Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Уроки  /  8 класс  /  Механикалық тербелістер. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.

Механикалық тербелістер. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.

Тербелістер тарауын ?орытындылау. Сайыс саба?

29.11.2016

Содержимое разработки

Қазығұрт ауданы

Мамандандыпылған «Дарын»

мектеп-интернаты









Тақырыбы: §§24.25. Механикалық тербелістер.

Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.




Сыныбы: 9 «А,Б»


Физика пән мұғалімі: Ахтаева Мейрамкүл










2014-2015 оқу жылы

Мерзімі: 26.11.2014ж 9-сынып

Сабақ тақырыбы:§§24.25. Механикалық тербелістер. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.

Мақсаты:

  1. Тербелістер, тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын айта алуға жетелеу.

  3. Ғылыми дүниетанамын қалыптастыру. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:аралас сабақ

Сабақ әдісі: миға шабуылбаяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: әткеншек, компьютер, видеопроектор, слайдтар, таратпа қағаздар. ЭО

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныпты түгелдеу, сабаққа назарын аудару.

Сыныпты екі топқа бөлу: период және жиілік

ІІ. Өткен тарау бойынша сұрақтар: «Миға шабуыл»

1. Дене импульсі дегеніміз не? Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шаманы дене импульсі деп аталады.

2. Күш импульсі дегеніміз не? Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.

3. Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады? Ипульстің сақталу заңы: жүйе ішінде туындайтын өзара әрекеттесулер нәтижесінде тұйық жүйенің қосынды импульсі өзгермейді.

4. І және І ғарыштық жылдамдық неге тең? Бірінші ғарыштық жылдамдық ≈7,9 м/с-қа тең.

Параболалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық

екінші ғарыштық жылдамдық деп аталады.

5. Зымыранның құрылысы және олардың қозғалуы. Осы күнгі зымырандар көп сатылы болып жасалады. Яғни оның әр сатысының отын қоры, тотықтандырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады.

6. Энергия, энергия түрлері. Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін айтады. Потенциалдық,кинетикалық

7. Энергия мен жұмыс арасында байланыс қандай?







8. Энергияның сақталу және айналу заңы қалай тұжырымдалады? Тұйық жүйе құрайтын және бір-бірімен бүкіл әлемдік тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады. Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

9.Потенциалдық энергия дегеніміз не? Бұл денелердің өзара әрекеттесуіне және дене бөлшектерінің өзара орналасуына тәуелді болатын энергия

10. Кинетикалық энергия дегеніміз не? Қозғалып келе жатқан дененің энергиясын кинетикалық энергия деп атайды

11. Кинетикалық энергияның өрнегі қандай?



12. Потнециалдық энергияның өрнегі қандай?





13. Реактивті қозғалыс дегеніміз не? Денеің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысты реактивті қозғалыс деп атайды

ІІІ. Жаңа сабақ. «Білімді мыңды жығар»

Оқушыларға түрткі сұрақтар қоя отырып, бүгінгі тақырыпты жариялау.

Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.

Мысалдар:

F=-kx (Гук заңы)

Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп атайды.

Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт арадығы тербеліс периоды дер аталады.

Бірлік уақыт ішінде жасалатын тербелістер саны тербеліс жиілігі дер аталады.

Тербелістер амплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.

Оқушыларға түсінікті болу үшін видеоролик көрсетіледі.

IV. «Озық ойлы оқушы» Есеп шығару. Әрбір топқа 7 есептен беріледі.

  1. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар.

  2. Материалдық нүкте 10кГц жиілікпен тербеледі. Тербеліс периоды мен 1мин ішінде тербеліс санын табыңдар.

  3. Материалдық нүкте 20с уақыт ішінде 50 толық тербеліс жасайды. Тербеліс периодын табыңдар.

  4. Тербеліс периоды . Тербеліс жиілігі қандай болады?

  5. Тербеліс жиілігі 20000Гц. Тербеліс периоды қандай болады?

  6. Тербеліс жиілігі 440Гц-қа тең материялық нүктенің 5секундтағы тербеліс санын тап.

  7. Тербеліс жиілігі 24Гц маятниктің 5с ішінде жасаған тербелісі.

Жауаптары: 1. 0,25с, 4 Гц 2. , 3. 0,4с 4. 100Гц 5.

6. 2200 7. 120

V. Қорытындылау: «екі жұлдыз, бір тілек»

VI. Бағалау: әрбір сұраққа жауап бергендерге түрлі түсті таратпа беру

VII. Үйге тапсырма. :§§24.25. №№409, №410, №414 Сөзжұмбақ құрастыру















































































  1. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар.



  1. Материалдық нүкте 10кГц жиілікпен тербеледі. Тербеліс периоды мен 1мин ішінде тербеліс санын табыңдар.



  1. Материалдық нүкте 20с уақыт ішінде 50 толық тербеліс жасайды. Тербеліс периодын табыңдар.


  1. Тербеліс периоды . Тербеліс жиілігі қандай болады?



  1. Тербеліс жиілігі 20000Гц. Тербеліс периоды қандай болады?



  1. Тербеліс жиілігі 440Гц-қа тең материялық нүктенің 5секундтағы тербеліс санын тап.



  1. Тербеліс жиілігі 24Гц маятниктің 5с ішінде жасаған тербелісі.


-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель физики и математики

Продолжительность 600 или 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
17800 руб.
от 3560 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Механикалық тербелістер. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. (2.77 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт