Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Уроки  /  7 класс  /  Краткосрочный план урока

Краткосрочный план урока

Краткосрочный план урока по историй. Тема урока "Қыпшақ хандығы"

01.12.2017

Содержимое разработки

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

Мектеп: Давыденов негізгі мектебі

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Тайгарина Гүлайым Мирамгалиқызы

Сынып: 7


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қыпшақ хандығы

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы


Сабақ мақсаттары


Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтап, көрші елдермен қарым-қатынасын талдау, қыпшақтардың қазақ халқының ата-тегі екендігін дәлелдеу


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Барлығы: 7.3.1.3 X – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы

саяси үдерістерді түсіндіру;

7.3.2.4 қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау

7.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау

Көпшілігі: Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтап, көрші

елдермен қарым-қатынасын талдайды;

Кейбірі: Қыпшақтардың қазақ халқының ата тегі екендігіне қазіргі замандағы

жер аумағы, рулар, археологиялық және жазба деректерге сілтеме

жасап, дәлел келтіреді.

Бағалау критерийлері







Білу және түсіну дағдысы: Жаңа ұғымдардың кемінде 4-уінің мағыналарын біледі;

Қолдану дағдысы: Қыпшақ мемлекетіне қатысты ақпараттың кемінде 3-уін картадан көрсетеді;

Сыни ойлау мен талдау дағдысы: Қыпшақтардың қоғамдық-саяси жағдайының , шаруашылығының мен тұрмысының 3 ерекшелігін анықтайды;

Зерттеу дағдысы- Қыпшақтардың Шығыс Еуропа, Кіші Азия, Кавказ, Орта Азия елдерімен қарым-қатынасы туралы мәліметті мәтіннен алып, қыпшақтардың әскери және дипломатиялық өнері жоғары болғанын талдайды;

Рефлексия- Қыпшақтардың қазақ халқының ата тегі екендігіне қазіргі замандағы жер аумағы, рулар, археологиялық және жазба деректер негізінде

дәлел келтіреді

Тілдік мақсаттар

Қыпшақ мемлекетінің саяси жағдайы, оның этникалық құрылымы, әскери жетістіктері мен шаруашылығы туралы бейнематериалды тыңдайды, оқиды, әңгімелейді, жазады (оқылым, тыңдалым, жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қыпшақтар даласы, половшылар, консолидация, дурут, йетиоба, тоқсоба, бөрілер

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Қыпшақ хандығының этникалық құрылымы.... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қыпшақ хандығының әкімшілік құрылымы.... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қыпшақтардың шаруашылығы мен кәсібі... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Дешті Қыпшақтың Киев Русі/Хорезм/ Византия мемлекеттерімен қандай-қарым қатынасы... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытындысында... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Біздің тобымыздың ойынша...

Қыпшақтардың басты жетістіктері ...

Бірқатар факторлар ... ... ... ... ... ... қазақ халқының қалыптасуын баяулатты.

Құндылықтарды дарыту

Қыпшақтардың елін, жерін қорғауы, әскери өнерін білуі арқылы патриотизм, өз елі үшін мақтаныш, құрмет құндылықтарын бойына дарыту

Пәнаралық байланыстар

Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен байланысты, картамен жұмыс арқылы географиямен байланысты жүзеге асыру

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады

Бастапқы білім

Орта ғасырлық Қимақ мемлекетінің географиялық орналасуы, саяси тарихы, шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту кезеңі



6-мин













2-мин

Ұйымдастыру сәті. Сыныпты топқа бөлу

(Б) Ой шақыру. «Бұрын...бұрын,... қазір...кейін, кейін»


Оқушыларға орта ғасырлық Қазақстанның саяси картасындағы мемлекеттерді көрсетіп сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа шығу.

- ХІІІғ дейін Алтай тауынан Қара теңізге дейінгі жерлерді қамтыған мемлекет қалай аталды? (ХІІІғ-дан бұрын бұл мемлекет Дешті-Қыпшақ деп аталды)

- ХІ ғасырға дейін Қазақстан территориясында қандай мемлекеттер болды? (Оғыз, Қимақ, одан бұрын Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары өмір сүрді)

-- Қазір біз оқып жатырған кезең- ХІғ-да Қазақстан территориясының көп бөлігін қандай мемлекет алып жатқан? ( «Шығыс Дешті Қыпшақ»)

-Кейін Дешті Қыпшақтың территориясына қандай мемлекеттердің жерлері енді? (Кейін Дешті Қыпшақтың территориясында Ресей, Украина, Кавказ, Қазақстан мемлекеттері пайда болды)

- Қыпшақтардың мұрагерлері, кейін қыпшақтар территориясын иемденген халық? (Кейін қыпшақтардың мұрагерлері қазақтар пайда болды)


Оқушылар қазақ халқы - қыпшақтардың ұрпағы екенін болжау арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.

(М) Сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.



Слайдтар

Қазақстан тарихы (көне

заманнан бүгінге дейін). Бес

томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.


Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі


7-мин



















2-мин













5-мин













10-мин


















8-мин














2-сабақ



3-мин





3-мин






3-мин



















7- мин











4- мин

4- мин

4- мин









2- мин




(Б) «Білу және түсіну» дағдысына негізделген

тапсырма-№1 «Сәйкестендір» Жаңа ұғымдармен жұмыс

Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады. Оқушылар «жұбыңды тап» тапсырмасы бойынша Дешті қыпшақ, яланкуг половшылар, дурут, йетиоба, тоқсоба, бөрілер ұғымдарын тиісінше мағынасымен сәйкестендіреді.


Дешті Қыпшақ – Қыпшақтар даласы;

Яланкуг – құл;

Половшылар – далалықтар;

Дурут – төрт тайпа;

Йетиоба –жеті тайпа;

Тоқсоба – тоғыз тайпалы;

Бөрілер – ең беделді тайпа;


Дескрипторлары:

/Жаңа ұғымдар жазылған карточканы оқушылар мағынасына қарай сәйкестендіру арқылы жұптарын табады/


Зерттеу сұрақтары:

  • Қыпшақтардың осындай ұлан-байтақ жерге ие болуының себептері қандай?


  • Қыпшақ тайпаларының этникалық ерекшеліктері, шаруашылығы туралы қандай тарихи деректер ақпарат береді?


  • Қыпшақтар қандай елдермен саяси қарым-қатынаста болды?



(М) Қысқаша шолу.

Қыпшақ хандығы туралы ақпаратты баяндау.

(5 минуттай уақыт ішінде қыпшақтар туралы ең негізгі ақпараттарды баяндап таныстыру. Бейнематериалдан үзінді көрсету. Дешті Қыпшақ деп аталу себебін, басқа жерлерге қарай жылжу, қоныс аудару бағыттарын, екі қанаты мен оның орталықтарын, картадан көрсетіп түсіндіру. Дешті Қыпшақтың шекаралас мемлекеттерін көрсету. Осы сәтте оқушылар ең негізгі ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады).


(Б) «Қолдану» дағдысына негізделген

тапсырма-№2. Картамен жұмыс.

(М). Оқушылардың берілген ақпаратты қаншалықты игергенін анықтау үшін контур карта таратылып, оларға Батыс және Шығыс Дешті Қыпшақ аумағын, оның орталығын және Дешті-Қыпшақпен шекаралас мемлекеттерді белгілеу тапсырылады.Контур картада орындалған оқушылар жұмысы мұғалімге тапсырылады.Сабақтан соң тексеріп, кері байланыс беріледі.

Дескрипторлары:

1. Дешті Қыпшақ аумағы, оған көршілес мемлекеттерді (Қарақытай мемлекеті, Хорезмшах мемлекеті, Византия империясы, Киев Русі, Венгрия);

2. Батыс және Шығыс Дешті аумағын (Қара теңізден Еділге дейін, Еділден Алтайға дейін);

3.Сол және оң қанат орталықтарын (Сол қанат-Сығанақ, оң қанат -Орда)


(Т) «Сыни ойлау мен талдау» дағдысына негізделген

тапсырма-№3. Мәтінмен жұмыс.

Топтарға қыпшақтардың қоғамдық-саяси жағдайы, этникалық құрылымы, шаруашылығы мен тұрмысы туралы талдау тапсырмасы ұсынылады (ықшамдалған мәтін таратылады).Топтағы оқушылар мәтін мазмұнын оқып, талдайды.



Дескрипторлары:

1-топ. Қыпшақтардың этникалық құрылымын талдайды (кем дегенде 2-ерекшелігін табады)

2-топ.Қыпшақтардың қоғамдық-саяси жағдайын талдайды (кем дегенде 3 ерекшілігін табады)

3-топ. Қыпшақтардың шаруашылығы мен тұрмысын талдайды (кем дегенде 2 ерекшелігін табады)


1-топ қыпшақтардың ірі екі этникалық топтан тұратындығын, олардың ішінде елбөрілі мен тоқсоба руларының басқаларынан артықшылықтары болғандығын айтады. Халқы көп әрі түркі тілдес ру-тайпалардың бірлестігі болған деген қорытынды жасайды.

2-топ. Қыпшақ мемлекетінің әкімшілік құрылымының пирамидасына билеуші ақсүйек топтарының өкілдерін - хандар, тархандар, басқақтар, бектер мен байларды орналастырып, иерархиялық жүйесі болғандығын көрсетеді. Қарапайым халықтың құқығының шектеулі және құлдардың ешқандай құқығы болмағандығын түсіндіру арқылы қыпшақ қоғамының бай және кедей таптарға бөлінген, феодалдық мемлекет болғандығы туралы қорытынды жасайды.

3- топ. Қыпшақтардың шаруашылығы мен кәсібі туралы мәтіндерден қыпшақтардың ерекшеліктеріне дәлелдер келтіріп, олардың мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқандығын түсіндіреді).


Топтар зерттеу нәтижесінде жинақтаған дәлелдемелерін сынып алдында қорғайды. Оқушылардың таныстырылымы кезінде мұғалім оқушылардың жауаптарын бағалау парағына белгілеп тұру қажет.


(Т) «Синтез» дағдысына негізделген

тапсырма-№4. Ақпарат жинақтау және сұрақ құрастыру.


(Б) «Қыпшақтардың мемлекеттермен қатынасы» тапсырмасын орындау ұйымдастырылады. «Құмырсқа» (ran dictation) стратегиясы бойынша қабырғадағы мәтіндерден (Қыпшақтар Русьте, Қыпшақтар Византияда, Қыпшақтар Грузияда, Қыпшақтар Венгрияда. Қыпшақтар Египетте туралы) әр топтың 2 оқушысы өздеріне қабырғадағы мәтіннен оқып, жадында сақтаған ақпаратты келіп айтады. Ақпаратты жазып отырған оқушы ақпараттарды қағаз бетіне түсіреді. Соңында әр топ өзіне қатысты ақпаратты жинақтап, оны топта талқылап, сыныпқа құраған мәтіндерін ұсынады. Мәтінге сұрақтар құрастырады.

Мәселен,

- Бұл мәтінде кімдер туралы айтылған?

- Қыпшақтардың Еуразия кеңістігіндегі халықаралық қатынастарға ықпалы қандай болды?

- Мәтін мазмұнынан қандай қорытынды шығаруға болады? Мәтіндегі ақпараттың құндылығы неде?


1-топ

«Қыпшақтар және Киев Русі»,

«Қыпшақтар және Византия»


2-топ

«Қыпшақтар және Грузия патшалығы»,

«Қыпшақтар және Венгрия»


3-топ

«Қыпшақтар және Египет»


Дескрипторлары:

Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтап, көрші елдермен қарым-қатынасын талдайды.


