«Екібастүз қаласы әкімдігінің білім бөлімімінің
Ақкөл жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Менің отбасым –
менің байлығым
(ата-аналарға арналған тренинг)
Өткізген: Г.К.Кабенова
психолог
Мақсаты: : Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Міндеттері: -ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру;
- ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару;
- жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, ақ парақ, түрлі түсті маркер, ата-аналарға арналған жаднама, музыкалық әуен.
Өтілу барысы:
1. Кіріспе сөз.(психолог) Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Отбасым-сыйластық , жарастық орнаған ортам.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншілігінен басталады.
Н.Ә.Назарбаев:
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен косшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздін мәнісі де осында.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - -деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең бірінші басты талап- тілектері - баланың «әдепті бала» болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: « Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
2.Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты:Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
«Танысу» тренингі – ата-аналар бір-біріне өз есімдерін, оның алдына бір сын есім қосып айтып танысулары керек. Мысалы: айдай сұлу Айсұлумын,
Психолог ата - аналарға арнап сұрақ қояды.
Сұрақ: - Сіз қаншалықты өз балаңызды толық қанды, жақсы білесіз?
Ата - аналардың жауаптары тыңдалады.
Психолог: Олай болса, біз балаларымызды қаншалықты жақсы білетінімізді іс жүзінде тексеріп көрейік.
3. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» жаттығуы.
Мақсаты: Ата - анамен баланың ортасындағы қарым - қатынасты анықтау.
1 Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?
2. Балаңыздың ең жақын досы...
3. Сүйікті пәні...
4. Сүйікті тағамы...
5. Жақсы көретін түсі...
6.Балаңыз мектепте қай кабинетте оқиды?
7.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8.Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?
Нұсқау: Берілген сұрақтарға ата - ана да, бала да бірдей жауап жазып отырады. Соңында жазылған жауаптарды өзара сәйкестендіру. Дұрыс сәйкес келген жауапқа бір ұпайдан беріліп отырады.
Қорытынды: Көп ұпай жинап алға шыққан ата - аналарды мадақтау. Ал, аз ұпай жинаған ата - аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.
4. Ата-анаға сауал: «Бала – біз үшін кім?»
Балаларға сауал: «Біз үшін қымбат – ата-ананың .........»
5. Талқылауға тапсырма: Тақтаға ватманға салынған пияздың суреті ілініп, аңыз оқылады.
«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы
Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды. Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті. Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер. Менің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.
Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.
Анам кіріп келіп:
- Неге жылап тұрсың? – деді.
- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім
- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.
Тапсырма: ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. ата –аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым – қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік.....т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады.
Сұрақ метафора: ата – аналарға: егер де отбасында осындай қарым –қатынас пен сезімдер болмаса бала қандай болып өсуі мүмкін?
Бұл жайында сіздердің ойларыңыз? ( ата-аналарға сұрақ)..........талқылау.........
Психолог: ал енді осы өскіншеге жапсырылған сөздерді алып тастасақ жуаның өзі ғана қалғандай, шын мәнінде, адам өмірге келгенде әке мен ана деген қасиетті сөздерді бойына сіңіреді. Құрғақшылық, қолайсыздық жағдайлары болғанда, біздің өсімдікті суарып үлгермейміз... Ол өледі.Ендеше, өсіріп отырған жас өскендерімізді мейіріммен, сезімталдықпен, кішіпейілділікпен суғарайық.
6. «Отбасылық құндылық ағашы» шығармашылық жұмыс.
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7 - 10 минут.
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата - ананың сөзі заң
11. Ата - ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық қарым - қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет
20. Көп бала
Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз.
4. «Қолынан танып біл!» жаттығуы
Көздері байлаулы аналары баласын тауып алуы керек.
Талдау:
1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
5. «Жалғасын тап» ойыны.
Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырамыз.
Талдау: өлең шумағын бір - бірден оқып талдайды.
6. Қорытынды: «Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!
Қолданылған әдебиеттер:
Семейное воспитание. Книга 1. (методическое пособие) Астана,2012
Мектептегі психология. 2013ж ,№ 1
Мектептегі психология. 2014ж ,№ 1
2014ж ,№ 7
2014ж ,№ 11
Ұлт өнегесі – ұрпақ тәрбиесі. (Ата-анаға арналған дидактикалық құрал, Семей,2007