Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Мероприятия  /  Прочее  /  Әке деген-ізгіліктің жолдары

Әке деген-ізгіліктің жолдары

«?ке деген – ізгілікті? жолдары»

?о?амды? институттарды? е? к?рделі ж?йесі б?л – отбасы. Отбасы ?арапайым екі адамны? бірлесіп ша?ыра? к?теруінен басталып, сол ша?ыра? ар?ылы ?рім-б?та? ?сіп-?ніп, ?лкен бір ?ауым?а айналады. Хал?ымызды? д?ст?рінде ?ара ша?ыра?ты? ?асиетін тере? сезіндіретін небір ?ла?атты с?здер бар. Соны? б?рі жайдан-жай емес. Отбасыны? ?рбір м?шесі, ата-ана, бала – ?йді? алтын ді?гегі. Осыларды? ішінде ерекше алып ?арайтын негізгі та?ырыбымыз, ол – ?ке. ?андай ?ла?атты с?з! ?ке ?ркімде бар. ?ке – жаратылысты? бастауы. Алла та?ала адам баласын жарат?анда Адам ата, Хауа ана деп о баста б?ліп жарат?ан. Адамзат баласыны? жер бетінде к?беюі д?л осы екі жаратылыс иесінен бастау ал?ан.

22.01.2017

Содержимое разработки

«Әке деген – ізгіліктің жолдары»

Қоғамдық институттардың ең күрделі жүйесі бұл – отбасы. Отбасы қарапайым екі адамның бірлесіп шаңырақ көтеруінен басталып, сол шаңырақ арқылы үрім-бұтақ өсіп-өніп, үлкен бір қауымға айналады. Халқымыздың дәстүрінде қара шаңырақтың қасиетін терең сезіндіретін небір ұлағатты сөздер бар. Соның бәрі жайдан-жай емес. Отбасының әрбір мүшесі, ата-ана, бала – үйдің алтын діңгегі. Осылардың ішінде ерекше алып қарайтын негізгі тақырыбымыз, ол – әке. Қандай ұлағатты сөз! Әке әркімде бар. Әке – жаратылыстың бастауы. Алла тағала адам баласын жаратқанда Адам ата, Хауа ана деп о баста бөліп жаратқан. Адамзат баласының жер бетінде көбеюі дәл осы екі жаратылыс иесінен бастау алған.

Әке мен ананың өзара байланысы, олардың бақыты – күллі ұлттың бақыты. Олай болса, әкесіз ананы, анасыз әкені елестетудің өзі қиын. Жер бетінде жақсылық атаулының барлығы осы екі адамның қолымен, солардың ізгі жүректерімен, нәзік көңілдерімен жасалады. Ата-ананың балаға сыйлаған өмірі, оларға берген тәлім-тәрбиесі сол баланың ержетіп, жақсы азамат болып өсуіне кепіл болады. Қазақ халқы әкені асқар тауға теңейді. Бұдан асқан теңеу, меніңше, жоқ. Бейнелі сөз болғанымен, әкенің жер бетіндегі құдірет-күші, отбасына деген панасы асқар таудан кем соқпайтын шығар. Асқар тауға қай жағынан қарасаң да, ол – асқар, ол – биік. Оның жанына келіп саяласаң да, паналасаң да болады. Асқар тау бір адамды ғана емес, бүкіл елді өз бауырына ала алады. Ол сондай дарқан, ол сондай жомарт. Асқар таудың бүкіл болмысы бір әкенің болмысымен астасып жатқандай әсер етеді. Қазақ халқының отбасы туралы өз түсінігі бар. «Қара қазан, сары баланың қамы» деп өмір сүретін ағайын, дүниеде отбасынан маңызды, отбасыдан артық еш нәрсе жоқ деп түсінген. Не істесе де, қандай шаруа атқарса да – бәрі отбасының қамына жасалған. Өйткені, отбасы аман болса – ел аман, отбасы тыныш болса, жұрт тыныш екенін дана қазақ ежелден білген. Шаңырақтың шайқалмауын ең бірінші кезекте тілеген.Бұл – біздің ұлттық, халықтық дүниетанымымыздың бір ғана бөлігі.

Өмірде ұрпақтар тәжірибесі деген бар. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі». Бұл жағынан алғанда ұтарымыз көп. Бірақ әкелердің бәрі бірдей ұлына үлгі болып жатыр ма? «Бес саусақ бірдей емес». Әкелердің де түрлі-түрлісі болады. Шешелердің де түрлі-түрлісі болады. Баласының тағдырына, отбасының қамына жүрдім-бардым қарайтын әкелер болады. Үйленбей жатып ажырасып, баланың обалына қалып, соның тиісті алименттік төлемін төлемей, бой тасалап, табысын жасырып жүретін әкелер де бар. Ондайлар бүгінде көп. Мұның бәрі өзіміздің қоғамда болып жататын жағдай болған соң, тәптіштеп айта берудің қажеті жоқ шығар.

Әке туралы әңгіме қозғаған соң, бір сәт ұлағатты әкелер туралы айтайықшы. Ондайлар да бар ғой. Көп шығар деп ойлаймын. Сәл тарихи шегініс жасап, кешегі ұлылардың заманына зер салсақ, қазақтың бас ақыны – Абай. Оның әкесі Құнанбай. Құнанбайдың Абайға айтқан бір сөзі бар емес пе еді: «Мықты болсаң, өзіңдей ұл тудырып ал» деген. Бұл сөзде үлкен мән жатыр. Абай сияқты ұл тудырып, ұлағатты тәрбиесін беріп, ел өміріне араластырып шыңдауы жас баланың халықты ерте тани бастағанына дәлел емес пе? Құнанбай болмаса, Абай Абай болар ма еді? Міне, баланың өмірінде әкенің алатын орны қандай! Анау Шоқанды алайық. Шоқанның тәлім-тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, бала Шоқанды оқуға жібергізіп, дана Шоқан қылған кім? Шоқанның әкесі – Шыңғыс. Шыңғыс болмаса, Шоқан Шоқан болар ма еді? Демек, баланың дана болуына, азамат боп ержетуінде әкелердің алатын орны ерекше. Ұлы Абай әкесі Құнанбайдың қадірін жете білген. Оны мына бір өлең жолдарынан көреміз:
Мұсылманға қоймаған,
Орынсыз жанжал, шатақты.
Ерегіскен жауларын.
Кісен салып матапты,
Зекет жиып, егін сап.
Тойдырған ғаріп, жатақты,
Ескендір, Темір, Шыңғыстай.
Мұсылманда атақты,
Мұқым қазақ баласы.
Тегіс ақыл сұрапты,
Тобықтыны ел қылып.
Басын жиып құрапты,
Меккеде уақып үй салып.
Пәтер қып, жаққан шырақты,
Бір Құдайдың жолына.
Малды аямай бұлапты,
Ажал уақыты жеткен соң.
Соның да гүлі қурапты
Қажыны алған бұл өлім,
Сабыр қылсақ керек-ті.
Әке туралы баланың бұлайша толға­нуы – заңды нәрсе. Әкелер өмірден өт­кен соң, артындағы ұрпақ олардың қадірін кеш түсі­ніп жатса да, үлгі-өнегесін, ардақ­ты есімін еш уақытта естен шығармайды. Жаратылыстың бір құпиясы сонда, әрбір адам баласының бұл дүниедегі іздері олар өмірден өткенімен, соңында сайрап жатады. Әрине, оны тек ет жақындары сезеді. Ол адамның өзі болмағанымен, оның рухани кеңістігі, сөздерінің кеңістігі, істерінің кеңістігі сезіліп, аңғарылып тұрады. Ол бейнебір өшпегендей, бұл дүниеден өтпегендей, ағайын-туыстарының жадында сақталып тұрады. Жұбату айтқанда да «ол біздің жадымызда мәңгілік сақталады» деп айтылуы тегіннен-тегін емес. Баланың көз алдындағы әке бейнесі ең бір жарқын сәттерге толы болып есте қалады.

Әкенің тәрбиесін көріп өскен балада арман бар ма? Әке деген мұхит қой, біле білген кісіге. Әкенің сөйлеген сөзі, әкенің айтқан ақылы, әкемен бірлесіп жасаған шаруалар, әкемен өткізген әрбір күн, әрбір сағат, әрбір минут – үлкен тәрбие мектебі. Баланың ой-санасы ананың аялы алақанымен, әкенің нұрлы сөздерімен қалыптасады. Екеуі бірдей болмаса, бала толыққанды болмайды. Ажырасамыз деген жастарға үлкендердің басу айтып жататыны да содан. Өйткені ажырасудың салдарынан баланың өміріне зиян келетінін үлкендер жақсы біледі. Оны ести алатын құлақ, ұға алатын пайым болса жақсы. Көбі балаға да қарамай, екі жаққа кетіп жатады. Содан келіп, қоғам бұзылды дейміз. Қоғам қалай бұзылмайды, бала толық отбасында өспесе? Әке мен шешенің тәрбиесін қатар, бірдей көрмесе? Оның ішкі әлемі, сезімі мен санасы не болады?

Дүниедегі ешбір оқу – әке мен ананың берген тәлімін бере алмайды. Оқудан білім қонар, ал тағылымды тәрбие – тек әке мен анадан ғана берілетін қасиет. Әке мен ананың бергеніндей білім, ақыл, тәрбие еш жерде болмайды. Оны кітаптан табу қиын. Олардың тәрбиесі, Абай айтпақшы, бар тамырды қуалайды. Жүректен шығып жүрекке жетеді. Әкенің балаға айтқан әңгімесі, баласымен бірге ойнап-күлгені, серуендеткені, ел аралатып қыдыртқаны, жаңа адамдармен таныстырғаны, «балам» деп мақтанғаны, ата-бабасының, руының, елі мен жерінің кім екенін ұқтырғаны – тәрбиелік мәні терең дүниелер.

Әке – өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті байланыстырып тұрған алтын көпір. Сол көпір арқылы әрбір ұрпақ өзінің болашағымен қауышады. Үй шаруасына ана жауапты болса, отбасының жалпы жағдайына әке жауапты. Ежелден қалыптасқан түсініктің бірі – «әке – үйдің асыраушысы». Үйдегі жандардың аш қалмауын, киімдерінің бүтін болуын ойлайтын – әке. «Балаларым алаңсыз балалық шағын өткізсін, жарым ештеңеден қысылмасын, дастарқанымыз мол болсын» деген ой әкенің көкейінен ешқашан кетпейді. Бұл табиғаттың заңдылығы да шығар. Өткен дәуірлерде де әке үйдің басты асыраушысы болды. Бүгінде де сол дәрежесінде келе жатыр. Әкесі бар үйдің шаңырағы еш уақытта шайқалмайды. Ол үйдің тәртібі де темірдей қатал. Қандай да болсын жағдайларда соңғы сөз – әкеде. Әкенің айтқанымен жүрген бала өз жүрісінен жаңылмайды. Әкені тыңдап өскен бала өмірдегі жолын табады. Жақсы азамат болып, еліне адал қызмет етеді. «Әкелік асыл сөзіңнен, жолымды тауып келемін» деп «Әке туралы» әнде айтылатындай, әр бала өзінің жолын табады. Себебі баланың барлық арманы әкенің арманымен ұштасады.

Әке өзінің баласын қандай күйде көргісі келетінін күні бұрын ойластырады. Әрине, ешбір әке өз баласына жамандық тілемейді. Ең асылын, ең жақсысын баласына беріп, «мен көрген қиындықты балам көрмесінші» деп тілейді. Мұны сезіп, сол ойды ақылына қондырып, санасындағы терең түйсікпен біліп жатқан бала болса, ондайдан айналып кетесің ғой. Бірақ өмірде олай бола да бермейді. Әке мен шешенің айтқанын тыңдамай, «өзімбілемге» салып қателікке бой алдырғандар аз ба? Сөйтіп жүріп жарық күнде адасқандар аз ба? Мұның бәрі отбасындағы рухани дағдарысқа әкеледі. Оның ар жағында отбасының құлдырауы жатыр. Әке әр қашанда қара шаңырақтың иесі болып қалуы керек. Онсыз бағытымыз айқын болмайды.

Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанын орындап отыру әрбір перзенттің басты парызы дегіміз келеді.







-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в работе по предупреждению и преодолению неуспеваемости учащихся в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Әке деген-ізгіліктің жолдары (44.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт