Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Разное  /  Информатика пәнін өзге пәндермен байланыстыра қолдану.

Информатика пәнін өзге пәндермен байланыстыра қолдану.

Вся разработка на казахском языке. Білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені, компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру студенттердің компьютерде жұмыс жасауды игеріумен тығыз байланысты.
08.01.2013

Описание разработки

Вся разработка на казахском языке. 

Егеменді елдің ертеңі оқу – білімнің тереңдігімен өлшенеді. Сондықтан жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін таңдап алу - әр оқытушы  үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс.

Білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені, компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру студенттердің компьютерде жұмыс жасауды игеріумен тығыз байланысты.

Компьютерлік  бағдарламалардың дидактикалық мүмкіндіктерін анықтау негізінде оларды оқыту процесінде тиімді түрде пайдаланса, негізгі оқыту нәтижелері жоғары болады. Компьютерлік технологияларды қолдану жағдайларындағы оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді әдістері, оқу процесінде ақпараттық-қатынастық технологияларды қолдану.

Студенттердің сабақ барысында немесе өз бетінше орындайтын  жұмыстарына қолдану шарттары айқындалады. Қазіргі  ақпараттандыру  заманында жалпы білім беретін оқу орындарында  компьютер екі түрлі рөл атқарады, біріншісі  –  оқып-үйрену объектісі, екіншісі  –  оқыту құралы.  Оқып-үйрену объектісі ретінде компьютер информатика сабақтарында қарастырылады. Мысалы информатика пәнін математика пәнінмен ұштастырсақ :

  • оқушылардың мотивациялық негізін арттыруға;
  • шығармашылық қабілетін дамытуға;
  • математикалық ойлауын қалыптастыруға;
  • оқушыларды зерттеу жұмыстарына жұмылдыруға;
  • өзін-өзі басқаруға;
  • есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.

Арнайы өңделген  компьютерлік бағдарламалар атап айтқанда,  жоғары сапалы  графиканы, анимацияны, дыбыстық қолдауды, бейнероликтерді және мультимедияның басқа да құралдарын пайдалануы тиіс.

Егер оқушы мен компьютер арасында тығыз қарым-қатынас байқалса,бұндай оқытуды  интерактивті  деп атайды. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, информатика пәнін білім беру процесінде пайдалану тиімділігі оның әдістемелік тұрғыдан дұрыс анықталғандығымен сипатталады деп айтуға болады.

Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс.

Мұғалім – ақпараттанушы емес, студенттің жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты заманға сай көптеген мультимедиалық программалар бар. Мультимедиалық программалардың мүмкіншіліктері өте кең, оны кез келген салада, кез-келген пәнде пайдалануға болады. Мұндай программалар бейнероликтер жасауда, әр түрлі мәтіннің, графиктердің, дыбыс және басқа да объектілердің анимациясы слайдта мазмұнның әртүрлі аспектілерін сызуға рұқсат береді, сонымен  қатар презентацияларды тартымды етіп жасайды. 

Мысалы сізге кез-келген пән бойынша PowerPoint бағдарламасында қарапайым көрме әзірлеу керек делік, PowerPoint-тың негізгі міндеті- ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және жөндеу.

          Көрме- Сіздің қандай да бір қызыметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы.

          Слайдтар- қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.

Сурет. Суретті бөлектеп алған кезде бейне бетте бізге суретті өңдеуге көмектесетін Кескінді баптау үстелі пайда болады:

Бұл үшін мәтіннің айналасындағы жиектемені шертіңіз,  мына әрекеттерді орындаңыз:

  • Неғұрлым ірі қаріп өлшемін таңдаңыз

 (Пішім үстеліндегі өлшемді ұлғайту әмірі);

  • Ежелерге бөліңі(жолдың аяғына келгенде пернесін басыңыз;
  • Ежелер үшін нөмірлерді немесе байрақшаларды белгілеңіз

(Пішім үстеліндегі Байрақша және нөмірлеу батырмасы;

  • Жиектеме ішінде мәтінді ортаға, сол жақ немесе оң жақ ежеге туралау

 (Пішім үстелінде соған сәйкес батырмалар;

  • Қаріп түсін таңдаңыз (сурет салу үстеліндегі Мәтін түсі батырмасы);
  • Слайд  макеті Сізді осы қиындықтардан босатады, онда бұл параметрлердің барлығы белгіленіп қойылған.

Көрмені тартымды ететін суреттер. Суреттер әр түрлі болады. Тіпті мәтіналғы арқылы фотосуреттен көшірілген.

Картинки для презентации

-75%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Информатика пәнін өзге пәндермен байланыстыра қолдану. (2.64 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт