Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Өткізілетін күні 12.10.17ж
Білім беру саласы:Таным
Оқу қызметі: Қарапайым математика
Тақырыбы: : Математика әлемінде.
Мақсаты: Математикалық мазмұндағы дидиактикалық ойындар арқылы білімдерін тексеру. Математикалық амалдарды орындау арқылы логикалық ойлау кабілетін дамыту. Геометриялық пішіндер мен денелерді табуға үлкен, кішіні салыстыруға бейімдеу. Жұмбақтар қисынды есептерді бере отырып ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Сонымен қатар балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлықтарын тексере отырып, білімдерін тиянақтау. Білімділікке бейімдеу бағытында сандардың қатарын ауызша санауға жаттықтыру оңға, солға, 1 таңбалы, 2 таңбалы сандарды ажыратуға, көршілес сандарды табуға жаттықтыру, жыл мезгілдерін, апта күндерін, ретімен атауға, тақпақтар айтуға үйрету. . Оларды жеке талдап, жұмыспен дәлелдеп көрсету. Топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Геометриялық фигуралар, сан тізбектері, ертегілер кейіпкерлері бейнеленген суреттер, карточкалар.
Белингвалды компонент: бауырсақ-колобок-зэ бан,қасқыр-волк- э улф, қоян-заяц-э хэа, түлкі-лиса- э фокс, аю-медведь- э бэа, ата-дедушка-грэнфазэ, әже- бабушка-грендмазэ
| Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі
| Балалардың қызметі |
|
лық-қозғаушылық | Таңғы шеңбер: Қуанамын мен де,қуанасың сен де, Қуанамыз бәріміз,арайлап атқан күнге. Всем,всем,добрый день! Здравствуй, солнце золотое ! Здравствуй, матушка земля! Гуд монинг,гоулд сан, Гуд мониң дия гестс Гуд монинг май френдз. Уи уине ю ол зэ юэсте
| Балалар тәрбиеші мен бірігіп қайталап айтады.
|
| Ұйымдастырушылық – ізденішілік
| -Балалар математика әлемінде болып жатқан қызықтарды бірге тамашалауға дайынсыңдар ма? Математика әлеміне болып жатқан қызықтарды бірге тамашалау үшін мен сұрақтар қоямын, сендер сол сұраққа толық жауап берсеңдер. 1. Бір аптада неше күн бар? -Қанша демалыс күн бар? -Жексенбі, жұма аралығындағы күнді ата? -Бүгін сейсенбі болса,ертең қай күн? - Аптаның төртінші күні қай күн? - Аптаның бірінші күні қалай аталады? - Біз кешке тамақтанамыз, ал жаттығуды - Көктемде ағашта бірінші не пайда болады? --Жапырақ қай уақытта сарғайып түседі - Суға шомылып, демалатын уақыт қай мезгіл? - Шаңғы теуіп сырғанап ойнайтын уақыт ше? - бір жылда неше мезгіл бар ? - 1-ден 5ке дейін кері орысша санау - Ағылшынша 1-ден 5ке дейін санау
-Апта туралы санамақ білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар сандарға байланысты бір жаттығу жасайық. Тәрбиеші: Жұмбақ: Тегіс домалақ, Сырты қызарыңқырап әдемі болып піскен. Терезе алдына суытып қойған. Бұл қай ертегі кейіпкері? -Жарайсыңдар,балалар. Бауырсақ әжеден қашып,атадан қашып,саяхатқа шығады? Бауырсақ домаланып көк майсалы жерлерден ,кең далалы егістіктерден өтеді. домаланған күйі қалың орманға келеді.Бауырсақ ойланып атасы мен әжесіне баруды ойланды. Енді қайтайын десе, ойланады. Топқа бауырсақ келеді: Тәрбиеші сөзі: Осы уақытта қоян кездеседі.
Сырым : - Бауырсақ,бауырсақ, мен сені жеймін.
Қоян : - Менің бір тапсырмам бар,соны орындасан жіберемі Тапсырма: «Артық сөзді ата »
Қоян: -Жарайсын бауырсақ, тапсырманы өте жақсы орындадын, мен жемеймін,сені жіберемін. Қоян. : -Рахмет,бауырсақ. Тәрбиеші сөзі: Балалар бауырсақ қоянның тапсырмасын орындады, енді біз суреттегі қоянның суретін алып қоямыз.. Тәрбиеші: -Бауырсақ орманда келе жатса алдынан қасқырға кездеседі. Тәрбиеші:Осы уақытта бауырсақтың алдынан не кездеседі? Абылай: Қасқыр кіреді. -- Бауырсақ,бауырсақ, мен сені жеймін!
Тәрбиеші: -балалар кәне, бауырсаққа көмектесіп, қасқырдың тапсырмасын бірге шығарып көмектесейік. Ал қасеке, сен дем алып балалармен бірге есепті шығарып, тексеріп отыр.
. -Балалар қасқырдың тапсырмасын орындадық, енді суреттегі қасқырдың суретін алып қояйық. бауырсақ орманда келе жатса алдынан аюға кездеседі
Балалар аюдың көңіл –күйі болмай тұр,көңілін көтеріп,дос табуға көмектесейік. Алдымызда тұрған геомертиялық пішіндерден аю құрастырып берейік.
Бауырсақ орманда келе жатса алдынан не кездеседі?
-Балалар бауырсаққа көмектесіп, түлкінің тапсырмасын бірге орындап, бауырсаққа көмектесейік. «Жұмбақты есеп». 1. тапсырма:Үш сәбіздің бақтағы Тиін барып жинады, Ең әдемі тәттісің Қоянға сыйлады. Ыдыстағы сәбіздің Санап көрші қалғанын 2.тапсырма: «Адасқан цифрлар» Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Тәрб: Балалар түлкінің тапсырмасын орындадық, енді суреттегі түлкінің суретін алып қояйық. Тәр: -Бауырсақ жолдағы аңдардың тапсырмаларын орындап,аман-есен атасы мен әжесіне келіп жетті. Бауырсақ: балалар сендерге көп-көп рахмет, ормандағы аңдардың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер. Сендер математика есептерін көп біледі екенсіңдер.Жарайсыңдар,балалар! Өте ақылды балаларсыңдар. Ризамын,рахмет. Бүгін қай ертегі кейіпкері бізге қонаққа келді? Үш тілде айтайық қане балалар? Жартылай шеңбер болып ортаға тұрайық. Рольде ойнаған балаларды таныстыру. .
| -Ия, дайынбыз
-7-күн бар -2 күн демалыс -сенбі -сәрсенбі -бейсенбі -дүйсенбі -таңертең жасаймыз---бүршік атады -күз мезгілінде -жаз -қыс 4 (,5,4,3,2,1,0) уан,ту,сри,фо,файф,) Ерболат: Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Аптаның 7 күні
бес саусақ
бауырсақ суретті көрсетеді
Жанеля Бауырсақ: Мен бауырсақ, бауырсақ, Мен атамнан қаштым, Апамнан да қаштым. Лә-лә-лә
Бауырсақ: -Мені жеме,қоян
Бауырсақ : -жарайды, орындаймын таңертең түс мысық
қасқыр
Абылай: Бауырсақ: -Мені жеме, қасеке Қасқыр : - Менің бір тапсырмам бар, соны орындасаң сені жіберемін.
жарайсың бауырсақ мен саған ризамын,рахмет саған
Нұржігіт: Аю Бауырсақ,бауырсақ, мен сені жеймін. Бауырсақ: -Мені жеме, аю Аю: -Менің әкелген тапсырмаларым бар соны орындасаң мен сені жіберемін. -Аю жарайсыңдар балалар, сендерге рахмет мен жалғыз жүр едім маған көп дос табуға көмектестіңдер Інжу түлкі: -- Бауырсақ,бауырсақ, мен сені жеймін! түлкі жан мен жей көрмеші, не тапсырман болса да соңы орындауға дайынмын.
2-сәбіз
Түлкі: Бауырсаққа мен ризамын.Жарайды бауырсақ келе жатқан жолыңмен бара ғой.
Бауырсақ,колобок-зэ бан,қасқыр-волк- э улф, қоян-заяц-э хэа, түлкі-лиса- э фокс, аю-медведь- э бэа, ата-дедушка-грэнфазэ, әже- бабушка-грендмазэ.
|
| Қорытын- дылау Өзін-өзібағалау
| Қорытынды: Ал,балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Кездескенше күн жақсы, Сау,саламат болайық. |
әндетіп тәрбиешімен бірге айтады.
|

Білуі керек;5 саны және цифрын,ертегі кейіпкерлерін атай білуі керек.
Болуы керек;; . Математикалық амалдарды орындау арқылы логикалық ойлау кабілеті болу керек.
Үйрену керек; Топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке үйрету.
Алматы облысы
Сарқан ауданы
Екіаша ауылы
«Балдәурен» балалар бақшасы
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: С.Атекеева

"Математика әлемінде" (645.04 KB)

