Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер

Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру. Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру.Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Өз Отанына,туған жеріне,өз елінің тарихына деген сүйіспеншіліктерін,қызығушылықтарын арттыру.

19.09.2017

Содержимое разработки


Күні:10.10.16ж

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер.

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру. Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру.Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Өз Отанына ,туған жеріне ,өз елінің тарихына деген сүйіспеншіліктерін ,қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер .

Сөздік жұмыс: Мемлекеттік рәміздер,герб,әнұран,ту.



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивизациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Сәлем саған Жер-ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілікті қалайық.



Өлең жолдарын айтады.

Амандасады.

Ұйымдастыру -ізденушілік

1. Қазақстанның рәміздері туралы әңгіме жүргізу:

ҚР Мемлекеттік Туының көгілдір түсі ашық бейбіт аспанды және халықтардың бірлігін бейнелейді.

Ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілікпен байлықты бейнелесе ,ал аспанда қалықтаған қыран құс

ерлікті бейнелейді.


ҚР Мемлекеттік Гербінде көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген . Шаңырақтан жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан .


Шаңырақ пен уықтар республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді.

Әр мемлекеттің әнұраны болады , ол салтанатты жағдайларда орындалады.








Балалар суреттен рәміздерді көрсетеді.









 

 


2. Отан туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

3. С.Қалиұлы. «Елтаңбасы елімнің»

Елтаңбасы елімнің ,

Неткен әйбат ,әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада –аспан әлемі.

Құт,береке –шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген .

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім –өз қолымда,

Еркіндігім- елтаңбам.

Сергіту сәті:

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.














Өлеңді оқып беру.



Елордамыз –Астана қаласы жайлы әңгімелеу.

ҚР елордасы қай қала?

Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, қонақ үйлер, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар.


Әңгімелеу

Астана


 Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы елбасының аты-жөнін ата?

Әнұран қандай жағдайларда орындалады?

Мемлекеттік гербті кайдан қөруге болады?

Біздің еліміздің туының түсі қандай?


 

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: ҚР рәміздерін білу.

Біледі: Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Игереді: ҚР мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасын түсіну.

Меңгереді: Рәміздер туралы өлең,мақал-мәтелдерді жатқа айту.

-75%
Курсы повышения квалификации

Формирование положительной Я-концепции учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мемлекеттік рәміздер (24.24 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт