Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Факультативы  /  5 класс  /  Математика менің өмірімде

Математика менің өмірімде

19.06.2020

Содержимое разработки

Раушан: Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі «Математика менің өмірімде» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл сайыста 9-10 сынып оқушылары білімдерін сынамақшы.

Айгерім: «Өмірдің өзі – математика» менің бұл сөзіммен келісерсіздер деп ойлаймын. Шынында біз дүниеге келген сәттен бастап ақ математика бізді қоршайды. Менің бұл сөздеріме мына өлең жолдары дәлел бола алады.

Адаммын. Математика тұнған жанмын,
Есеппен туылғанмын, нұрланғанмын.
Ойнап жүріп бала боп санамалап,
Мектепте де іліммен шыңдалғанмын.
Өмірдің өзі тұрған — математика,
Есеп білмей, бағынан құр қалған кім?!
Көрсетейін суретпен соның бәрін
Құнын сонда білерсіз бұл жалғанның.

Раушан: Сен тудың, көзің жаңа ашылған ұл,
Сәби қыз, қызыл лента, қасыңда гүл.
Тоғыз ай, тоғыз күнің есептелген,
Ата-ана мерейін шын асырған ұл.
Ағзаның барлық қажет өлшемдерін,
Аяққа таңар бирка осында тұр.
Дәрігер де есептеп алады ғой
Салмағың мен бойыңды басында бір.
Математика. Бәрі де есеп-қисап,
Туғаныңнан бұл ғылым қасыңда жүр.

Айгерім: Есеппен дүние есігін ашады өрен,
Есеппен жер қойнына кірер денең.
Уақыт — өзі төртінші өлшем екен,
Нүктеге өткен қайта көрінбеген. 
Пұл санап, дүния жиып, өкінішпен
Өтеді екен бұл фәни алаң-елең…

деп бүгінгі сайысқа қатысушы топтарымызбен таныс болыңыздар. Әр топтан 2 оқушыдан қатысады.

9 «А» сыныбы –

9 «Ә» сыныбы -

9 «Б» сыныбы -

9 «В» сыныбы -

9 «Г» сыныбы -

10 «А» сыныбы -

10 «Ә» сыныбы -

10 «Б» сыныбы –

10 «В» сыныбы -

Және де біздің сайыскерлерімізге әділ бағаларын беретін әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар.


Раушан: Ендеше, бүгінгі сайысымыздың турларымен таныс болыңыздар:

І тур. Блиц – турнир (бұл турда әр топқа 5 жедел жауап берілетін сұрақтар қойылады, аз ұпай жинаған 2 топ сайыстан шығарылады)

ІІ тур. Математикалық спринт (бұл турда қалған 7 топқа тапсырмалар беріледі, әр тапсырманы шарттына сәйкес орындайды, аз ұпай жинаған 2 топ сайыстан шығарылады)

ІІІ тур. Қоршаған ортадағы математика (бұл турда қалған 5 топтың әр тобына математикалық атаулар беріледі, олар қоршаған ортада қай жерлерде кездеседі, сол заттардың атауларын жазасыздар, қаншалықты көп сөз тапқандарыңызға қарай, ұпай беріледі, аз ұпай жинаған 2 топ сайыстан шығарылады)

ІV тур. Қисынды ойлар (бұл турда қалған 3 топқа логикалық тапсырмалар беріледі, ең жоғарғы ұпай жинаған топ жеңіске жетеді)


Айгерім: І тур. Блиц – турнир

1 топ:

Р/с

Сұрақтар

Жауабы

1

1800-қа тең бұрыш қалай аталады?

жазыңқы

2

Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды?

5

3

Қосуға кері амалды ата

азайту

4

1 % дегеніміз не?

1/100 бөлік

5

Жерді өлшеу туралы ғылым

Геометрия


2 топ:

Р/с

Сұрақтар

Жауабы

1

700-қа тең бұрыш қалай аталады?

сүйір

2

Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма?

еменде алма өспейді

3

1 дм неше см болады

10 см

4

Түбір белгісін тағы қалай атайды?

Радикал

5

Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?

3


3 топ:

Р/с

Сұрақтар

Жауабы

1

1200-қа тең бұрыш қалай аталады?

доғал

2

Қандай бөшкеге су құюға болмайды?

тесік

3

2,5 ғасырда неше жыл бар? 

250 жыл

4

1 кг судың көлемі неге тең?

1 литр

5

289 нешенің квадраты?

17


4 топ:

Р/с

Сұрақтар

Жауабы

1

Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле.

биссектриса

2

Суда қандай тас жоқ?

Құрғақ

3

1 см артық па, әлде 1 дм артық па? 

1 дм

4

Ең кіші жай санды атаңыз

2

5

Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?

12


5 топ:

Р/с

Сұрақтар

Жауабы

1

Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды?

параллель

2

Бос ыдыста неше құлпынай бар?

ештеңе жоқ

3

1 дм 4см неше см болады? 

14 см

4

Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең?

1

5

Сызықтық функцияның графигін атаңыз

түзу


6 топ:

Р/с

Сұрақтар

Жауабы

1

Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура

бұрыш

2

Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?

2сағат 

3

Таяқтың екі басы бар. Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады?

2

4

Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі

ғасыр

5

282 саны 3-ке бөлінеді ме?

ия


7 топ:

Р/с

Сұрақтар

Жауабы

1

Азайтудың нәтижесі қалай аталады? 

айырма

2

2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?

тең 

3

Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?

25

4

Екі қатынастың теңдігі

пропорция

5

Қайсы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме?

2 м


8 топ:

Р/с

Сұрақтар

Жауабы

1

1,5 сағатта неше минут бар? 

90

2

Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек ?

4

3

Тауық бір аяқпен  тұрғандағы салмағы 5 кг, ал екі аяқпен тұрғандағы салмағы қанша?   

5 кг

4

2-нің 6 дәрежесі.

64

5

Тәуліктің 24-тен 1-і

1сағат


9 топ:

Р/с

Сұрақтар

Жауабы

1

Ең үлкен үш таңбалы санды ата

999

2

Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты?

13

3

Сағаттың ¼ -і неге тең?

15 минут

4

Радиусы 5 болатын шеңбердің ұзындығы қанша?

10 π

5

Қай жағдайда біз 2-ге қарап тұрып, 10 деп айтамыз?

сағаттың минуттік тілі


Раушан: ІІ тур.

  1. Шахмат тақтасында тақтаның ақ жолдарын қимайтындай етіп, шеңберлер салыңдар.



































































  1. Ені 4 см болатын қағаз жолақтан қыры 4 см болатын куб жасау керек (барлық жағы бар куб).

Айгерім: ІІІ тур. Қоршаған ортадағы математика

  1. Центрлік симметрия

  2. Осьтік симметрия

  3. Параллелограмм

  4. Көпбұрыш

  5. Конус


Раушан: ІV тур. Логикалық тапсырмалар

  1. Төрт қабатты үйде Арман Дастаннан жоғарғы қабатта тұрады, бірақ Марат төменгі қабатта тұрады. Ал Дастан Қанаттан жоғарғы қабатта тұрады. Кім қай қабатта тұрады?

Жауабы: 1 –қабат- Марат

2-қабат – Қанат

3- қабат - Дастан

4-қабат - Арман

  1. Әсел, Самал және Гүлден үшбұрыш, квадрат және шеңбер сызды. Әсел сызған фигура квадрат емес. Самал сызған фигура шеңбер емес. Гүлден сызған фигура квадратта емес, шеңберде емес. Кім қандай фигура сызған?

Жауабы: Әсел- шеңбер

Самал- квадрат

Гүлден- үшбұрыш

  1. Самал, Арман және Дархан үшеуі 152 марка жинады. Самалдың жинаған маркаларынан Арманның жинаған маркалары 3есе артық, ал Дарханның жинаған маркалары 4 есе артық. Самал неше марка жинады? Дархан неше марка жинады?

Жауабы: Самал-57

Арман-19

Дархан-76






-75%
Курсы повышения квалификации

Арт-математика - эффективный инструмент эстетического воспитания обучающихся

Продолжительность 16 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
2500 руб.
630 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Математика менің өмірімде (36.39 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт