Бекітемін: ОІМ: А.Карина
| Күні | 22.04.2019ж. | |||||||||||||||||||||||||||
| Сынып | 1 | |||||||||||||||||||||||||||
| Мұғалім | Идрисова А.Б | |||||||||||||||||||||||||||
| Пәні | Математика | |||||||||||||||||||||||||||
| Тақырыбы | Логикалық есептер шығару | |||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 1.4.2.1 Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау 1.4.2.2 **Сәйкестік пен ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығару | |||||||||||||||||||||||||||
| Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | Дүниетану ,көркем еңбек. | |||||||||||||||||||||||||||
| Құндылыққа баулу | Қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу | |||||||||||||||||||||||||||
| Алдыңғы білім. | Қосу және азайтуға берілген есептерді шығарады | |||||||||||||||||||||||||||
| Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы | Ресурстар | Бағалау түрлері | |||||||||||||||||||||||||
| Басталуы 5 минут
Жаңа білім 7 минут
Ортасы 12 минут
Сергіту сәті 2 мин | Психологиялық ахуал Қайырлы таң Алтын күн! Қайырлы таң Жер ана! Қайырлы таң достарым, Сендерді көріп қуанам. Ширату: Блиц-турнирге арналған сұрақтар — Екі тышқанның неше құлағы бар? (4.) — Екі қонжықтың неше табаны бар? (8.) — Әженің Гүлназ деген немересі, Марғау деген мысығы және Ақтөс деген иті бар. Әженің неше немересі бар? (1.) — Құстар өзен үстінде ұшып жүр: кептер, шортан, 2 сарышымшық, 2 сұр қарлығаш және 5 мөңке балық. Құстар нешеу? Тезірек жауап бер! (5.) — Тәрелкеде үш сәбіз бен төрт алма жатыр. Тәрелкеде неше жеміс бар? (4.) — Кіреберісте алты аяқкиім тұр. Бөлмеде неше бала ойнап жүр? (3.) — Ақтөс деген ит күшіктеді: балаларының біреуі қара, екеуі ақ түсті. Ақтөстің неше күшігі бар? (3.) — Екі сарышымшық, екі сұр қарлығаш және екі сужылан ұшып келді. Менің үйімнің қасында барлығы неше құс болды? (4.)
Әр топқа есептерді параққа жазып таратып, талқылауға уақыт беру. 1-есеп. Себетте үш алма бар. Үш қызға үш алманы беріңіз, бірақ себетте бір алма қалуы тиіс. Жауабы:бір қызға алманы себетпен бірге беру керек 2- есеп. Бес қыздың бір-бірден інісі бар. Жанұяда неше бала бар? Жауабы:6 бала. Логикалық есептер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып шешуге болатын тапсырмалар болып саналады. Сонымен бірге оларды шешу үшін стандартты емес тәсілдер қолданылады: салыстыру, болжау, талдау.
Топтық жұмыс:1- топқа: Талдау тәсілін қолдан. Тапсырманы топта оқып, талдап,постерда қорғайды.Кесте пайдаланады. Суреттер Оқушылардан қыздардың аттары кім екенін, олар бұл суретті қайдан көргенін, Әлия туралы ненің белгілі екенін, нені білу керегін сұраңыз. Сұраққа жауапты өз беттерінше іздеу үшін уақыт беріңіз. Оқушылардан олардың сұрақты талқылау барысын сұраңыз: Сара мен Әлия суреттерді журнал мен кітаптан қарады. Әлия кітаптан қараған жоқ, яғни ол журналдан қарады. Олай болса, Сара суретті кітаптан қарады. Жауабы:
Әлия журналдан, Сара кітаптан қараған. 2- топқа: Бұл тапсырманы топта талқылап , салыстырып, суреттерді жапсыру арқылы орындайды. Достар. Оқушылардан тапсырмада неше бала туралы айтылғанын, Асхат, Марат, Ілияс туралы ненің белгілі екенін сұраңыз. Оқушыларға суретпен жұмыс жасауға уақыт беріп, содан соң олардың жауабын тыңдаңыз. Олардан сұрақтарды талқылау барысын айтып беруді сұраңыз. Суреттерді жапсырады. Жауабы:Асхат — ең ұзыны, одан аласа — Ілияс, ең аласасы — Марат. 3- топқа: Бұл тапсырманы болжау арқылы орындайды. Постерге суретін салады. Кесте
Ойын – жаттығу. Әр топ таяқшалардан үй, ағаш құрастыру. Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып аламыз.
|
3 алма салынған себет;
А-4 қағазға жазылған есептер |
Бас бармақ
| |||||||||||||||||||||||||
|
| Қосымша тапсырмалар
|
|
| |||||||||||||||||||||||||
|
| Жұмыс дәптерінде барлық оқушы орындайды. 1.Көңілді клоундар. Оқушылар тапсырманы біртіндеп орындайды. Алдымен бояуды ұсыныңыз. Оны орындап болған соң жұппен өзара тексеру жүргізіледі. Сіз тапсырманың шартын оқыңыз, ал оқушылар оны суретпен салыстырады. 2.Көршілер. Жауабы:бірінші үйде — ит, екінші үйде — мысық, үшінші үйде — әтеш. 3. Қаздың аяқтары Жауабы: Аулада 4 қаз жүр. Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалатыңыз |
|
| |||||||||||||||||||||||||
|
| Кесте бойынша білімдерін тексеру. Сенемін-сенбеймін плюс белгісін қою.
Рефлексия Бағдаршам әдісі арқылы бағалау |
|
| |||||||||||||||||||||||||

Логикалық есептер шығару (23.75 KB)

