке дейінгі мекеме ғимаратын жөндекге қазынадан 11 млн.теңге бөлініпті. Бұл жерде тәлім-тәрбие алып қана  қоймай,  балалардың денсаулықтары да бақылауда болады.
Дариға Көпбаева - аудан тұрғыны
Өткен оқу жылы Бейнеуде 2 балабақша пайдалануға берілген. Ал, үш ауысымды білім беруді жою мақсатында 2 мектепте құрылыс жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, 175 қосымша орын қосылған. Бұл Бейнеудегі әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған кешенді жоспары аясында іске асырылып жатқан игі істердің бірі












12






















13


Қорытынды


Міне , менің аулым – нұр мекенім,

Әлдилеп, бесгімді тербеткенің

Сезбеппін – ау сезімнің менде екенін,

Білмеппін – ау , бақыттың сенде екенін.

Би билеуді үйреткен тал – тірегің,

Бір өзіңмен сезіндім – дерегін,

Жер бетінің жұмағы сен екенсің,

Сенен артық мекенім бар ма менің!

Ауданнын, ауылымның бұл тарихи шежіресі «Шелегім мен Есігім жер ұйығым бесігім» дей келе егеменді ел болғалы еңсемізді ерекше көтерілді, ана тіліміз, салт-дәстүріміз қайта жаңғырды , атамекен атаулары байырғы атауларына қайта ие болып өшкеніміз де , өлгеніміз де қайта тірілуде. Ел жаңарды, жер жасарды, дәуір өзгерді. Еліміз ойлап , жылдап емес күндер көркеюде. Өркениетті , өрісі кең ел қатарына теңелеміз деген қарышты қадам, дүркіреген дәулет, бақ қонған ынтымақ көрші елдерге таңданарлық таңсыққа айналуда. Оған біз тауба деудеміз. 2030 жылға жеткізсін. Оны ұзағынан сүйсіндірсін, ол ең қомақты тарих , нағыз шежіре. Соның ішінде мақтауға да, тұрарлық ауданымыз жылдан жылға жақындап , экономикасы өсіп , халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып , жан сүйсіндіруде... «Бұл тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы бергі тарихи жолын ой елегіне өткізіп, кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертен кім боламыз демек. Бұл әрбір азамат туған елімнің , туған халқымның тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарихы қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз» Н.Ә.Назарбаев








14 Пайдаланылған әдебиеттер


1.Энциклопедия «Бейнеу»


2. Бейнеу мұрағаты


3. ғаламтор желісі: //kkwikipidia.org/wiki/











































15

Қосымша






































































































-75%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Научная практика (49.16 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели