Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Күн тәртібі дегеніміз не?

Күн тәртібі дегеніміз не?

Мектепалды даярлау тобына арнал?ан саба? жоспары.

25.04.2017

Содержимое разработки

7 ТАҚЫРЫБЫ:

Күн тәртібі дегеніміз не?

Мектеп:

Күні:


Педагогтың аты-жөні

Сынып/ топ:


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың оқытылуы, мақсаттары

0.1.3.1. күн тәртібі, демалыс, ұйқы, тамақтану тәртібін сақтаудың қажеттілігін түсіну

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

Ұйқының адам денсаулығына маңызы туралы біледі

Көпшілік балалар:

Күн тәртібі демалыс, ұйқы, тамақтану тәртібін сақтаудың қажеттілігін түсіну

Кейбір балалар:

Ұйқының алдында қажетті дайындықтары мен тазалық процедураларын орындайды.

Тілдік мақсат

Дағдыларын дамыту:

Күн тәртібін сақтау талаптарын орындау іскерлігі; ауызекі сөйлеудегі белсенділік; сөздік корларын молайту; жеке бас тазалық пен денсаулық арасындағы байланыс туралы талқылау іскерлігі.

Сабақтағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары:

Адамның таңғы көңіл күйі неге байланысты?

Ұйқы адамның денсаулығына қалай әсер етеді?

Жақсы ұйықтау үшін не қажет?

Адамның ұйқысы қанша уақытқа созылады?

Өткен сабақтардан алған білім


Үлкендер мен балалардың күнделікті қалыпты күн ережесі

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-2 мин.












ІІ. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3-5 мин.


(Ұ) жағымды көңіл күй орнату

Қимылды ойын: «Күн мен түн»

Балалар «күн» деген белгіден соң күледі, секкіреді, жүгіреді. Ал «түн» деген белгіден қозғалысты тоқтаты, ұйықтайды.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Дүниеде не тәтті? (ұйқы)


(Ұ,Ж) Проблемалық сұрақ: Адамның таңғы көңіл күйі неге байланысты?

Тәрбиеші балаларға бір-біріне қарап, қандай көңіл күйде екенін анықтауды ұсынады. Кім жақсы ұйықтады, кім түс көрді, кімнің көңіл күйі қалай қандай екенін айтады.


Сабақтың ортасы

ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.

6-25 мин.

Тәрбиеші ақпараты: тәрбиеші балаларға кешке жақын немен айналысатынын, ұйқыға қалай дайындалатынын, ұйқы алдында туыстары оларға не тілейтінін, егер жанында ұйықтаған адам болса, өздерін қалай ұстайтынын айтуды ұсынады, содан кейін олардың жауаптарын қорытындылайды. Ұйқы адам өміріне аса қажетті нәрсе, ұйқысыз өмір сүру мүмкін емес.


(Ұ,Ж) Әліппе дәптермен жұмыс.

  • Адамның ұйқысы қанша сағатқа созылады?

Балалар ұйқыға сәйкес суреттерді қарайды. Неліктен балалар мен үлкендерге түнгі ұйқының қажеттілігі әртүрлі болып келетінін талқылайды.

Тәрбиеші ақпараты: кез келген адам үшін ұйқы – өмірлік қажеттілік. Әр адамның ұйқыға өзіндік қажеттілігі болады. Жаңа туған нәресте тәулігіне 22 сағ. ұйықтайды, ал ересек адам орта мөлшермен 8сағ. ұйқымен өткізеді екен. Ересек адам балаларға қарағанда едәуір аз ұйықтайды. Балаларға 10 сағ. ұйықтау керек


Ұйқысыздықтан қалай құтылуға болады? Ең алдымен:

  • Күн тәртібін қатаң сақтау.

  • Соңғы рет ұйқыға жатардан 2-3сағ. бұрын тамақтану.

  • Спортпен, дене шынықтырумен шұғылдану.

  • Кешкісі таза ауада жарты сағат қыдыру.

(Ұ,Ж) Проблемалық сұрақ: Адамның денсаулығына ұйқы қалай әсерін тигізеді? Жақсы ұйықтау үшін не қажет?

Тәрбиеші ақпараты: Күні бойы сен секіресін, жүгіресін, ойнайсын, сөйлесесің, күлесің, осыдан организм шаршайды. Ал ұйықтағанда сенің денең демалады, жаңа күш жинайды.

(Ұ,Ж) әліппе дәптермен жұмыс.

Дұрыс ұйықтау үшін төсек қандай болуы тиіс? Қарындашпен ұйқтаған адамның дұрыс дене қалыпын жүргізу.

Дұрыс ұйқы не үшін керек?

Тәрбиеші балалармен ұйқы алдында жеке тазалық ережелерін сақтау: жуыну, тісін тазалау, сонымен қатар ойыншықтарымен кітаптарын жинап қою керектігін айтып, әңгіме өткізу. Ұйықтар алдында жақындарына қайырлы түн тілеп, жылы сөз айтуды ұмытпау.











Әліппе дәптермен

Байқаулар:

Оқытудың/ сабақтың мақсаттары, қолжетімді болдыма? Тәрбиеленушілер неге үйренді? Оқыту ахуалы қандай болды?



Қорытынды бағалау:

Ерекше табысты болған екі сәтті (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.


Сабақты жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.




-75%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Күн тәртібі дегеніміз не? (21.37 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт