Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  2 класс  /  Мысалдар. Ана тілі 2 сынып

Мысалдар. Ана тілі 2 сынып

М?тінмен толы? таныса отырып,м?нерлеп о?у?а ?алыптасады,?р кейіпкерге мінездеме береді.Мысалда-?мірде болып жат?ан о?и?аларды а?дармен,??стармен,жануарлармен салыстырып айту?а болатынды?ын айтып,т?сінеді, т?йіндейді,?з ойларын еркін жеткізеді.Болжау с?здер ?йреніп,ма?ынасын ажырата алады.

09.11.2016

Содержимое разработки

Сабақ

Сынып:

Күні: Қатысқан оқушы: 18

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар,оқулық,оқу бағдарламасы,әдістемелік құрал.

Әдебиеттік оқу

Тақырып:

Қазақстандық жазушы Максим Зверев. "Білгір қарға"/Мысал/

Жалпы мақсаты:

1.Оқушыларға мысал жайлы түсінік беру,бағыт-бағдар бере отырып,өздіктерінен жұмыс істеуге қалыптастыру. 2.Ой-өрістерін, іскерлік дағдыларын талдау,жинақтау,сөздік қорларын молайту, танымдық қабілеттерін дамыту. 3.Құстарды қорғауға,оларды ажырата білуге ,сабырлы болуға,сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік тер:

Ресурстар,оқулық,интерактивті тақта,сюжетті суреттер, магнитті тақта,, А3қағазы.

Әдісі-тәсілдері:

тәсілі:топпен,жекелей жұмыс, диалог, сахналау,ойын,кестелер,сызбалар,қосымша материалдар,эссе жазғызу.

Әдісі: Ынталандыру, "Жүректен жүрекке", СТО, АКТ, әңіме,диалог,оқу ережелері,ойын, бағалау критерилері /Бағдаршам көздері арқылы/, "Т"кестесі, Кластер әдісі .

Оқыту нәтижелері:

Тақырыпқа –теориялық талдау жасау,шығармашлық жұмыстар атқару,мәтінді сахналауды үйренеді. Өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізіп,сөздіктерге анықтама бере білу арқылы оз ойларын еркін жеткізп,сипаттама,талдау жасай біледі.

Түйінді идеялар:

Мәтінмен толық таныса отырып,мәнерлеп оқуға қалыптасады,әр кейіпкерге мінездеме береді.Мысалда-өмірде болып жатқан оқиғаларды аңдармен,құстармен,жануарлармен салыстырып айтуға болатындығын айтып,түсінеді, түйіндейді,өз ойларын еркін жеткізеді.Болжау сөздер үйреніп,мағынасын ажырата алады.

Дереккөздер:

Оқулықпен жұмыс, қайталауға арналған тапсырмалар,қосымша тапсырмалар,қосымша мәліметтер,парақтар,кестелер,сызбалар.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Жылулық шеңбері: «Жүректен жүрекке» ұстаз өзі бірінші тілек білдіреді.


Сергіту сәті.


Топтарға бөлу:


Әр топ көшбасшы сайлап алады.

Топтағы оқушылар интерактивті тақтаның көмегімен көңілді «Ғажайып табиғат» слайд көреді.Одан кейін алақандары арқылы жылулықтарын жеткізіп сабақтарына сәттілік тілейді.

1 топ:"Қарлығаш"

2 топ:"Бүркіт"

3 то: "Көгершін"

Үй тапсырмасы

"Лессон Стадий"әдісімен сабақты зерттеу тапсырмалары.Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап,білім ,білік дағдыларын анықтап кері байланысқа шығады




Жеке, топпен жұмыс.

Жан – жақты білімдерін тексеру: БЖӘ

1.Топ бойынша өткен сабақты еске түсіру мақсатында "Бұғы ана туралы аңыз"хикаясының мазмұны с көздерін жеткізу.

Не үйреніп, не түсінгендері жайлы ойларын қорытындылау.

Әр топ 5минут беріледі,2 минут қорғайды(жекелей,топпен,жұппен жұмыс)


Жаңа тақырып







Оқулықпен жұмыс


Жаңа тақырыптың мақсатын анықтау

Қызығушылығын ояту

Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстырады,айырмашылығына тоқталады,жаңа сабақ жоспарына тоқталады.

Әр топқа жаңа тақырып бойынша тапсырмалар үлестіріледі

Мағынаны ажыратады.

Исерт әдісімен әр топ іштей оқып,түсінгендерін талқылайды.


Мақсат қойғанда оқушылар өз ойларын айтады.Мұғалім барлығын қосып, ортақ мақсат жасайды.(жекелей оқушылар)

Оқушылар оқулықпен жұмыс өз түсініктері бойынша (7мин)А3 қағазына "Т"кестесін жасап қорғайды . Қоян мен қарғаның әрекетіне. Әр топқа 10 минут беріледі,2 минут қорғайды (жекелей,топпен,жұппен жұмыс)

Мәтіннің мазмұны бойынша талдау,тізбекпен оқу, рөлдерге бөліп оқу, мазмұндау. Әр топқа белгілі бір жерден бастап,кезекпен оқыту,ат қойғызу.Түсініктері бойынша "Ойлан тап"әдісін жасау.


Ой толғаныс АКТ-ны қолдану.

Оқшылар топпен сұрақтарға жауап дайындап,өз ойларын жеке жеткізеді.Кері байланыс жүзеге асады. Диалог құру.

1.Сұр қоян қара қарғадан нені білгісі келді?

2.Қара қарға жаңбыр жауатынын қайдан білді?

3.Қоян көжектеріне қандай ақыл айтты?

4.Қара қарға биылғы жаздың жаңбырлы болатынын ққайдан білді?

5.Дауыл болатынын ше ?

6.Ол қоянға қандай кеңес берді?


Әр топқа әр түрлі стратегия беремін,ресурс тарату:

Оқушының когнитивтк өзін-өзі реттеу,есте сақтау,ойлау,сенім т.б нәтижелі іске асады.

Оқушылар алған білімдері арқылы бір-бірін тексереді. «Мені түсін» стратегиясы арқылы оқушылар өздері тақырыпқа байланысты кейіпкерлерді суреттейді. Әр топқа әр түрлі беремін.










Ғылыми орталық

"Ғажайып алаң"ойыны.













Үйге тапсырма

«Ойлан тап»стратегиясын қолданамын,рөлдік ойын ұйымдастыру.Топқа берілген тапсырмалар бойынша ,рөлдерді де сомдайды. Диалогтік оқу құрылымын қолданып,

пайдалану.

Дарынды,талантты оқушылар анықталады.

Шығармашылық жұмыс.

Әнші құстардың әсем дауыстарын бейне таспадан тыңдату.


Оқушылар таблоны түрту арқылы берілген сұрақтарды ашып,жауап береді.








Шығармашылық жұмыс:Өз *еріктерімен қоянға немесе қарғаға өлең шығарып келу.

*Тыйым сөздер жазу,оқулықпен жұмыс.

Мәтінді сахналау:

1топқа:Автор негізгі белгілерді оқып,дайындау.

2топқа:Қарғаны бейнелейді,

жауаптарын тауып, оқиды.

3топқа:Қоянды суреттейді, іс қимылдарын көрсетеді.

* Қоянға, қарғаға мінездеме беру. Кластер өдісін қолдану.

*Тыйым сөздерді тауып,оқу,

мағынасына тоқталу.

*-Ауа-райын жан-жануарларғадың әрекетіне қарап болжауға бола ма?

-Өмірде осындай адамдар бар ма?салыстыруға бола ма?

-Саған қай кейіпкер ұнады?

-Қай кейіпкерге ұқсағың келеді?

-Өзің қандай болжамдар білесің?

Кестені толтырады:

Білемін

v


Жаңа ақпарат

+

Білгім келеді ?


Қосымша оқулықтар,журналдар пайдалану.


Қорытынды

Жетістікке жеткендіктерін "Бағдаршам сигналдары"арқылы критерийлермен көрсету:

"жасыл сигнал"-Мен жақсы орындадым.

"сары"-мен жартылай орындадым.

"қызыл"-маған көмек керек.


1 топ:Жақсы тілек жазады.

2 топ:Ұнаған кейіпкерлерінің суретін салады.

3 топ:Сабақ несімен ұнады/эссе/жазады.

Бағалау

Әр топ көшбасбасшылары мен пән мұғалімдері ортақ балдарын шығарып бағалайды.)Топ басшыларын тыңдайды.











-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мысалдар. Ана тілі 2 сынып (29.62 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт