Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Конспект урока «Гүлдер әлемі»

Конспект урока «Гүлдер әлемі»

14.10.2019

Содержимое разработки

«ІІ - кіші» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

технологиялық картасы


Мерзімі:

Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»

Бөлімі: «Экология негіздері» «Жапсыру»

Тақырыбы: «Гүлдер әлемі»

Мақсаты: балалар табиғатты қорғай білуге , табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету. Табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктерін танып, білуге, күтуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: гүлдер,табиғат

Билингвальді компонент: гүлдер-цветы ,ғажайып-волшебный

Керекті құралдар: сиқырлы дорба, ойыншықтар,



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

«Отбасы»

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң!» деп айтамыз,

Бір болып, кешке қайтамыз.

Ғажайып сәт:

Маша «сиқырлы» дорбасымен қонаққа келді.

- Сәлеметсіңдерме балалар!

-Менің атым Маша.

-Мен сендерге қонаққа келдім.

-Сендермен біраз ойнауға болама?

- Мен жаңа осында келе жатқанда мынандай заттар тауып алдым,соны сендерге көрсеткім келіп тұр.

Маша дорбасыннан гүлдердің суреттерін алып шығады.



Қимылдарды қайталайды







Салеметсіңбе



Иа болады

Ұйымдастыру– іздестіру

Ұйымдастыру :

Балалар қараңдаршы Маша бізге гүлдердің суреттерін әкеліпті.

Қараңдарша мына суреттегі гүлдер сендерге таныс па?

Мүмкін седер бұндай гүлдерді бір жерден көрен шығарсыңдар?

Мына гүлді сия гүлі деп атайды.

Сия гүлінің жапырағы орташа келген қалың қою жасыл болып келеді,ол жылдың төрт мезгіліндеде гүлдеп тұрады.Сия гүлі ақ,қызыл,күлгін,сары,ал қызыл,көкшіл жәнеде тағыда басқа түстерде қауыз жарады.

Келесі гүліміз қазтамақ гүлі,оныңда жапырағы домалақ жасыл болады.

Жылына екі рет қауыз жарады,қауызының түсі қызыл алқызыл,күрең қызыл,ақ болады.

Балалар біз гүлдердің түрлерімен таныстық.

Бұлардың барлығын бөлме гүлдері деп атаймыз.

Бөлме гүлдерінің біздің ағзамызға тигізетін пайдасы өте көп.

Олар біздің бөлмемізді шаң тозаңнан тазартып тұрады.

Бізге таза ауа силайды.

Біз гүлдерді аялап, өзіміздің қамқорлығымызға алуымыз керек.

Сонымен қатар біз гүлді көптеген мерекелерде әжелерімізге,

аналарымызға,апайларымызға силыққа береміз.

Ал енді балалар біз қазыр сендермен екі топқа бөлініп ұйымдастырған іс – әрекетімізді одан әрі қарай жалғастырамыз.

Міне сендердің алдарыңда қызыл және көк түсті гүлдің суреті бар карточка тұр,қане барлығымыз бір карточкадан аламыз.

Көк карточканы алған балалар маған келесіңдер,біз ғылым орталығында ұйымдастырылған іс – әрекетімізді жалғастырамыз.

Қызыл карточкасы бар балалар Сымбат Бақытбекқызына барып ұйымдастырылған іс – әрекетті шығармашылық орталығында жалғастырасыңдар.

Ғылым орталыға:

Балалар мынау біздің топтың табиғат бұрышы.

Бұнда тұрған гүлдер біздің тобымыздың ауасын тазартып шаң тозаңды өзіне сорып,бізге таза ауа шығарып тұрады.

Бөлме гүлдері үйде,гүлзарларда өседі

Сол себептен біз гүлдерге алғыс айтуымыз керек.

Алғысты қалай айтамыз,ол үшін нен істеуіміз керек ?

Сендер қалай ойлайсыңдар балалар?



Дұрыс айтасыңдар балалар.

Ендеше қане келіңдер барығымыз бірігіп гүлдеріміздің шаңын сүртіп,топырағын қопсытып,суғарайық.


Шығармашылық орталығы:

Балалар сендер жаңа гүлдердің түрлерімен таныстыңдар.Ол гүлдерді бөлме гүлдері деп атаймыз.

Балалар сендер білесіңдерме таяу арада үлкен мереке келе жатыр.

Ол қандай мереке кім айтады?

Дұрыс айтасыңдар.

Ал сендер аналарыңа силық жасағыларың келеме?

Ендеше қазыр біз аналарымызға арнап құмырадағы гүл жапсырамыз.

Жұмыстың реттілігі:

Балалардың алдарына тарелкаға салынған ақ парақ,желім,сүлгі,гүлдің құмыраның қиындылары ұсынылады.

Алдымен ақ парақты аламыз,желімнің қақпағын ашамыз.

Енді құмыраның қиындысын аламыз, артына желім жағамызда ақ параққа жапсырамыз.

Келесі кезекте гүлдің өзін жапсырамыз.

Ол үшін гүлдің сабағына желім жағып ақ параққа қондырамыз.

Кезек енді жапырақтарға келді.жапырақтардыңда артарына желім жағып гүлдің сабағына қондырамыз.

Енді бізде не қалды балалар?

Дұрыс айтасыңдар гүлідің қауызынада желімді жағып жапсырамыз.

Жапсыруды аяқтаған соң қолымызды сүлгімен сүртеміз.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Біп- биік боп өседі.

Дидактикалық ойын: «Ғажайып дорба»

Мақсаты: Балаларды бөлме гүлдерімен дала гүлдерін ажырата білуге,зейінін қалыптастыру.Дорбадағы гүлдерді түстеріне қарай ажыратып, ыдыстарға салу

Тиым сөздер:

Гүлді үзбе.

Кешкілік пе ,күндіз бе?

Өсіп тұрған гүлді үзбе.

Туған жерді далаға,

Тастағалы жүрміз бе?

Үзіп алсаң сен бір гүл,

Үзіп алсам мен бір гүл.

Не қалады сиқынан,

Қызыл- жасыл жердің бұл.


Сөздік жұмыс:

гүлдер,табиғат

Билингвальді компонент:

гүлдер-цветы ,ғажайып-волшебный







Жауап береді

Күнделікті гүлдерге су құйып, шаңын сүртетіндерін айтады.


Мұқият тыңдайды, бірге қайталайды.








Сөзді жеке, хормен қайталайды.














Карточкаларды алады





Орталықтарға бөлінеді


Сергіту сәтін айта отырып, тәрбиешінің көмегімен қимылдарын жасайды.



Қайталайды, естеріне сақтайды.






Су құйуымыз керек,шаңын сүртуіміз керек,топырағын қопсытуымыз керек


Гүлдерді суғарып шаңын сүртіп,топырағын қопсытады







Аналар мерекесі


Иа келеді



















Қауызы









Өлең жолдарын қайталап,қимылдарды жасайды



Ойын шартын бұзбай ойнайды




Тиым сөздерді қайталап,үйреніп алады










Сөздерді қайталайды

Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды:

  • Қонаққа не келді ?

  • Аю бізге не алып келді?


  • Ғажайып дорбаның ішінде не болды?


  • Аю келді.

  • Ғажайып дорба алып келді.

  • Түрлі- түсті гүлдер болды.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Өсімдіктерді күте білу керек.

Болу керек: «Ғажайып дорба», «Кім алғыр» ойындарын балалар жақсы меңгерді.

Істей білу керек: Алған ұғымдарын салыстырып, ажырата алады.





-80%
Курсы повышения квалификации

Организация дистанционного обучения для лиц с ОВЗ и инвалидов

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Конспект урока «Гүлдер әлемі» (21.29 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт