Сынып сағатының тақырыбы: Патриоттық акт-мәңгілік ел»
Мақсаты: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел» туралы түсінік беру.
Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Барша қазақстандықтардың мақсаты, мүддесі, тағдыры бір екендігін ұғындыру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, сөзжұмбақ, суреттер, мақалдар, слайдтар.
Барысы Кіріспе сөз: Туған өлке туралы өлеңдер оқу.
Зарина:Отан-жерім,Отан-суым, Отан қуат,нәр береді. Отан-ұран,Отан-туым, Отан мәңгі гүлденеді!
Диас:Отан-сенің ата-анаң, Отан-досың, бауырың. Отан-өлкең,астанаң, Отан-аудан, ауылың.
Ділназ: Отан-тарих, Отан-тіл, Жасаған елің, ер халқың. Отан-өлең, Отан-жыр, Көтерген көкке ел даңқын.
Аңсар: Отан-осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. «Отан» деп өс, жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл!
Елдар: Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Данат: Түлігі өскен алуан-алуан, Төс, алқабы малға толған. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! -Балалар, біздің туған өлкеміз қалай аталады? -Қазақстан -Қазақстан қандай мемлекет? -Тәуелсіз,егеменді мемлекет. Қазақстанның жері - кең-байтақ. Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың шақырымға,солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі. Мұнда тау да,өзен де,шөл де бар.
-Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел болып жарияланды.
-Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер? Ешкімге тәуелді емес,дербес,яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет. Қазақстан Республикасын еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады. Елдіктің,айбынды жалғасы, Кейде тасып,кейде толқып арнасы. Қиялменен, ұғындым, бір шындықты, Оңай емес, болу деген-Елбасы. Елбасымыздың биылғы жылғы халқына жолдауында баршамыздың мақсатымыз, мүддеміз, тағдырымыз бір,сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте,татулықта болуымыз қажет деген болатын. Қазақстан-мәңгілік ел болуы мына отырған сендердің де қолдарыңызда,ол үшін сіздер берген білімді одан әрі игеріп, ізденіп өз қажеттіліктеріңе жұмсап отырасыңдар, ел ертеңі- білімді ұрпақ деп тегін айтылмаған. Ұрпағымыз білімді, тәрбиелі, саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп, гүлдене түсері сөзсіз.
Олай болса, тек білімді болайық! -Ендеше, балалар, өз білімдеріңді ортаға салайық! ҚР-сының мемлекеттік тілі қандай? -Қазақ тілі. -Қазақстан Республикасының өз Ата Заңы бар. Тамыз айының 30 жұлдызы Ата Заңымыздың қабылданған күнін тойлаймыз.
-Барша қазақстандықтардың құқығы осы заң аясында қорғалады.
Сейфуллин: Құқығымды қорғаған, Ата заңды қолға алам. Оның әрбір бабымен Әділеттік орнаған.
Султанна: Құқығыңды білгейсің, Тәртіпті боп жүргейсің. Заңды білсең қашанда, Жаман өмір сүрмейсің.
Диас: Елдігімді сақтаған, Бар үмітті ақтаған, Ата заңым әділ деп Барша жұртқа мақтанам. -Иә,балалар, «бала бол,дана бол бәріңе заң біреу-ақ». ҚР-сының мемлекеттік рәміздерін атаңдар. -Ту, Елтаңба, Гимн.
Зарина: Рәміздерім елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші. Рәміздерім Гимн ,Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. Мемлекеттік туға сипаттама беру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы-тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар. Тудың ені-1 метр, ұзындығы-2 метр. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР-сының сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген суретшісі.
Ансар: Желбіресе көк туым, Көтерілер шоқтығым. Қазақты әлем таныды, Егеменді ел боп бүгін.
Елдар: Таңдай қаққан шартарап, Көк туымда барша бақ. Қыран самғап барады, Күнді иыққа арқалап.
Данат: Көк туымнан нұр алдым, Сол қыранға сыңармын. Ерікті елдің еншісі- Еркіндігі қыранның.
Ділназ: Еліміздің жалауы Желбірейді аспанда. Бар әлемге танылып, Биік тұрар қашанда! Елтаңба туралы сипаттама беру. Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Елтаңба толық шеңбер кескінін береді. Ол тіршілік,мәңгілік белгісі. Шаңырақ-отбасы амандығының бейбітшілік пен тыныштық айғағы,елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымағының белгісі. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған оны аңыз- әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Жылқы-пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар. Елтаңбаның жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің 11 құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екенін көрсетеді. Ал көк түс аспан барша әлемнің халықтарына ортақ деген сөз. Бұл біздің жер бетіндегі барлық елдермен бейбітшілікте, достық пен бірлікте, өмір сүргіміз келетіндігін баяндайды. Елтаңбаның авторлары: Шот-Аман Уәлиханов ҚР еңбек сіңірген архитекторы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жандарбек Мәлібеков- сәулетші.
Султанна: Елтаңбасы елімнің Неткен әйбат,әдемі! Тұнығындай көңілдің, Ортада-аспан әлемі.
Сейфуллин: Құт,береке-шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ, Екі жақтан көмкерген.
Данат: Тәуелсіздік жолында, Талай-талай тер тамған. Билігім өз қолымда, Еркіндігім-Елтаңбам. Мемлекеттік Гимнға сипаттама беру. Мемлекеттік Гимн - халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейілімізді, досқа ашық құшағымызды еркіндікке құштар, кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттік Гимн-егеменді еліміздің туы мен елтаңбасының сазды баламасы. 2006 жылы ҚР-сының жаңа гимны қолданысқа енді. Гимнның сөзін жазған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов. Гимнның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Зарина: Батырлыққа уызынан жарыған, Ер түркіні байрағынан таныған. Өзі ақын, өзі әнші халықта, Кім айта алар, болмаған деп-Әнұран. Астана туралы өлеңдер Жаңа қала, жас қала, Болды бүгін бас қала. Ол – сүйікті Астана. Қанат жайған көсіле Алатаудың төсінде. Алып қала – Астана.
ІІ.Қорытынды бөлім.
Сендер де ертең еліміздің көркеюіне өз үлестеріңді қосасыңдар,бірің сәулетші, бірің, дәрігер, бірің құрылысшы, тағы да басқа маман иесі болып, елді гүлдендіре түсесіңдер деген сенімім мол. Сонымен, «ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, мәңгілік ел болу үшін осы отырған бүлдіршіндеріміз аман болып, болашақтары жарқын болсын деп тілейік! Құжаттық қысқаша мазмұны: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел» туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Барша қазақстандықтардың мақсаты, мүддесі, тағдыры бір екендігін ұғындыру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту. Қазақстанның жері-кең-байтақ. Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі. Мұнда тау да, өзен де, шөл де бар. -Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел болып жарияланды. -Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер? Ешкімге тәуелді емес, дербес, яғни, өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет. Қазақстан Республикасын еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады. Елбасымыздың биылғы жылғы халқына жолдауында баршамыздың мақсатымыз, мүддеміз,тағдырымыз бір, сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте, татулықта болуымыз қажет деген болатын. Қазақстан-мәңгілік ел болуы мына отырған сендердің де қолдарыңызда,ол үшін сіздер берген білімді одан әрі игеріп,ізденіп өз қажеттіліктеріңе жұмсап отырасыңдар, ел ертеңі- білімді ұрпақ деп тегін айтылмаған. Ұрпағымыз білімді,тәрбиелі, саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп,гүлдене түсері сөзсіз. Олай болса, тек білімді болайық!