Абдраимова Гульназа Зикриллаевна
ОҚО, Сайрам ауданы, №28 «Ақбай» жалпы орта мектебі,
Педагог-психолог
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бағдарламаларының ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үшін көп еңбек, ұстазға, мектеп психологтарына жылы сезім мен кішіпейілділік қажет. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай емес. Оларға әсекр ету жолдары түрліше. Мұғалім ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу: бала нені ұнатады, нені ұнатпайды, кімді құрметтейді, немен айналысқанды ұнатады, т.б. сол сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені жалғастыруға көмегін тигізеді. Күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып, оның бір сәтке болса да сергіп, көңілі көтеріліп қалуына әсер етеді. Оқушының ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Оқушының тапсырмаларды орындау кезінде ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдерін үйрету керек. Тәсілдер төмендегіше:
Көрнекі-әрекеттік ойлау – заттық құралдық іс-әрекет, ол құрастыру іс-әрекетінен көрініс табады. Мысалы: түрлі конструкторлар қолдану;
Көрнекі-бейнелік ойлауға жоғарыда айтылған конструкторлармен жұмыс бейнелік үлгіде емес, сөздік нұсқада болуы тиіс. Мысалы: әр түрлі сюжеттік-рөлдік және режиссерлық ойындар;
Сөздік логикалық ойлауды алдымен Р.С.Немовтың әдістемесі бойынша анықтап алып, оны әрі қарай дамытуға арналған «Төртінші артық», «Әңгіменің жетіспейтін бөлігі», «Керісінше айту», «Жақсы мен жаман», т.б. сол сияқты көптеген жаттығуларды пайдалануға болады.
Осы мақалада қозғалып отырған тақырып әр бір педагог-психологты ойландырып, ізденіске жетелеп, мүмкіндігі шектеулі балалардың таным деңгейін дамытуға, қоршаған орта туралы түсінігін қалыптастыру жолдарын табуға міндеттейді.
Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар кездеседі. Психикалық дамуының тежелуі – бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сай келмеуі.
Бұл балалардың оқу үлгерімі ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, баланың оқу үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап байқала бастайды. Бірақ анық белгілері
2-3 сыныпта белгілі болады. Оқу процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері төмендегіше:
Сабақ процесіне жай қосылады; оқыған мәтінін түсінбейді; түсінгенін айтып бере алмайы; берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды,; оқу мен жазуы жай; есептер шығарған уақытта үлкен қателер жібереді; сыныптастарымен аз араласады; тез шаршағыш; өз ойын анық айта алмайды.
Психикалық дамуы тежелген балалар зейіннің ерекшеліктері оның тұрақсыздығынан, бір объектіге тұрақты көңіл бөле алмайтындығынан көрінеді. Танымдық белсенділігінің төмендігі айқындалған.