Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  "Менің күн тәртібім"

"Менің күн тәртібім"

Тәрбиелік іс-шараның барысы:

Әдемі безендірілген сахнада туған күнге дайындық жүріп жатыр (Балжан айнаның алдында шашын тарап, Ерсұлтан сағатына қарап, туған күн иелерін тағатсыздана күтуде. Нұрғиса,Ринат, Нұрдос дастарханды ретке келтіріп әлек. Торт әкелу).

Тәрбиеші: Туған күн кімге де болса аса қымбат қуаныш күні. Бүгін бізде осындай қуанышты күн. Себебі жаз айларында бізде бірнеше бала бес жасқа толып, мектеп табалдырығына жақындап қалды.

Қандай жақсы туған күннің болғаны,

Әр жыл сайын бір жасқа адам толығады.

Көк төсінде жұлдызымыз жайнайды,

Көңіліміз көтеріңкі жайдары.

Әр жыл сайын есейесің бір саты,

Шығар енді өмір белес

22.06.2017

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Күн тәртібі.

Мақсат- міндеттері: Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту.  Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру.Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту. Ұйқы күн тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінің қалыптастыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Қодарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педагог өзі бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады.

«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, од өзіңе қайтып оралады» — деп педагог қорытынды жасайды.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

«Менің таңым» өлеңін мәнерлеп оқу.

Әңгімелесу.

-Таңертеңгелік жаттығу не үшін қажет?

-Омыртқаның қисаюы деген не?

-Омыртқа қисаймау үшін не істеу керек?

-Жалпақтабан дегеніміз не?

-Омыртқаны қисаюынан және жалпақтабандылықтан қандай жаттығу көмектеседі?

-Таңертең тұрған кезде не істейміз?

-Күндіз немен шұғылданамыз?

— Кешке  немен шұғылданамыз?

-Түнде не істейміз?

Дидактикалық ойын – «Жыл мезгілдері».

(Педогогикалық сырсандықты қара).

Табиғат өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтайды. Ол тәртіп «Жыл мезгілі» деп аталады.

Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан ол да өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтап, арнайы бір өмір салтына бейімделуі керек. Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады. Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі.

Балалар өздерінің көңіл күйлерін белгілейді.

-Күн тәртібін не үшін сақтау қажет?

Ұйқыға уақытында жатып, ерте ояну керек.

Тазалық ережелерін сақтау керек.

Уақытында тамақтану қажет.

Денсаулықта сақтау үшін күн тәртібін орындау қажет.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әңгімелесу.

Жұмбақ шешу.

Дүниеде не тәтті.       (Ұйқы)

Балалар өздерінің ұйқысы жайлы айтып, талқылайды.

Сен ұйықтап жатқанда кәдімгі оқиға сияқты түс көресің. Шын мәнінде мұндай оқиға өмірде болмайды. Кейде түс қызықты, ал кейде қорқынышты болуы мүмкін. Түстен қорқудың қажеті жоқ.

Күні бойы шаршаған адам денесі үшін ұйқы қолайлы жағдай туғызады. Оның ағзасы демалады. Түнде адам қозғалыста болады, яғни басын бұрады және қол-аяқтарын қозғалтады. Тіпті адам ұйықтап жатқаның өзінде денесі қозғалмауы мүмкін емес, жататын төсек орны аса жұмсақ та, қатты да болмауы керек. Қатты төсек бұлшықет пен сүйекке батады, сондықтан бұлшықет демалмайды, ал сүйектер ауырып қалады.

Күні бойы секіру, жүгіру, ойнау, сөйлесу, күлуден ағза шаршайды. Ал ұйықтағанда дене демалады, жаңа күш жинайды.

Адам бойын ұйқысыздық билесе, ол алаңғасыр, ұмытшақ болып, көңіл күйі нашарлап, басы ауырып, жұмысқа зауқы болмай, есте сақтау қабілеті төмендеп, тіпті кейде есінен танып та қалады. Ал егер өз уақытынан көп ұйықтаса да күні бойы көңілсіз, босаң күйде жүреді. Егер адам жақсы ұйықтаса, ұйқыдан тұрғанда көзі күлімдеп, көңіл күйі жоғарылап, өзін өте сергек сезінеді.

Кез келген адам үшін жас талғамайтын өмірлік қажеттілің. Жаңа туған нәресте тәулігіне 22 сағатқа дейін, ал ересек адам орта мөлшермен 8 сағатты ұйқымен өткізеді екен. Ересек адам балаларға қарағанда едәуір аз ұйықтайды. Ұйқы-күн тәртібінің құрамды бөлігі.

Педогог балалардың ұйықтар алдында жеке бастың тазалық ережелерін сақтау: жуыну, тісін тазалау, сонымен қатар ойыншықтары мен кітаптарын жинау керектігін айтып, әңгіме жүргізеді.

Аутотренинг:

Жай әуен ырғағы естіледі.

Мен денемді босаңсытамын…..және жайланамын…..

Мен қолдарымды ашыған қамырдай бос жіберемін….. жылы, жылы судың ағысындай….. қимылсыз.

Менің аяқтарым босаңсыған….жылы… қимылсыз….

Менің кеудем босаң….жылы…жылы…қимылсыз…

Менің мойным  босаң….жылы…жылы…қимылсыз…

Менің бетім  босаң….жылы…жылы…қимылсыз…

Жағдайым жақсы күйде….

Жеңіл және еркін дем аламын…..

Мен өзіме күш аламын, жақсылап бір дем аласын….

 

Әуен ырғағы тезірек ойналады.

Сергектік бойымды жақсартады….

Қол…аяқ…кеуде…мойнымнан әлсіреу сезімі кетеді…

Менің бұлшықеттерім тынықты…олар жеңіл, ауа шары сияқты…

Мен сергек жүріп, бәріне жайдары жүзбен қараймын…

Тыныс алуым жиілеп, тереңдейді…

Мен бетімнен самал ескендей сезінемін…

Мен өзіме сенімдімін…

Мойын…иық…арқамнан жағымды самал жел есті…

Мен салқын душ қабылдағандай болдым…

Терім «қаздың» терісіндей болып кеткенін сезіп тұрмын…

Денемнен «құмырсқалар жүгіріп өткендей».

Мен жақсы тынықтым!

Сергекпін және күштімін!

Көңіл күйім көтеріңкі!

Өзімді-өзім өте жақсы сезінемін!

 

«Ұйқы перизаты» дидактикалық ойыны. (Педагогикалық сырсандықты қара).

Дәрігер Салауаттың ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңестері:

Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алуды ұмытпаңыз.

Балаңыздың ұйқы алдында тісін тазалап, душ қабылдауын қадағалаңыз.

Ұйқы алдында таза ауада серуендеу өте пайдалы.

Жатар алдында теледидар көргеннен гөрі балаға ертегі оқып берген эөн.

Бала тез ұйықтау үшін, бал қосылған бір кесе жылы сүт ішкені пайдалы.

Баланың төсек орны аса жұмсақ та, аса қатты да болмаы тиіс.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптердегі суреттерге қарап, күн тәртібі туралы әңгіме құрастыру.

«Күн және түн» қимылды ойыны.

Педогог «Күн» белгісін бергенде, балалар күлді, жүгіреді, секіреді, т.б. Ал «Түн» белгісін бергенде, қозғалыстарын тыйып, бәрі «ұйықтайды».

 

Қорытынды

Ұйқы – адам өміріне аса қажет, ұйқысыз өмір сүру мүмкін емес.

Барлық балалар мен үлкендер күн тәртібін сақтағандары жөн.

Адам – табиғаттың бір бөлігі, ол табиғатты сүюге, қорғауға, қамқорлық жасай білуге міндетті.

Балалар шеңбер құрып, бір-біріне күлімсіреп қарап, жақсылық, денсаулық тілейді.


 

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар күн тәртібінің пайдасы  жайлы білуі керек

  • Оқулықтағы жаттығуларды орындауы керек



-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Педагог дополнительного образования

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Менің күн тәртібім" (21.11 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели