Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  «Көлшіктегі үйрек»

«Көлшіктегі үйрек»

Іс - ?рекет кезе?і. Т?рбиешіні? ?рекеті. Шатты? № 65 Т?рбиеші балаларды «К?нні? н?рын алайы?» атты шатты? ше?берге т?р?ызады. Балалар ?имылмен к?рсетеді Ше?бер болып т?райы? Ала?анды ашайы?. К?нні? н?рын алайы? Таза ауаны ж?тайы? Ж?рекке жылу салайы? Мейірімділік шо?ын алайы?. Жинал?ан жылы шуа?ты. ?она?тар?а сыйлайы? ?йымдастырушылы? - ізденушілік Тауы? пен ?йрек суреті бойынша ??гімелесу. - Мына суреттен не к?ріп т?рсы?дар? - Тауы? пен ?йректі - Б?лар ?й ??стары. Ал оларды?

22.04.2017

Содержимое разработки

«Көлшіктегі үйрек»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Үйрек балапанының мүсіні
Мақсаты: Б. м: Балалардың үлкен - кіші, көп, аз, ұғымын, дөңгелек және сопақша пішіні туралы білмдерін бекіту. Д. м: Ермексазды домалатуды, бармақпен шымшып созуды үйретуді жалғастыру. Т. м: Ермексазбен ұқыпты, таза жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Балапан (үйректің) ойыншығы. Сурет тауық пен үйректің, бейнеленген көл суреті, ермексаз, тақтайша, шүберек.

Қостілдік компонент: Балапан – птенчик, шөже – птенец, үйрек – утка

Іс - әрекет кезеңі. Тәрбиешінің әрекеті.
Шаттық № 65 Тәрбиеші балаларды «Күннің нұрын алайық» атты шаттық шеңберге тұрғызады. Балалар қимылмен көрсетеді
Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрекке жылу салайық
Мейірімділік шоғын алайық. Жиналған жылы шуақты. Қонақтарға сыйлайық

Ұйымдастырушылық - ізденушілік
Тауық пен үйрек суреті бойынша әңгімелесу.
- Мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Тауық пен үйректі
- Бұлар үй құстары. Ал олардың балаларын қалай атайды?
- Балапан
- Тауықтың балапанын «шөже», ал үйректің балапаны «балапан» деп аталады.
- Тауық пен үйрек үлкен, ал шөже мен балапан қандай?
- Кішкентай
- Тауық қалай дыбыстайды? Балалар құстардың дауысын салады
- Ал үйрек ше?
- Үйректің балапанын қарастыру.
Тақтада үйрек балапанының суреті (екі түрде көрсетілген. Біреуінде үйрек балапанының суреті болса, екіншісінде үйректің балапанының пішіні басы – дөңгелек, денесі сопақша түрінде көрсетілген)
- Балалар тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Балапанның суретін
- Қай құстың балапаны? - Үйректің
- Екінші суреттегі балапанның суретінің дене бөліктері қандай пішінге ұқсайды? - Басы дөңгелек, денесі – сопақша.
- Қане, дөңгелекті, сопақшаны ауада сызып көрсетейік.
- Біз бүгін ермексаздан үйрек балапанын мүсіндейміз.
- Балапанның түсі қандай екен?
- Сары

- Ендеше сары түсті ермексазды аламыз. Балаларға көмектесіп жеке жұмыс жүргізеді
- Ол үшін екі бөліктен тұратын ермексазды қолданамыз. Кіші бөлігі – басын домалатып домалақ жасаймыз. (көрсету)
- Үлкен бөлігі – денесін сопақша етіп жасау үшін домалатып, алақанға салып басамыз, ал тұмсығын, құйрығын бармақпен шымшып созамыз.
Ұсақ моторикаға арналған жаттығу:
«Қазым, қазым қаңқылда»
Қазым, қазым, қаңқылда
Көлде жүзіп саңқылда
Жем шашайын, жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ, жоқ, жоқ!
Кәмпит - тәтті, болмайды ас
Арпа менен бидай шаш

Рефлексивті - түзетушілік
- Бүгін біз ермексаздан не жасадық? - Балапан
- Қай құстың балапаны? - Үйректің
- Неше бөліктен жасадық? - Екі бөліктен басы, денесі
- Денесін жасау үшін не істедік? - Домалатып, алақанмен бастық
- Ал, тұмсығын, құйрығын қалай жасадық? - Шымшып, создық
- Ал, енді балапандарды көлге жіберейік.
- Жасаған балапандарын көлге жібереді

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Балапан үйректің баласы екенін білуі керек
Нені игереді: Балапанның дене бөліктерін атай алады
Нені біледі: Ермексазды үйрек балапанының мүсіні жасай алады

-75%
Курсы повышения квалификации

Эффективные формы и методы организации образовательно-воспитательного процесса в детском доме

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Көлшіктегі үйрек» (14.57 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели