16.01.2017ж
Тақырыбы: «Әке мен бала» Ы. Алтынсарин.
Мақсаты:
Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин өмірі және оның шығармашылығы білімдерін қалыптастыру. Тыңдай білу, әңгімелей білу іскерліктерін, дағдыларын дамыту. Әңгіме мен ертегіні ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Ы. Алтынсариннің портреті, суреттер.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
І. Тәрбие жұмысының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық сәт.
Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін,
Күн нұрындай жылуын төге берсін.
Күндей жарық көңілді күй кешейік,
Бәріміз дос болып бөлісейік.
3. Кіріспе әңгіме.
- Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
- Сендер Ыбырай атаның қандай өлеңдерін, ертегілерін, әңгімелерін білесіңдер?
4. Бүгін Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» атты шығармасымен танысамыз.
5. Педагог шығарманы оқып береді.
6. Сұрақ-жауап.
- Балалар, шығарма не жайында?
- Баланың істеген ісі дұрыс па?
- Не ге дұрыс (дұрыс емес) деп ойлайсыңдар?
- Баланың мінезі ұнады ма?
- Сендер әкелеріңнің тілін аласыңдар ма?
- Енді суретке қарап, әңгімені естеріңе түсіріңдер.
7. Мазмұнын айту.
8. Қорытындылау.
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды атап өтіп, сабақты аяқтау.

"Әке мен бала"технологиялық карта (11.71 KB)

