Сабақтың тақырыбы: «Гидросфера» бөлімін қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. Гидросфера бөлімін қайталау сабағында оқушының бөлім бойынша жинақтаған білімін көрсету, географиялық обьектілерді атап,картадан көрсете алуы, түсіндіру, білімдерін пысықтау.
2. Осы бөлім бойынша алған білімдерін зерттеу, іздену жұмысын жүргізу арқылы дамыту, шығармашылық жұмыспен айналысуға дағдыландыру. Ойлау қабілетілігін, тілін дамыту.
3. а) табиғатты қорғауға, сүйебілуге тәрбиелеу;
б) экологиялық білім беру;
в) ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу.
Сабақ типі: қорытындылау.
Сабақ түрі: сахат сабақ
Қолданылатын әдістер:
Сұрақ-жауап;
Өз бетімен жұмыс істеу (шығармашылық)
Өзіндік қабылдау;
Картамен жұмыс.
Көрнекіліктер:
Карталар:
а) дүниежүзілік саяси картасы;
ә) жарты шарлар физикалық картасы;
2. «Гидросфера» сызбасы.
Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру;
ІІ. 1-бөлім «Білім еліне» саяхат.
А) Ауызша сұрақтар
1 Гидросфера деген не?
2 Гидросфера құрамына қандай сулар кіреді?
3 Табиғатта су қандай күйде болады?
4 Табиғаттағы су айналымы дегеніміз не? Оның түрлері қандай?
5 Материктер дегеніміз не?Неше материктер бар?Ата
6 Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не?Неше бөліктен тұрады?Ата
7 Мұхит суының қандай қасиеттері бар?Олар қалай өзгереді? Тұздылығы қай жерлерде аз болады?Температура қалай өзгереді?
8 Цунами дегеніміз не?
9 Толқынның элементтерін ата
10 Мұхит ағыстары дегеніміз не?Қандай ағыс түрлері бар?
11 Мұхиттың адам үшін қандай маңызы бар?
12 Өзен дегеніміз не?Қандай элементтері бар?
13 Көлдің қандай түрлері бар?Зайсан қандай көлге жақын?
14 Миниралды су дегеніміз не?Мұздықтар қалай пайда болады?
Ә Географиялық тест
1 Ең үлкен материк 1 Австралия
2 Жасанды өзен 2 Антарктида
3 Ең кіщі материк 3 Евразия
4 Гольфстрим
4 Голфстрим 4 Африка
5 Тайфун 5 Мұзтау
6 Айсберг 6Ағыс
7 Канал
8. Бөген
9. Дауыл
Дұрыс жауабы: 1-3. 2-7, 3-1, 4-6, 5-9, 6-5.
2-бөлім «Ғылым еліне» саяхат
Жергілікті жердегі өзендерге сипаттама
(Зертханалық жұмыспен таныстыру. Таңдау бойынша )
Өзен қандай материкте орналасқан?
Қайдан басталады? Қай бағытта ағады? Қайда құяды? Қай алапқа жатады?
Немен қореқтенеді?
Шаруашылыққа маңызы қандай?
Экологиялық жағдайы?
3-бөлім «Балалар еліне» саяхат.
а)Суға байланысты тиым сөздер;
ә)Нақыл сөздер.
4-бөлім. «Болашақ еліне» саяхат.
Туған жер табиғатын, өзен-суларын қорғау үшін қандай іс-шаралар жүзеге асыруға болады?
Егер де мен . . .
5-бөлім. «Карта еліне» саяхат.
Географиялық номенклатуралық диктант.
.
Африка. 9.Ніл.
Евразия. 10.Аравия.
Австралия. 11.Каспий.
Антрактида. 12.Қазақстан.
Үнді. 13.Ертіс.
Тынық. 14.Үндістан.
Солтүстік Мұзды мұхит. 15.Оңтүстік Америка.
Гренландия.
Бағалау: 8-10 дұрысы -3;
10-13 дұрысы-4;
13-15 дұрысы-5.
ІІІ.Қорытынды.
«Өзіндік қабылдау» әдісімен.
Өзен –сулары қорғаудағы менің
Кемшілігім | Жетістігім | Не істер едім? |
|
|
|
«Гидросфера» сызбасы бойынша.
Сұрақ-жауап.
а)Экология дегеніміз не?
ә)Бүгінгі Қазақстанның өзен – көлдерінің экологиялық жағдайы қандай?
IV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма.
Атмосфера мен Гидросфераны Венн диаграммасы бойынша салыстыру.