М Деректерді зерттеп болғаннан кейін оқушыларға: «Қыпшақтар осындай ұлан-ғайыр жерге қалай ие болды?» деген сұрақ қойылады.

Слайдтар



Ежелгі Қазақстан. Балалар энциклопедиясы. –Алматы: «Аруна», 2002 ж.


Таратпа материал

(карточкалар)


Қосымша-1























Слайдтар


Қосымша-2 Мәтін


http://www.youtube.com/watch?v=0FPB_-4i7U4

Половцы, Кыпчаки, Куманы.







Карта

«XI-XIIIғ.ғ

Қазақстан»


Таратпа материал


Қосымша-3











Слайдтар


Таратпа материалдар

Қосымша-4












































Таратпа материалдар

Қосымша -5



Сабақтың соңы

Қорытындылау кезеңі

5-мин
























2-мин












3-мин

Бекіту тапсырмасы «Бейнематериалмен жұмыс»



(Д) «Дешті қыпшақ: құпия таңбалар» деректі фильмінен үзінді көрсетіледі.Бейнематериалды көріп сұрақтарға жауап беру. Қажет болса, 2 рет тыңдату



1.Дешті Қыпшақ жері М.Жүсіптің сипаттауынша қандай өзендер аралығын қамтыған? Олар Батысында - ..............., Шығысында- .................., Солтүстігінде - ..................., Оңтүстігінде - ................өзендері.


2. Қай жылы Киев Русі мен қыпшақтардың әскері Калқа түбінде моңғолдардан жеңілді?


3. А.Юрченконың айтуынша, қыпшақтардың бір бөлігі моңғол әскеріне қосылды. Екінші бөлігі Дунайға қарай көшіп, ...................., ................, ....................... елдерінде әскери қызмет атқарды.


4. ХІІІ ғасырда Египетке құлдыққа сатылған ер балалар қандай әскердің негізін қалады?

5. Қыпшақтардың әскери ерекшеліктері туралы қандай қорытынды жасауға болады?





Үйге тапсырма

Жаңа игерілген білімді қайталау, пысықтау;

«Дешті Қыпшақ жері - менің атамекенім» тақырыбына 70 сөзден тұратын ой-толғау жазу.


Дескрипторы:

Қыпшақтардың қазақ халқының ата тегі екендігіне қазіргі замандағы жер аумағы, рулар, археологиялық және жазба деректер негізінде дәлел келтіру. Ұлы Дала, елбөрілі, әскери өнер, көшпелілер, мұрагер кілт сөздерін қолданып, фактілер арқылы дәлелдер беру



Рефлексия

Оқушылар кері байланыс парағына өздерінің білімдері қандай дәрежеде игерілгенін көрсетеді. Мысалы, «Мен барлығын түсіндім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды толық, түгел орындадым десе, «Мен орташа түсіндім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды орындауда кішкене қиналдым, ал «Ешнәрсе түсінбедім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды орындауда қатты қиналдым деп жауап беруі мүмкін.

Үлгі:

-Мен барлығын түсіндім, тапсырмаларды ..... .... орындадым

-Мен орташа түсіндім, тапсырмаларды орындауда ......... қиналдым

-Ешнәрсе түсінбедім, тапсырмаларды орындауда ... қатты қиналдым



Слайдтар


Таратпа материалдар

Қосымша-6




















Таратпа материалдар

Қосымша 7










Стикерлер




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тілдік қабілеті жоғары оқушылар тілдік қабілеті төмен оқушылармен араластырылып отырғызылады.

Қабілеті жоғары оқушылар ой қорытынды жасайды, тапсырмалар бойынша 3-тен артық дәлелдер келтіре алады

Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийіне сәйкес топтар өзара бір-бірін бағалайды, мұғалім оқушыларды өзі бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалайды.


Компьютерді, ноутбуктерді тек тапсырма кезінде аз уақыт жұмыс жасап өшіру, интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




-80%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Краткосрочный план урока (37.37 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт