Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 9 (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Пәні : Химия
№1сабақ
|
Химия |
| |||||
Сабақ тақырыбы: | Химияның негізгі түсініктері мен заңдары, Атом құрылыс теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы. | ||||||
|
| ||||||
Жалпы мақсаттар:
| 1. Техника қауіпсіздігі боіынша алғашқы нұсқаулар мен химияның негізгі түсініктері мен заңдарын қайталау 2. талдау,жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту. 3. Оқулықпен жұмыс істеу кезінде тақырыптағы басты мәселені анықтап, өз бетімен білім алуға үйрену Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңы. Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы. | ||||||
Күтілетін нәтижесі | Химиялық негігі түсініктер мен заңдар туралы білім қалыптасады.Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады.Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. | ||||||
Түйінді идеялар | Химияның негізгі түсініктері мен заңдары.Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалау. | ||||||
Сабақтың әдісі | Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі | ||||||
Сабақтың көрнекілігі | периодтық кесте, злектрондық оқулық | ||||||
Ұйымдастыру кезеңі | · Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. · Оқушыларды топқа бөлу элементер таңбасы арқылы. · Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады. | ||||||
Қызығушылықты ояту
| Химиялық диктант Ауадағы газдардың құрамына оттегінің ………. кіреді. Су молекуласы оттегінің және сутегінің ……….. тұрады. Жемістің қайнатпа болуы оның құрамындағы қант ……….. байланысты. Оттек суда ерігенде оттегінің ………. судың ……… арасына орналасады. Қант ……….. құрамына оттегі және сутегі ………. басқа да көміртек ……..кіреді. Иод ерітіндісінің иісі ерітіндіден шығып жатқан иод ……….. байланысты. Шіріген жұмыртқаның иісі күкіртсутек ………….. байланысты. | ||||||
Жаңа сабақ
| Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс 1 топ. Заттың құрам тұрақтылық заңы. 2 топ. Газ заңдары. Авогадро заңы. Газдың молярлық көлемі. 3 топ. Зат массасының сақталу заңы. Оқушылар берілген мәтінді өз беттерінше оқып диалог әдісі бойынша талдайды. Постерге түсіріп басқа топтарға түсіндіреді. байланысқандықтан оның қасиеттері де өзгеше
| ||||||
Тапсырмалар | 1-деңгей 1. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек……. деп аталады. 2. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп бір күрделі затқа айналуын ……деп атаймыз. 3. Құрам тұрақтылық заңын ……..ашты. 2-деңгей 1. Валенттілік арқылы формула құрастыр. V II III II V I IV II II II P O , Al O , P Cl , N O , Ba O 2. Реакция типтерін анықта: 2Al + 3Cl2 → 2AlCl3 Fe + 2HCl → FeCl2 + H2 3.М.В.Ломоносовтың мойнақпен тәжірибе жасап, ұсынған заңы? 3- деңгей 1.Hg + O2→ HgO C6H14+O2→ CO2 + H2O 2. KMnO4 , K2MnO4қайсысында калийдің массалық үлесі көп? 3. Магний жанғанда 28 грамм магний оксиді түзілді. Реакцияға қатысқан магнийдің массасы және мөлшері канша?
| ||||||
|
| ||||||
| Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады. 1. Элементтер периодтық жүйеде қандай белгілеріне қарай орналасқан? 2. Периодтық жүйе қалай құрылған? 3. Периодтық жүйеде атом ядросы зарядының артуына байланысты элементтердің қасиеті қалай өзгереді? 4. ІҮ-ші периодтағы нағыз металдар мен нағыз бейметалдарды атаңдар. 5. Периодтық жүйеде неше топ бар? 6. Топтар қалай бөлінеді? 7. Атомның ядро зарядына байланысты топшаларда элементтердің қасиеті қалай өзгереді? 8. І -топтағы ең белсенді металды және VII -топтағы ең белсенді бейметалды атаңдар. | ||||||
| |||||||
| Элементтің периодты жүйедегі орны. а) реттік нөмірі; ә) периоды, қатары; б) тобы, топшасы; в) атомдық массасы; Элементтің атомдық құрылысы. а) атом ядросының заряды; ә) атом құрамының формуласы (р,n,е сандары); б) энергиялық деңгейлер саны және онда электрондардың орналасуы (е); в) электрондық формуласы(1s2,2s….); г) кванттық ұяшықтар; д) сыртқы қабаттағы электрон саны=металл немесе бейметалл; Элементтің жоғары валенттілік көрсететін қосылыстарының формуласы. а) оксидтері; ә) гидроксидтері; б) ұшқыш сутекті қосылыстары; Химиялық қасиеті. а) оксидінің (негіздік, екідайлы, қышқылдық) ә) гидроксидтері (негіз, екідайлы, қышқыл) Элементті көрші элементпен салыстыру. а) период бойынша; ә) топ бойынша; (металды бейметалмен салыстыруға болмайды). | ||||||
Тапсырмалар |
| ||||||
Кейінгі тапсырмалар | Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындау. | ||||||
Бағалау | Формативті бағалау: екі жұлдыз,бір ұсыныс. Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды
| ||||||
Кері байланыс | Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу. | ||||||
Үйге тапсырма | §1,2 8-22 б. |