Меню
Разработки
Разработки  /  Технология девочки  /  Уроки  /  6 класс  /  Матаны және пішімді пішуге дайындау. Матаға пішімді жаю.

Матаны және пішімді пішуге дайындау. Матаға пішімді жаю.

О?ушылар?а мата туралы толы? ма?л?мат беру, мата пішуді? ?діс – т?сілдерін ?йрету

10.03.2017

Содержимое разработки

Толегенова Орынкуль Муратовна

технология пәні мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Мақаншы ауылы Үржар ауданы

«Найманбай атындағы орта мектебі» кмм



Сабақтың тақырыбы: Матаны және пішімді пішуге дайындау. Матаға пішімді жаю.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс – тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі:үлгілер, ескертпелер, нұсқау карталары.
Пәнаралық байланыс: сызу,бейнелеу өнері, математика.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

  1. Өлшемді немен алады?

  2. Өлшем ұзындығы мен айналымы қалай жазылады?

  3. Өлшем алу ережесі

  4. Алжапқыш не үшін қажет?

  5. Алжапқыш неше бөліктен тұрады?

  6. Алжапқыштың қандай түрлері бар?

 Жаңа сабақ.

Көптеген маталардың жуғаннан кейін отырып қалатын қасиеттері бар, бұйымды тұтыну барысында өзінің бастапқы түрі мен өлшемін жоғалтып алмау үшін матаны декатирлеу керегін ескеру қажет.
Декатирлеу – тігер алдында мата отырмас үшін ширату. Барлық матаны пішіп қиюдың алдында үтіктейді.
Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау. Мақта матаны жылы суға салып жібітеді, сығады, кептіріп үтіктейді, ал жасанды шыт матаны кішкене тұздалған суға салып, сәл ғана крахмалдайды, абайлап, бұрамастан сығады, сосын 2 – 2,5 сағатқа төсек жаймасына орайды да, матаны ішкі жағынан үтіктейді. Жүнді матаны бойлық жіп бағытымен ылғалды үтіктеуішпен декатирлейді.
Мата бетіне пішім үлгілерін жайып қойып шыққанда мынадай қасиеттеріне мән беру керек. Қатты, тығыз маталарды тайғанап кететін маталарға қарағанда пішу оңайырақ. Жаю кезінде суреті бір бағытта орналасқан маталарға ерекше назар аудару керек. Бұл жерде бұйымның барлық бөлшектерінде суреттің бір жаққа қарай бағытталуы қадағаланады. Матаға пішімдерді екі түрлі әдіспен жайып қойып шығады. Матаны ұзына бойына екі қабаттап бүктеп және еніне жайып қойып пішімдерді орналастырады.
Матаны пішу үстеліне жайып, жиектерін кеседі. Матаны бойлық жіп бойынша суретін ортасына келтіре отырып, орта сызықпен бет жағын ішке қаратып бүктейді. Бойлық қиындыларды теңестіріп, түйрейді және көлденең қиындыларын теңестіреді. Ені 140 – 160 см маталарды көлденең жіп бойымен бет жағын ішіне қаратып бүктейді.
Матаға пішілген үлгі бөлшектерін жаю. Матаға пішілген үлгі бөлшектерін жайып шеттерін бормен сызады.
Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін (түйіндер, тесіктер, дақ, орнамент өшіңкі, т.б.) тігінші бормен немесе инешаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібіреді.

Сарамандық жұмыс.
1. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
2. Оқушылардың өз өлшемдерімен жасалған лекалоларын тексеру.
3. Матаны пішуге дайындау.
4. Лекалоларды мата бетіне жаю.

Қорытынды сұрақтар
1. Дикатирлеу дегеніміз не?
2. Матаның өң бетін анықтау әдістері?
3. Матаның түгінің бағытын анықтау?
4. Лекалоны орналастыру бағытын атаңдар?

Оқушы жұмысын бағалау.

Үй тапсырмасы: бұйымды толық пішіп, құрастыру.







-80%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Матаны және пішімді пішуге дайындау. Матаға пішімді жаю. (16.23 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт