Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Тесты  /  4 класс  /  Логика 4 сынып тест

Логика 4 сынып тест

Логикалық тапсырмалар 4 сыныпқа арналған тест жұмысы

19.11.2017

Содержимое разработки

Логикалық тапсырмалар 4 cынып

  1. Берілген қатардың келесі саны қайсысы? 1, 4, 9, 16, ..

А) 17 В) 19

Б) 1 Г)25

  1. Сыныпта бірінші болып Салтанат есепті шығарды. Шешімін ол бес сыныптасына түсіндірді, олар әрқайсысы және бес адамға түсіндірді. Сонымен сабақ соңына дейін барлығы есепті шығарды, Есепті қанша оқушы шығарды?

А) 30 оқ. В) 26 оқ.

Б) 31 оқ. Г) 25 оқ.

  1. Санның екі таңбасының қосындысы 10-ға тең. Егер осы саннан осы санның кері жазғандағы түрін азайтсақ, шешімі 72 болады. Алғашқы екі таңбалы санды тап.

А) 91 В) 33

Б) 73 Г) 95

  1. Ойлаған санды 3-ке көбейтіп, көбейтіндіні 6-ға азайтып және нәтижесін екіге бөлгенде 15 шықты. Ойлаған санды тап.

А) 36 В) 33

Б) 12 Г) 8

  1. 3 метрлік ұзындықтағы 6 бөрене бар. Осы бөренелерді жарты метрден кесу керек. Ол үшін бөренелерді неше рет кесу керек?

А) 50 рет. В) 30 рет.

Б) 120 рет. Г) 40 рет.

  1. Шаруа әйелдің 52 жұмыртқасы бар. Ол бәліш жасауға 2 ондығын жұмсады. Қанша жұмыртқа қалды?

А) 51 В) 23

Б) 55 Г) 32

  1. Жіпті 5 жерден түйді. Әр түйіннің арасы 1 дм. Екі шеткі түйіннің арасы қанша дм?

А) 5 дм. В) 4 дм.

Б) 2 дм. Г) 3 дм.

  1. 6 қабат үйдің сатысы 2 қабатты үйдің сатысынан неше есе ұзын?

А) 5 есе. В) 4 есе.

Б) 3 есе. Г) 6 есе.





  1. Қай теңдік тура?

А) (3 + 3 + 3) : 3 = 4

Б) (3 * 3 + 3) : 3 = 4

В) (3: 3 + 3) * 3 = 4

Г) 3 + 3 + (3 * 3) = 4

  1. 8 жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 10 жұмыртқа қанша уақытта піседі?

А) 5 мин. В) 4 мин.

Б) 20 мин. Г) 6 мин.



  1. Теңдік тура болуы үшін шаршының ішіне қандай ұқсас сандар жазылуы мүмкін?

+ = *

А) 3 + 3 = 3 * 3 В) 5 + 5 = 5 * 5

Б) 10 + 10 = 10 * 10 Г) 2 + 2 = 2 * 2



  1. Екі қайыққа 12 адам отырды, біріншісіне екіншіден екі есе артық отырды. Әр қайыққа неше адам отырды?

А) 12 және 6 Г) 6 және 3

Б) 8 және 4 Д) 10 және 5

  1. Бір санды сондай екінші санға қосқандағы қосынды осы сандарды көбейткен көбейтіндіден артық. Бұл қандай сан?

А) 5 В) 1

Б) 11 Г) 0

  1. 27 жылқысы бар үйірден келесі үйірге үштен бірін және екеуін айдап әкетті. Сосын қалған жылқылардың жартысын әкетті. Қанша жылқы қалды?

А) 16 В) 6

Б) 11 Г) 8

  1. Үш ат жеккен шана 30 км жол жүрді. Әр ат қанша км жол жүрді ?

А) 60 км. В) 10 км.

Б) 90 км. Г) 30 км.

-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Логика 4 сынып тест (25.27 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели