Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Планирование  /  7 класс  /  "Kompıýterdіń іshkі jady" конспект для 7-классов

"Kompıýterdіń іshkі jady" конспект для 7-классов

Жедел жады (ОЗУ) (RAM),процессор өңдеу кезінде пайдаланатын барлық бағдарламалар мен деректер жазылатын негізгі жад. Бұл ақпараттарды уақытша сақтап тұруға арналған жад. Жедел жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен коректендіріп отыру керек. Компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы ақпарат жойылады. Дербес компьютердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес компьютерлердің жедел жадының көлемі 8 Мбайтқа жетеді.

Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жыл­дамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (1 мен 0 тізбегі)тұратын байтбірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын ин­формация 360кб, 720кб немесе 1,2Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт) = 1024 байт, 1Мб (1 мегабайт) = 1024кб, ал винчестер деп аталып жүрген қатты дискіде, 1000-4000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады.

15.11.2018

Содержимое разработки

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1А – Ақпараттарды өлшемдеу және компьютерлік жад

Мектеп:


Мерзімі:


Мұғалім аты-жөні:


Сынып:7


Қатысушылар:


қатыспаушылар:


Сабақ тақырыбы:

Ішкі жад

Осы сабақта жетуге тиіс оқытудың мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.1 компьютердің жад түрлері орнын сипаттау (ОЗУ, ПЗУ, ВЗУ, кеш-жад)

Сабақ мақсаты

  • Жад орны мен негізгі сипаттамасын білу және түсіну

  • Жад түрлерін ажырата алу.

  • Ішкі жад ерекшеліктерін сипаттау .

Дескрипторлар

Оқушылар:

  • компьютердің ішкі жад түрлерін атай алада;

  • ішкі жад сипаттамасы мен орнын ажырата алады;

  • компьютердің жад түрлерін анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Орнын сипаттайды және мысалдарды пайдаланып жад сипаттамасын атай алады (айтылым мен тыңдалым дағдысы).

Пәндік лексика және терминология:

жад, ішкі / сыртқы жад, қолжетімділік әрекеті (жазу, оқу), қолжетімділік уақыты, жад көлемі, ОЗУ, ПЗУ, кэш-жад

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Жад ерекшеліктері болып ... табылатын сол …, онда …

Сипаттаманың бірі … жадтың – бұл …, сол сияқты түсінетін …, мысалы, …

Құндылықтарға баулу

Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай әр оқушының әрі қарай дамуы болып табылады.

Тооптық жұмыстың нәтижелерімен алмасу оқушылардың НЗМ-нің «сыйластық» (қойылған міндеттердің негізінде нәтижелерді бағалау кезіндегі ақ ниеттілігі, өзара қолдаушылық), «еңбек пен шығармашылық», «адалдық» сияқты құндылық маңыздылығы мен терең ойдың көрнекілікпен көрсетілуіне мүмкіндік береді. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді.

Пәнаралық байланыс

Биология, география, физика мен математика (статистикалық ақпаратарды сақтау мысалдары, жадты ұйымдастыру) және дене тәрбиесі (денсаулық сақтау технологиясы); орыс тілі (Я1/Я2 – диалог үшін дәлел ретінде келтірілген пайдалы сөз тіркестері; жазба және сөйлеу мәдениеті; тіл стилистикасы).

АКТ пайдалану дағдылары

MicrosoftPowerPoint презентациясында гиперсілтемемен жұмыс істей алу; веб-беттерге ауысу, ақпараттарды іздеу және сараптамалау, анимациялық қорларды көрсету үшін веб-браузерлердің мүмкіндігін қолдану.

Алдын ала білім

Компьютерлік құрылғылармен жұмыс кезінде эргономика ережесі және денсаулықты сақтау (5-6 сыныптар); процессор мен қатты дискінің орны (5 сынып); бағдарламалық қамтамасыз ету түрлері – веб-браузерлер (5 сынып).

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Қорлар

Сабақ басы

0-3 мин

Мұғалім не істейді?

Ортақ орта құру, тақырып пен мақсатты белгілеу: мұғалім сыныпты екі топқа бөліп, тақырыпты анықтауға оқушыларға тапсырма орындауын ұсынады. Топтарға компьютер құрылғысына арналған суреттерімен үлестірмелер таратады. Оқушылар қандай қызмет атқаратынын көрсетіп, құрылғы суретін таңдайды.

Тапсырма:

  • 1 топ – ақпараттың кіру құрылғысы бейнеленген үлестірмені таңдау;

  • 2 топ - ақпараттың шығу құрылғысы бейнеленген үлестірмені таңдау

Сабақтың түйінді терминді анықтау үшін сұрақтарға жауап беру ұсынылады: қай үлестірме тиіспелген қалпы қалды? Қалай бір сөзбен бұл құрылғыны атай аламыз? Олар қандай қызметке қолданылады?

Мұғалім оқушыларға ребусты шешіп, аталған термин дұрыстығын тексеруді ұсынады. Қорытындысында оқушылар сабақ тақырыбын жасады.

Сабақ презентациясы

(слайд № 1-4)

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/f94504de-9f7f-4c2c-8ae2-2155adee914c/%5BINF_007%5D_%5BAM_01%5D.swf


Оқушы не істейді?

1-топ оқушылары ақпаратқа кіру құрылғысы суретін таңдайды, 2-топ шығу құрылғысы суретін алады. Оқушылар ребусты шешеді. Сұрақтарға жауап бере отырып, жұмыс қорытындысы бойынша олар сабақ тақырыбын жазады.

4-13 мин

Мұғалім не істейді?

Тірек ұғымның өзектілігі (сыныппен жұмыс, әңгіме): сыртқы жадтың өзіне тән сипаттамасын айқындау үшін мұғалім электронды қорларға (http://иванов-ам.рф/informatika_08/informatika_materialy_zanytii_08_28.html) сүйене отырып, аналогия өткізеді. Адам есі – Компьютер жады, оқушылармен әңгімелеседі, сұрақтар береді.

Талқылау сұрақтары:

  1. Адам қандай оқиғаны ұзақ сақталады, ал қайсысы есте сақтала қоймайды? Мысалдар келтіріңдер.

  2. Адам қоршаған әлем туралы барлық ақпаратты сақтай ала ма және бұл оған керек пе?

  3. Ақпаратты ұзақ сақтауға әкелетін жад құрылғысын қалай атауға болады? (Ұзақ уақытты жад)

  4. Ақпаратты тез сақтайтын жад құрылғысын қалай атауға болады? (Жедел жад).

Сабақ презентациясы

(слайд № 5)


Материалдар файлы № 1


Таратылым материалы № 1

(сызба –Компьютер жады түрлері)




ЦОР:

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/f94504de-9f7f-4c2c-8ae2-2155adee914c/%5BINF_007%5D_%5BAM_01%5D.swf


Материалдар бейнесі:

https://www.youtube.com/watch?v=L2EPZI4Jlbw#t=04m18s


https://www.youtube.com/watch?v=L2EPZI4Jlbw#t=10m25s

Оқушы не істейді

Оқушылар адам есінде ақпараттар қалай сақталатыны туралы бір-бірімен пікір алмасады (талқылау үшін сұрақ); одан кейін жад анықтамасын жазады және қорытындысын жаза отырып, «Компьютер жады түрлері» сызбасын толтырады.


«Компьютер жады түрлері» сызбасы

Қорытынды: ішкі жад ерекшеліктері жоғары тез әрекет пен шектеулі көлем болып табылады.

14-24 мин

Мұғалім не істейді?

Топтық жұмыстың ұйымдастырылуы: мұғалім оқушыларды 3 топқа бөледі: 1 топ жедел топ, 2 топтұрақты жад, 3 топкеш-жад, әрқайсысы ғаламтор қорларына (анимация) сүйене отырып, 10 минут ішінде ішкі жадтың (тез әрекет, көлем-сыйымдылық, т.б.) орны, түрлері мен негізгі сипатамасы туралы постер дайындайды.

Сабақ презентациясы

(слайд № 8)


Анимациялық қорлар

(Компьютердің ішкі және сыртқы жады)

Маркеры, флипчарт



Оқушы не істейді?

Топтық жұмыс: оқушылар 10 минут бойы орны, түрлері мен жедел жадтың негізгі сипатамасытуралы 1-топ, тұрақты жад туралы 2-топ, кеш-жад туралы 3-топ жұмыс нәтижелері презентациясын дайындайды.

  • http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/e6f9f4cc-cc33-4860-8691-a90e304e1ea3/%5BINF_028%5D_%5BAM_20%5D.swf

  • http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/ccfcb57b-0c6c-402b-a942-2a8aea124470/%5BINF_028%5D_%5BAM_23%5D.swf

  • http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/113b2db9-92ab-4044-b38e-02ada4305454/%5BINF_028%5D_%5BAM_22%5D.swf

24-30 мин

Мұғалім не істейді?

Топтық жұмыс нәтижелері презентациясы (ОМ қалыптастырушы бағалауы 7.1.1.1, дағдыбілу және түсіну): мұғалім 2 минут ішінде әр топтың жұмысы туралы презентацияға нәтижелер постерін құруға ұсынады.

Оқушылардың қорытынды шығару түйіні үшін, компьютердің ішкі жад түрлері туралы толық ақпараттар мазмұндайтын слайдтарды ауыстыру үшін түймені (1,2,3) басады.



Сабақ презентациясы

(слайд № 8-15)


Оқушы не істейді?

Оқушылар барысында ішкі жад орны, түрлері мен сипаттамалары туралы әңгімелейтін топтық жұмыс нәтижелерінің презентациясын өткізеді.

Бағалау критерийлер

Дескриптор

Ұпай

компьютердің ішкі жад түрлерін атайды.

Жедел жадтың міндетімен сипаттамасынды көрсетеді

1

Тұрақты жад міндетімен сипаттамасынды көрсетеді

1

Кэш-жадтың міндетімен сипаттамасынды көрсетеді

1



31-41 мин

Мұғалім не істейді?

Жеке жұмысты ұйымдастыру:

  1. Сақтау үшін аналық анықтамаға ПК-нің негізгі құрамдарды атаңдар;

  2. Құрылғыны оның қызметтеріне сәйкес бөліңдер.


Саралау:

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/e2d9e993-1ea6-4e75-980c-8844e3cd62b4/9_50.swf

Сабақ презентациясы

(слайд № 16)



Оқушы не істейді?

Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша білімді бекітуге http://learningapps.org/406361 қорларын пайдаланып, жеке тапсырма орындайды.

Конец урока

42-45 мин

Мұғалім не істейді?

Сабақ рефлексиясы: сабақ қорытындысын жасау.

Сабақ презентациясы

(слайд № 17-20)


Оқушы не істейді?

Оқушылар рефлексия парағын сөйлемдермен жалғастыра толтырады: «Бүгінгі сабақта...»

  • Мен қайталадым....

  • Мен білдім.....

  • Мен үйрендім...

Үй жұмысы


  1. Өз бетімен «Компьютердің жады құрылғысының салыстырмалы сараптамасы» кестесін толтырыңдар:



Жедел жад

Тұрақты жад

Қуат көзін тоқтатқанда


Ақпаратты өзгертуге бола ма?



мәліметтерді беру жылдамдығы





Саралау – қандай түрде Сіз көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті деген оқушыларға Қандай Тапсырмаларды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау

Топтық жұмыс барысында оқушылардың қосымша қолдауы.

Жақсы қабілеттілер қызықты болып/басқалаға күрделілеу болып көрінген өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады.

Саралаудың түйінді қағидасы – тереңдеу.

Сұрақтарға жауап және жауаптар көрінісі.

Басты тапсырмаларды орындаған кезде сұрақтарды пайдалану.

Оқушылардың тапсырмаларды орындағандағы нәтижелерін/жетістіктерін түсіну үшін шолу сұрақтарын пайдалану.

Жеке жұмыс нәтижелеріне қалыптастырушы бағалауды пайдалану..

Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде кейбір қауіпсіздік техникасы ережесін еске түсіру, мысалы, экранды, клавиатураны, тінтуірді орнатқан кезде қозғалыс қаупін туғызатын сымдардан сақтанып абай болу. Эргономика мен еңбек қорғау талаптарын қадағалау. Минуттік сергіту жүргізу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаты болды ма/оқыту мақсаты шынайы ма?

Барлық оқушылар ЦО-ға жетті ме?

Егер жетпесе, себебі не?

Сабақта саралау дұрыс өткізілді ме, әлде қалай?

Уақытша сабақ кезеңдері сақталды ма, әлде қалай?

Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма, болса неге?



Жалпы баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру қалай, солай оқытуды ойлаңдар)?

1:

2:

Сабақтың жақсаруына әкелетін не болуы мүмкін (сабақ беру қалай, солай оқытуды ойлаңдар)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе кейбір оқушылардың жетістігі/қиындығы туралы нені анықтадым, келесі сабақта неменеге көңіл аудару қажет?





-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Kompıýterdіń іshkі jady" конспект для 7-классов (84.13 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт