Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына хронологиялық кесте
Тургинбаева Айжан Мухановна
Жамбыл облысы, Шу ауданы,
Мойынқұм ауылы, Мойынқұм шағын
орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің оқытушысы
Жылдар | Өмір жолы | Шығармашылығы |
20 ғ. басы | Әдебиетке үлкен үлес қосқан қаламгер. |
|
1885ж 25 қараша | Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел атырабында дүниеге келген. |
|
әкесі Дулат | Ескіше оқыған, қолы шебер адам. |
|
ағасы Асқар | Мұсылманша, орысша оқыған заң қызметкері. |
|
2 жасында | Шешесінен айрылады. |
|
12 жасында | Әкеден жетім қалып, ағасы Асқардың тәрбиесінде болады. |
|
1897 ж | 2 сыныптық орыс-қазақ училищесінде Торғайда оқып, ауыл мұғалімі деген мамандық алады. | Орыс жазушыларымен танысып, ақындыққа бет бұрады. |
1902 ж | Бастап мұғалім болады. |
|
1904 ж | Омбыдағы қазақ оқығандарының бас қосуына қатысады. |
|
1905 ж | Ахметпен бірге Қарқаралыға келеді. Орал қаласында бес облыс өкілдерінің съезіне қатысады. |
|
1906 ж | Петербургке барады. Қазақ зиялыларымен танысады. |
|
1907 ж 28-наурыз |
| «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі басылады. «Біздің мақсатымыз» мақаласы жарыққа шығады. |
1909 ж | «Оян, қазақ!» жинағы үшін тәркіленіп, қуғынға ұшырайды. Қызылжар қаласына кетуге мәжбүр болады. | Уфа қаласында «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы жарыққа шығады |
Қызылжарда | Қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді. Осы кезде одан М. Жұмабаев сабақ алады. |
|
1910 ж |
| «Бақытсыз Жамал» романы Қазан қаласында жарық көреді. |
| Түрмеден шыққаннан кейін Орынборға келеді. | «Қазақ» газетінің орынбасары қызметін атқарады. |
1911 ж | Жұмағали Тілеулиннің үйінен «Оян, қазақ!» жинағының мың данасы табылған. | «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы Орынборда екінші рет басылады. Патша әкімшілігі кітапты жою жөнінде шешім шығарады. |
1911ж | Семейге келеді. Полиция қолына түсіп, 1,5 жыл түрмеде отырады. | Міржақыптың қамалғанын жариялағаны үшін «Айқап», «Уақыт» газет-журналдары уақытша жабылады. |
1913 ж |
| «Азамат» жинағы жарыққа шығады. |
1915 ж |
| «Терме» өлеңдер жинағы жарыққа шығады. |
1920ж | Ташкентке келеді. | «Ақжол» газетінде жұмыс істейді. |
1921 ж | Семейде облыстық сотта жұмыс істейді. |
|
1922 ж | Қамауға алынып, Орынборға жөнелтіледі.
| Босатылғаннан кейін «Еңбекші қазақ» газетінде, «Қазақ» баспасында істейді. |
1928 ж. желтоқсан | Бірқатар қазақ зиялыларымен бірге қамауға алынады. |
|
1935 ж. 5 мамыр | Қайтыс болады. |
|
1993 ж | Ақталады. |
|