Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  7 класс  /  Мұхтар Әуезов "Көксерек" әңгімесі

Мұхтар Әуезов "Көксерек" әңгімесі

Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақтың жоспары. Қосымша сабағыңызға пайдалануға болатын дүниелер бар.

22.12.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік-жазушының табиғат пен адамдар тағдырын қатар суреттеген «Көксерек» әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс әрекеттеріне, автордың көзқарасын байланыстыру.ә) оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, аң мен адам арасындағы тартысын суреттеу арқылы тіршілік үшін күрестің мәнін ашқыза отырып, ізденімпаздыққа баулу, өз ойларын, пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру. б) қоршаған ортаны сүюге, табиғаттың әрбір перзентінің орыны ерекше екенін айтып, табиғат пен әрқашан қарым – қатынаста болатынын түсіндіру, адамгершілікке баулу, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Типі: қорытынды-қайталау сабағы

Түрі: талдау, қайталау сабағы

Сабақ әдістері: Сто стратегиялары, Топтау, зерттеу, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Көрнекілік: Ақын портреті, көрме, фишкалар, лот, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сабаққа ынтасын аудару. Оқушылар қолдарындағы қағаз қиындыларын біріктіру арқылы, суретті жинастырып топқа бөлінеді. Суретте Құрмаштың, Көксеректің, әжесінің, Қасеннің портреттері шығу керек.

II.Мақсат қою. Сабақтың мақсатын түсіндіру, бүгінгі сабақтың ерекшелігін айту. Тақтаға күн жадын, тақырыпты жазу.

Психологиялық ахуал.

Сендерге тілерім, достарым

Жаңа білім мен жақсылық

Жарқын болашақ

Көтеріңкі көңіл тілеймін.

III. Үй тапсырмасын сұрау. Қасқырларға байланысты мақал – мәтелдер жаттап келу және «Көксерек» фильміндегі актерлер туралы дерек жинау.

Үй тапсырмасын бекіту. Оқушылар семантикалық карта толтырады.

Атаулары

Қонжық

Мыршай

Алан

Бөлтірік

Аю





Түлкі





Қасқыр





Барыс






Әңгіменің авторы



Туған жылы



Әңгімесі



Адал досы



Дүние жүзіне танымал еңбегі





- Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысып, әр бөлімге тақырыпшалар қойған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда тақырыпты қорытындылау мақсатында тапсырмалар орындаймыз.

Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті топтарға иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.


1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.

2.Салыстыр. Дала Қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.

3.Зертте. Қасқыр туралы қандай шығарма білесіз?

4.Қолдан. Көксерек туралы ел не дейді?

5.Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?

6.Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?


Сергіту сәті. Әңгіменің кейіпкерлері Құрмаш пен Көксерекке байланысты мәтіндер беріледі. Қайсысы Құрмашқа, қайсысы Көксерекке арналғанын оқушылар қол шапалақтау мен орнынан тұру арқылы көрсетеді.

1.Түнде даланы жақсы көреді

2.Сол үшін кәрі әжесінің қойнынанда шығып кетті.

3.Ұры..Асырасаң да мал болмайды.

4.Қойшы ауырып қалып, әкесі бір күнге қойға жіберген еді

5.Бір де бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды.

6.Астына мінгені өзінің жүйрік боз дөнені болатын.

5 жолды өлең стратегиясы.

Көксерек сөз табында не? Зат е

Қандай? екі сын есім

Қайтеді? Үш естістік

Сөйлем

Мәндес сөз (синоним)


Қорытындылау. Енді сабағымыздың соңғы бөліміне келді. Жазушымен, оның шығармасымен таныстық, талдадық, баға бердік. Ал сонда бұдан қандай әсер алдық? Енді сол туралы алдарыңызда тұрған стикерге жазасыздар.

Тіршілік иесіміз бәріміз де,

Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де,

Сақтайықшы табиғат заңдылығын

Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!

Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!

Бағалау.

Топтағы оқушылар

Үй тапсырмасы

Семантикалық карта

Топтық жұмыс

Тапсырмалар


Баға

























Үйге тапсырма. «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті» шығарма жазу


-75%
Курсы повышения квалификации

Речевая подготовка детей к школе на современном этапе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мұхтар Әуезов "Көксерек" әңгімесі (21.12 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт