Меню
Разработки

«Көңілді жолдар»

Үлестірмелі материалдармен жұмыс. – Балалар, қараңдаршы, құлыншақ бізге қандай әдемі, ашық, түрлі түсті жолақшалар әкелген. Сөздік жұмыс: түрлі түсті жолақшалар. Педагог қызыл және көк телпектері бар 2 қуыршақты әкеледі (көйлектері, шаш буғыштары және т.б. бар). – Кәне, балалар, қызыл телпегі бар қуыршаққа арналған жолақшаны таңдап көрейікші. Ал екінші қуыршағымызға да дәл басындағы телпегінің түсі сияқты көк түсті таңдайық. Педагог балалардың әрекетін «дәл осындай түстен» сөзімен түсіндіреді.
28.02.2020

Содержимое разработки

«Қызғалдақ» бірінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі. Тәрбиешісі :Сабитбекова А.Е.

Өткізу күні: 13.09. 2019 «Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі

Бөлімі: Сурет салу

Тақырып: «Көңілді жолдар»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазадыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Қол моторикасын дамыту.

Оқыту: түстері бойынша заттарды топтастыру .

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:

қатты қағаздан жолақшалар, ойыншық құлыншақ.

Сөздік жұмыс: түрлі түсті жолақшалар.

ҰОҚ-нің барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Ойындық жағдаят. Балаларға қонаққа құлыншақ келеді. Ол балаларға өзімен бірге түрлі түсті жолақшаларды сыйлыққа ала келіпті.

Негізгі кезең.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

– Балалар, қараңдаршы, құлыншақ бізге қандай әдемі, ашық, түрлі түсті жолақшалар әкелген.

Сөздік жұмыс: түрлі түсті жолақшалар.

Педагог қызыл және көк телпектері бар 2 қуыршақты әкеледі (көйлектері, шаш буғыштары және т.б. бар).

– Кәне, балалар, қызыл телпегі бар қуыршаққа арналған жолақшаны таңдап көрейікші. Ал екінші қуыршағымызға да дәл басындағы телпегінің түсі сияқты көк түсті таңдайық. Педагог балалардың әрекетін «дәл осындай түстен» сөзімен түсіндіреді.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып аламыз.

«Жол сал» дидактикалық ойыны.

Педагог балаларға құлыншаққа арнап түрлі түсті жолақшалардан (қызыл және көк ) жол салуларын ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

3. Рефлексия.

Педагог балалардың жұмысын мадақтап, құлыншақпен қоштасады.


Әдіскер:






-80%
Курсы повышения квалификации

Психология межличностного общения

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Көңілді жолдар» (12.35 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт