Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Уроки  /  10 класс  /  Металлы, соединения металлов в природе

Металлы, соединения металлов в природе

Разработка урока по химии "роль металлов и соединении металлов в жизнедеятельности живых организмов ". Разработка урока предназначена для учителей.

01.02.2017

Содержимое разработки

Утверждаю:

Дата:

Класс: 10

Сабақтың тақырыбы: «Металдар және оның қосылыстарының табиғаттағы

және тірі ағзалардағы ролі»

Сабақтың мақсаты : 1.Оқушылардың металдар тарауында алған білімдерінқорыту, бір жүйеге келтіру және білім деңгейін тексеру

2. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге баулу, ойлау жәнешығармашылық қабілеттерін дамыту,алған теориялықбілімдерін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету;жаңа компьтерлік технология әдістеріарқылы оқушылардың сабаққа белсенділіктерін арттыру.

3. Бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуғатәрбиелеу.

Сабақтың барысы :

Ой шақыру. «Химиялық эстафета»

«Жеті ғаламшар санына ұқсаған, әлемді жеті металл жасаған» Олар қандай металдар ?

(Күн-алтын,ай-күміс,юпитер-қалайы,марс-темір,меркурий-сынап,сатурн-қорғасын,шолпан-мыс.)

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Соңғы жылдары халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлінуде.Табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеулер жүргізілуде.Әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам организмінде бірден көбеюі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалып отыр,яғни элементтер көбейсе немесе азайса кері әсерін тигізуде.Бүгінгі сабағымыз металдардың негізгі ролі болып отыр.

Жаңа сабақ

«Металдар және оның қосылыстарының табиғаттағы және тірі ағзалардағы ролі»

Жоба қорғау «Металдар адам организмінде» Адам организмін қандай металдар бүлдіреді және емдейді?

Мырыш.Ол адам және жануарлар қорегіндегі басты эссенциальды микроэлемент болып табылады. Организмдегі құрамы. Адам ағзасында цинк мөлшері 2-3 г, оның 60 % сүйек бұлшық еттерінде кездеседі. Ер адамда 15 мг мырыш қалқанша безінде болады.

Тағам көзі: бауыр, какао, ет,құс, сыр, креветки, греция жаңғағы, балық,теңіз тағамдарында,күріш қауызында,бұршақта,пиязда,шпинатта

Тәуліктік қажеттілігі: 10-15 мг, жүктілерде -10-30 мг, емізетін аналарда-13-54 мг.

Алмасуы: мырыштың тағамнан сіңірілуі 50% құрамды, белоктық диета мырыштың сіңірілуін күшейтеді, ал фосфат немесе кальцийдің мөлшері керісінше төмендетеді, кальций фитин қышқылы кездескенде мырышты сіңірмейді, фитин қышқылы кальций және мырыш ионымен ерімейтін комплекс түзеді.

Мырыш адам терісінде,шашта,тырнақта,бұлшықетте,қан клекаларында жинақталып,олардың өсуіне қатысады.Инсулиннің құрамына кіреді және Е витаминінің сіңуіне қатысады. Мырыш сіңіу үшін А және В6 витамині керек.Адам ағзасына қажеттілігіне қарай темірден кейін екінші орынды алады.

Мырышталған ыдыстарда тамақ сақтауға болмайды,себебі улану жүреді.Кейбір дәрі-дәрмектерді көп ішкеннен де болуы мүмкін.

Белгілері: терінің бүлінуі,бойдың өспеуі,жыныстық жетілудің кешеуілдеуі.

МысАғзадағы мөлшері. Адам организміндегі орташа мөлшері 75-150мг, 50% шамасы бұлшық ет және сүйекте болады. Көп мөлшері бауыр, мида, жүрек және бүйректе болады. Витаминдердің,гормондардың,ферменттердің құрамында болады.

Тағамның құрамында кездеседі: бауыр, теңіз өнімдері, гречка, жаңғақ. Сүт өнімдерінде мыстың мөлшері өте төмен.

Тәуліктік мөлшері: 80 мкг/кг балалар үшін, 40 мкг/кг жасы үлкен балалар үшін, 30 мкг/кг ересектер үшін.

Алмасуы. Мыс ішектің жоғарғы бөлігінде, кейбір бөліктер асқазанда альфа амино қышқылдар және арнайы тасымалдаушы белоктардың қатысуымен сіңіріледі. Сульфидтің әсерінен мыстың сіңірілуі төмендейді, олармен ерімейтін тұз түзеді.

ҚорғасынАз зерттелген,бірақ улылығы жөнінен алғашқы орындарда.Негізінен сүйек ұлпасындағы зат алмасуға қатысады.Адам ағзасында 80-120 мг қорғасын бар.Тәуліктік улылық шегі:1 мг.Ол өте улы канцероген.Қорғасын гем және глобиннің синтезін бұзады.Нәруыз бен ферменттердің белсенділігін төмендетеді, бұзады.Қорғасынның өзі де қосылыстары да өте улы.Балалар өте тез уланады.

Ауру белгілері: іш ауру,тәбеттің нашарлауы,қан құрамының өзгеруі,анемия,бүйрек,ми ауруларын тудырады.Қатты уланған жағдайда бас қатты ауырып,айналып,тепе-теңдік жойылады,көз көруі,құлақ естуі нашарлайды.Қызылиегі қараяды.Паралич соғуы мүмкін.

Автомашиналардың түтінінде кездеседі, сол себепті жол жанындағы ауа құрамында көп болады.(аккумуляторда) Аздаған мөлшерде болса уланбайды.

СынапӨте улы,зиянды микроэлемент.Бүйректе,шашта,тырнақта,теріде жинақталады.Термометр ішдегі сынап төгілген кезде алғашқыда улы болмаса да көп жатып қалатын болса, буланып өз зиянын тигізеді.180С-та тез буланып,ауаға тарайды.2,5 г сынап буын жұтқан адам өліп кетуі мүмкін.Ондай ауамен тыныс алған адамның ішіне енген сынап басқа да ауыр металдар сияқты организмнен шығарылмайды, керісінше жинақталады.Бірақ улы сынаптың көп жиналуына бірнеше ай керек,сондықтан қарапайым ережелерді сақтаса болғаны.

Негізгі ауру белгілері:жүйке жүйесін,ми клеткаларына жиналып оның да жұмысы бұзады.Бауыр,бүйрек, ішек-қарын қызметтері бұзылады,бас ауырады.



Кестемен жұмыс жасай отырып,жауабын табады.

1996 жылы қазан айында «Ридерс дайджест» журналында «Көмек келді» мақаласы жарияланған.

Пекин университетінің химия факультетінде оқитын студент қызда бірден басы айналып, іші бүріп, алақаны мен табаны ысып,шашы түсе бастайды.Ата-анасы оны ауруханаға апарып көрсеткенімен біраздан соң ол комаға түсіп кетеді.Дәрігерлер оның жүйке жүйесінде ауытқу немесе мырыш пен қорғасыннан улану болған деп есептеп зерттеулер жүргізген.Бірақ еш нәтиже бермеген,яғни дәлелденбеген.Сонда студент қызға не болған?

Рим империясының көп жылдар құламай өзінің мықтылығын көрсеткендігі тарихта белгілі.Түрлі соғыстарда жеңіске жеткен империяның тез арада құлауына себеп болған улану екендігін токсиколог ғалымдар,археологтар дәлелдеген.Рим ақсүйектерінің орта жасы 25 жасты құраған.Римді құлатқан не ?

(Рим ақсүйектері қымбат қорғасын ыдыстарды қолданған және құрамында қорғасыны бар косметикалық бояулар пайдаланған.Ал кедейлері қорғасын құбырлардан аққан сулармен уланған.Археологтар қазба-қалдықтарды зерттегенде көп мөлшерде қорғасын кездескен.

Химия-лық элемент

Металдардың жетіспеушілігі (дефицит)

Металдардың көбейіп кетуі

Белгілері

Литий

Жүйке жүйесінің ауытқуы

Әлсіздік,ұйқышылдық,тәбеттің нашарлауы.Жүрек соғысы мен тыныс алудың бұзылуы.


Натрий

Клеткадағы қышқылды-сілтілі ортаны сақтайды.

Қанның қойылуы. Бүйрек,жүрек -қантамырлары қызметінің бұзылуы.Жалпы зат алмасудың бұзылуы.


Калий

Нәруыз,көмірсулардың алмасуы бұзылады.Бұлшықеттің қызметі нашарлайды.

Жүрек жұмысының ырғағын күшейтіп жібереді.Көмірсу,май,нәруыз алмасуы бұзылады.


Магний

Ас қорыту қызметінде өзгерістер болады.

Минералды зат алмасу бұзылады.жүрек қантамырларының жиырылуынан өлім болуы мүмкін.

Бұлшықеттің дірілдеуі.

Кальций

рахит ауруына шал-дығады, жүрек жұмысы әлсірейді, қанның сапасы кемиді.

Цистит ауруы пайда болады

Сүйектің өсуі баяулайды.

Мырыш

Қанның,бұлшықеттің,инсулиннің құрамына кіреді,нәруыз алмасуды бұзады.

Мутаген,онкоген

Терінің бүлінеді,бой өспейді,Жыныстық жетілу баяулайды.

Сынап


Жүйке жүйесінің қызметін бұзады.Ми клеткаларына жинақталып жұмысын бұзады.


Талий


Бүйректі,ішек-қарын жұмысын бұзып,шеткі (периферия) жүйке жүйесін бұзады.Шашта,сүйектк,бүйректе,бұлшықетте жинақталады,шаш түседі


Қорғасын


Анемия, бүйрек,ми аурулары туындайды

Есте сақтауы нашарлайды,,анемия,іш ауруы,анорексия, тез ренжігіш болады.

Мыс


«Вильсон ауруы»,бүйрек ауруына шалдығады.

Бауырдың қызметі бұзылады.Анемияға ұшырайды.

Өздік жұмыс

1-топ Ақ бидай үнынан пісірілген нанның бір тілімінде 0,8 мг темір бар.Осы элементтің тәуліктік нормасын қабылдау үшін қанша тілім нан жеу керек?

2-топ Бір стакан сүт құрамында 288 г кальций бар.Осыс элементтің тәуліктік нормасын қабылдау үшін бір күнде қанша сүт ішу керек?

3-топ Кальций мен фосфорды жылына қанша қабылдау қажет екенін есепте.Неліктен жасөспірімге көбірек, ал ересектерге аз қабылдау қажет?(Қайда жұмсалатынын ойлаңыз)

Адам организмінің химиялық элементтерді тәуліктік қабылдау нормасы

Химиялық элемент

Тәуліктік қабылдау нормасы

ересектер

балалар

К

2000-5500

530

Na

110-3300

260

Ca

800-1200

420

Mg

300-400

60

Zn

15

5

Fe

10-15

7

Mn

2-5

1.3

Cu

1.5-3

1

Mo

0.075-0.25

0.06

Cr

0.05-0.2

0.04

Co

0.2

0.01



Қорытынды.

Үйге тапсырма :















-80%
Курсы повышения квалификации

Применение ИКТ на уроках химии и биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Металлы, соединения металлов в природе (28.15 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт