Меню
Разработки
Разработки  /  Физкультура  /  Уроки  /  9 класс  /  Казак улттык ойындарынын бірі - „Тогызкумалак ”ойынынын баланын ойлау кабилетинин дамуына асери

Казак улттык ойындарынын бірі - „Тогызкумалак ”ойынынын баланын ойлау кабилетинин дамуына асери

Осы жоба ар?ылы ?лтты? ойын ?аншалы?ты адамны? денсаулы?ына  пайдалы   екенін    т?сіндіру. О?ушыларды?   спорт?а    к?з   ?арасын ?згерту,

о?ушыларды?  арасында спорт т?рлерін насихаттау. ?лтты? ойын?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру. О?ушыларды ?лтты? рухта т?рбиелеу,?оз?алыс сапасын дамыту,ба?ыттаушы с?ра?тар?а жауап беру ар?ылы ?лтты? ойын туралы т?сініктерін ке?ейту. 

30.08.2016

Содержимое разработки

Ақмола облысы

« Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебі» МКМ








Тақырыбы:

Қазақ ұлттық ойындарының бірі - „Тоғызқұмалақ ”ойынының баланың ойлау қабілетінің дамуына әсері.





Бағыты: Дені сау орта – Қазақстан-2030 стратегиясын жүзеге асырудың негізі



Секция: Биология





Орындаушы: Бержан Жанерке

6 сынып №7 қазақ орта мектебі

Ақмола облысы, Атбасар қаласы





Жетекшісі:Нығмет Ержан

Бастауыш сынып мұғалімі

№7 қазақ орта мектебі













2016 жыл

Мазмұны



1. Кіріспе бөлім 5-6

2. Негізгі бөлім 7

2.1. Алтыбақан 7

2. 2. Аударыспақ 7-8

2.3. Айгөлек. Ақсүйек. 8

2.4. Ат сайысы. Аламан бәйге.Теңге алу. Қыз қуу.Күміс ілу. 8-9

2.5. Көкпар.Жаяу көкпар. 9-10

2.6. Ақшамшық (сақина салу).Сиқырлы таяқ. «Соқыртеке». 10-11

2.7. Ақ серек, көк серек. Жасырынбақ. «Ұшты-ұшты». 11-12

2.8. Арқан тарту. 12-13

2.9. Асық ойыны. Бестас(шекемтас). 13-14

2.10.Тоғыз құмалақ 14-18

3. Қорытынды бөлім 18-19

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 20























Аннотация.


Осы жоба арқылы ұлттық ойын қаншалықты адамның денсаулығына пайдалы екенін түсіндіру. Оқушылардың спортқа көз қарасын өзгерту,

оқушылардың арасында спорт түрлерін насихаттау. Ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу,қозғалыс сапасын дамыту,бағыттаушы сұрақтарға жауап беру арқылы ұлттық ойын туралы түсініктерін кеңейту.



Жоба мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойын қаншалықты адамның денсаулығына пайдалы екенін және тоғызқұмалақтың баланың зеректік қабілетін, ой-өрісін арттыруға зор үлесі бар екенін түсіндіру.

Бағыттаушы сұрақтар: Қазақ халқының ұлттық ойындары не себепті қан қыздырып, қызуқандылықты шыңдай түседі?

Проблемалық сұрақтар: Ұлттық ойынды қалай жандандыруға болады? Ұлттық ойынды қалай қолдауға болады? Неге қазіргі балалар Ұлттық ойын ойнамайды?

Зерттеу нысаны:Ұлттық ойындар және оның түрлері және тоғызқұмалақ ойыны

Зерттеу әдістері:Ұлттық ойындар туралы мәлімет іздестіру,ұлттық ойын суреттерін жинастыру.

Зерттеу жаңашылдығы:

1) Ұлттық ойын түрлері жайлы мәлімет жинақтап , компьютерде жаздық.

2) Ойын түрлерін суреттерді пайдалана отырып, презентация жасадық.

Ұраным:

Ойындар,мақал-мәтелдер,шешендік сөздерді қолдану арқылы болашақ ұрпаққа жақсы тәрбие бере отырып, олардың ұлтын,тілін,салт-дәстүрін сүюге жол ашамын.

Ойын арқылы балалар өздерін еркін ұстап, олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалады. Ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, сыныптағы іс-әрекетке ден қойып,өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады.

Ұ лттық ойын түрлерін іздеңіздер

Л апылдап жаныңдар ізденіңдер,

Т алмаңыздар , әрдайым қанат қағып,

Т алпыныңдар, алға қарай ұмтылып

Ы нтымақпен, бірлікпен

Қ адам басып



О йланыңыз, ойлаңыз жас ұрпағым

Й одталған тұзбенен шымырланып

Ы лғи да денеңізді шынықтырып,

Н амыскер бола бергін жас ұрпағым.





































1. Кіріспе бөлім

Халықтың ұлттық ойындары- көп салалы, көп қырлы құбылыс, ұлттық мұраның бай қазынасының бірі. Олар көңіл көтерудің, ойын-сауықтың, дене тәрбиесі дамуының, ептілік, күш-қайрат түрлерінің қалыптасып, жетілуіне ғасырлар бойы игілікті әсер етіп келеді. Тек ойындық сала ғана емес, тәрбиелік мәнде, бірлік пен ынтымақ жолын дамытуда да ойын түрлерінің маңызы зор. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.

Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.

«Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».

Алтыбақан тебеміз,

Жеткенше көкке төбеміз,

Көтеріліп биікке,

Алыстарды көреміз.



Кім қызықса «кел» - дейміз,

Кезектесіп тербейміз.

Бірімізге - біріміз,

Көмектесіп өрлейміз.



Көкке жетіп төбеміз,

Алтыбақан тебеміз.

Бірімізге –біріміз,

Түсіп орын береміз



5

1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.

2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр теке, түйе мен бота.

3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?

4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.

5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады.





















6

2. Негізгі бөлім

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

2.1. Алтыбақан.

«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны.[қосымша 1] Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады. Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін, оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50 см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол. Ол – ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі.

2.2. «Аударыспақ».

Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты,

7

батылдықты талап ететін спорттық ойын. [қосымша 2] Балалардың “Аударыспақ” деп аталатын ойыны да батырлардың сол ойынына ұқсас. Тек мұндағы айқас аттың үстінде өтпейді. Салмағы жеңілдеу ойыншы дене күші мығым әріптесінің арқасына отырып алып, қарсыласымен сайысқа түседі. Кім-кімді атынан аударып тастаса, жеңіс соныкі!

2.3. Айгөлек. Ақсүйек.

Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!», - деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді.

Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.[қосымша 3]

2.4. Ат сайысы. Аламан бәйге.Теңге алу. Қыз қуу.Күміс ілу.

Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.

Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады. [қосымша 4] Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді.[қосымша 7]

8

Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.

«Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. [қосымша 5]Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені. Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның бір маңдайында қатынасушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қағылады. Жарыс жекелей де өтеді. Егер екі топқа бөлінсе, онда қыздар мен жігіттердің саны тең болуы қажет.Төрешінің бірінші белгісі бойынша қыз жігіттен 10 метрдей алда тұрып, шабысқа дайындалады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының басын жіберіп, шаба жөнеледі. Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Жарысқа қатынасушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей сөреге оралуға рұқсат етілмейді.

Күміс ілу. «Күміс ілу» - ептілікті, атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпеспен, әлгі орамалды іліп алып кетуі керек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады.

2.5. Көкпар. Жаяу көкпар.

Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған.[қосымша 6]

Жаяу көкпар. Қазақтың көкпар деген ойынын, әрине, жақсы білеміз. Себебі, бұрын халқымыздың бірде-бір жиын-тойы көкпарсыз өтпеген. Көкпар бірқатар ауылдық жерлерде қазір де тартылады. Ара-тұра ірі жарыстар да өткізіліп тұрады. Бұл ойында әдетте атқа мығым отыратын, тақымы мықты, білегі күшті, шапшаң да епті жігіттер жеңіске жетеді. Менің

9

ұсынғалы отырғаным- жаяу көкпар. Жаяу деген аты ғана болмаса, бұған да керегі сол күш пен жігер, әбжілдік пен шапшаңдық. Жаяу көкпарды дене шынықтыру сабағында немесе сабақтан кейін аулада да ойнай беруге болады.

Ол үшін, әрине, ең алдымен “төрешіні” сайлап алу керек. Бұл міндетті дене шынықтыру мұғалімі атқарады делік. Ол ойын ережесінің сақталуын қадағалайды, қарсыластардың ойын тәртібін бұзуларына, бір-бірлеріне дөрекілік көрсетулеріне жол бермейді. Төреші ойынға қатысушыларды бір сапқа тұрғызады, содан 30 немесе 60 қадам жерге (бұл қашықтықты өз қалауларың бойынша белгілейсіңдер) жүлдені апарып қояды. Жарайды, шартты түрде ол жүлде бір дорба асық немесе кәмпит-ақ болсын делік. Төреші сондай-ақ сөре сызығын да белгілейді. Төреші белгі берісімен сапта тұрған балалардың барлығы жүгіре жөнеліп, жүлдеге бұрын барғаны соны іліп алып, сөреге жеткізу керек. Осыны бәрінен бұрын атқарып шыққан бала жеңімпаз деп танылады. Бұл ойынның қызықтылығы жоғарыдағыдан бір де кем емес тағы бір түрі бар. Балалар саны көп болса, олар осы ойынды ойнау үшін үш-төрт адамнан бірнеше командаға бөлінулері керек. Ойынның тәртібі бұрынғыдай. Алдымен жүлдені өзгелерден бұрын қолына түсіріп, сосын оны өзінің командаластарына қолма-қол беру арқылы қарсыластарының кедергілерінен өтіп, сөреге жеткізу керек.

2.6. Ақшамшық (сақина салу).Сиқырлы таяқ. «Соқыр теке».

Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он –он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.

Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз

10

еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді. Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыр текені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыр текені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыр текеге» айналып, ойын жалғаса береді.

Ортамыздан біреуімізді сайлаймыз,

Орамалмен көзін мықтап байлаймыз.

Қалғанымыз оны түртіп қашамыз.

Тым қырағы, сақ боламыз аса біз.

Ұмтылады іздеп оң мен солына,

Тырысамыз түспеуге оның қолына.

Кім ұсталса соның көзі байланар,

Бейғамды іздеп енді ол маңды айналар.



2.7. Ақ серек, көк серек. Жасырынбақ. «Ұшты-ұшты».

Бұл ойынға қатысушылар аттасу, ат жарысу арқылы екі топ қарама-қарсы қарап тұрады. Ашық алаңда ұл-қыз аралас ойнай береді. Аралары 50-60 метр қашықтыққа екі топ қарама-қарсы қарап тұрады. Екі жақ «қолға түсетіндер» үшін арнайы шеңбер сызып қояды. Ойын жеребе бойынша басталады. Ойын бастайтын жақтың басшысы:

Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек?-

деп сұрайды. Ал оған қарсы жақ:

Ай керек-ау, ай керек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Ақ серек пен көк серек,

Шауып алдым бәйтерек,

Сонау тұрған Айнабектің өзі керек,-

деп қарсы жақтың бір ойыншысының атын айтады. Сонымен, аты аталған бала келгенде, қарсы жақтың ойыншылары түгел қолдарын созып, алақандарын жайып тұруы керек. Келген ойыншы қатардың алдынан кесіп өтіп, өзі ұратын адам таңдайды. Топтың алдын үштен артық кесіп өтуге болмайды, егер үш рет өткенде де ешкімнің алақанына ұрмаса, ол ойыншының өзі қолға түседі. Ойыншы өзін қуып жете алмайды-ау деген біреуді ұра сап, қашады. Жеткізбей өз қатарына қосылса. Қуған ойыншы «Қолға түскендер» шеңберіне барып қосылады. Егер қуған бала қуып жетсе, қашқан ойыншы ұсталады. Сөйтіп, қай жақ көп қолға түсірсе, сол жақ жеңеді.

11

Ойын, әдетте, жазды күндері ай жарығында, шөпті алаңдарда, ал күндіз қора-қопсысы мол жерде, яғни жасыратын жері бар алаңдарда ойналады.Ойнаушылар көмбеге жиналғаннан кейін, саусақ санау әдісімен кезекшіні, яғни жасырынатын ойыншыларды іздеп тауып көмбеге әкелушіні тағайындайды. Осыдан кейін ойын басқарушы кезекшінің көзін басып тұрып дауыстап елу рет санайды да, қоя береді. Осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулері керек. Кезекші жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Жасырынған ойыншыларды ол іздей жүріп көмбе маңынан алыстамауы керек. Себебі, кезекші бірінші жасырынған ойыншыны көрген бетте көмбеге ойыншыдан бұрын келіп хабарлайтын болады. Егер кезекшінің көзіне бірінші түскен ойыншы көмбеге кезекшіден бұрын келсе, онда кезекші өзінің қызметін екінші рет қайталайды. Бұл жерде кезекші ұтылмас үшін, бірінші көрген ойыншының атын атап, мәселен, Бекбай деп дауыстап көмбеге қарай жүгіруі керек. Содан кейін асықпай басқаларын іздей бастайды. Тағы бір ескеретін жай: кезекші ойыншыны көрмейінше, атын атап дауыстамайынша, ойыншылардың өз бетінше көмбеге кетулеріне болмайды.

Бірім,

Екім,

Тығыл!

Бекін!

Мен санайын:

Сен бол дайын.

Сары шымшық,

Сыртылдауық.

Сен тұр,

Сен шық!

Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

- Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).

- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).

- Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).

- Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).


2.8. Арқан тарту.

Арқан тарту-халық арасында ертеден келе жатқан танымал ойындардың бірі.[қосымша 8] Ойын көбіне мерекелерде, тойларда өткізіледі. Соңғы кездерде бастауыш сыныптардың дене шынықтыру сабақтарында, баланы сергіту сәттерінде де ойналып жүр. Көп күш жұмсалатындықтан арқан

12

тартуға көбіне ер адамдар қатысады. Ойын өтетін жер тегіс болуы шарт. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Сызықтан тепе-тең қашықтықта екі межені белгілейді. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Арқан тартудың екі түрі бар.

Біріншісі, ер адамдардың жекпе-жегі. Күштерін сынау үшін екі жігіт ортаға шығады. Олар бір-біріне қарама-қарсы жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді. Төрешінің белгі беруімен әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады. Екеуінің қайсысы белгілі межеге бұрын тартып жеткізсе, сол ұтады. Екіншісі, топ болып ойнау. Оған қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді. Арқанның қақ ортасынан белгі үшін түйін түйіледі. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіп, жүлде алады. Ойында жеңіске жету үшін қара күшпен қатар әр топтың қозғалысындағы бірыңғайлық, ұйымшылдық қажет.

2.9. Асық ойыны. Бестас(шекемтас).

Ат ойындары, мереке сән-салтанаттары,той,ойын-сауық шашулары, дойбы, тоғызқұмалақ секілді қазақ халқының ұлттық көп ойынының бірі-асық ойыны. Асық ойыны үйде, далада, алаңдарда ойналады. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамдырақ болып келеді. Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады. Оны шикідей де, піскен күйінде де сіңірінен тазалап, пайдалана береді. Шикі асық салмақты, берік келеді. Асықты кез келген жерге тастай салсаң, үйірсең не тұрық тұрады, не жатады ғой. Тұрса- не алшы, не тәйке, не омпы, не шоңқы тұрады да, жатса-не бүк, не шік жатады. Жолында омпы тұрған асықты көрген қазақ жолым болады екен деп, ырымдап сүйіп алып, сақтап жүрген. Өйткені асық омпысынан өте сирек тұрады. Асықты жақ-жаққа бөлініп те, екі бала да ойнай береді. Екеуден- алтауға дейінгі балалар ойынды тез бітіреді және қызықты болады. Балалар тым көп болса, дау көбейіп, ойын мәнін жоғалтады. Барлықтары тастармен ойнаудың бірнеше түрінен хабардар деп ойлаймын. Мен сондай ойындардың бірін ұсынбақпын. Бұл ойын ертеден келе жатқан балалар ойыны. Бестас - көбіне қыздар ойнайтын ұлттық ойын.[қосымша 9] Ол үшін көлемі бір-бірімен шамалас, домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады.

1-«бірлік». Ішінде батылдау бір ойыншы бес тасты жерге шашады. Таңдап алынған қақпа тасты бір қолымен аспанға лақтырады да жердегі біреуін көтеріп қайта тосып алады. Қалғандарын да осылай бір-бірлеп көтереді. 2-«екілік». Бұл жолы екі тастан көтереді.

3-«үштік». Үш тасты бірге бір рет, жеке тасты екінші рет жерден көтереді.

13

4-«төрттік». Төрт тасты бірге көтеру керек.

5-«алақан». Төрт тасты бір-бірлеп алақанға жинайды.

6-«төртбұрыш». Төрт тасты төрт жерге төртбұрыш жасап қойып, оларды тез жинап алады.

7-«арттан тастау». Бірліктегідей бір тасты жерден көтеріп алады. Қақпа тасты лақтырып екіншісін көтергенше алғашқысын қолдың артынан жерге тастайды. Осылай бәрін тастап болғаннан кейін оларды түгел бірге көтеру керек. Ойынның басқа да сатылары бар. Бестас көбіне бір қолмен ойналады. Тастарды түсіріп алған немесе шартты орындай алмаған ойыншы келген сатысында тоқтайды. Ойынды келесі кезектегі ойыншы жалғастырады. Ойын сатылары әр жерде әр түрлі болуы мүмкін. Сатылар санына шек қойылмайды.



2.10.Тоғызқұмалақ

Өте қызық әрі терең ойлауды талап ететін, халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ.[қосымша 10] Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап, дамып, жетіліп келеді. Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалың есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын «малшы математикасы» деп аталған. Шындығында, бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан» мен «отаудың» орнын жерді шұқып оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз-тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған. Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны әзірше белгісіз. Ал, негізінде, Қазақстан жеріндегі жартастардың немесе төбенің үстіндегі тегіс тастың бетіне ойып салынған тоғызқұмалақ тақтасы бейнесінің қазірге дейін сақталуы қазірге дейін бұл ойынды халқымыз көне замандарда-ақ ойнағанын аңғартады. Мәселен, Қаратау қаласына таяу жердегі Ақшұқыр деген тас төбенің үстіне тоғызқұмалақтың отаулары мен қазандары қашап ойылған. Бұл тақтаны қай кезде кім ойып жасағаны әлі белгісіз. Ал жасау мақсаты, әрине, белгілі. Өйткені малшылар Ақшұқыр тас жотасынан төңіректегі малды қарай отырып, төбенің үстінде тоғызқұмалақ ойнаған. Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы Тарбағатай тауының Сайқан жоталарындағы және Қоржынбай жайлауының етегіндегі жартастарға да ойып салынғаны белгілі болып отыр. Осындай тарихи деректерге сүйеніп, тоғызқұмалақты көшпелі қазақ халқының өмірімен бірге жасасқан оның ұлттық ойындарының бірі деп толық айтуға болады. Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі – ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді.Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерден кішкентай шұңқырлар қазып, ойын тақтасын дайындай қойған.Барлық

14

құмалақты салатын шұңқырды – қазан, тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды отау деп атаған. [қосымша 11]Тоғызқұмалақ ойынының көп жабдықты қажет етпейтінін қарапайым болуы оның халық арасына кең тарауына мол мүмкіндік берген. Бұл ойынның тағы бір ерекшелігі – тоғызқұмалақты екі ойыншы ғана ойнап қоймай, оның көптеген қызықтаушы жанкүйерлері де болған. Мәселен, бірнеше адам жиналған жерде екі адам ойнаса, қалғандары солардың жанкүйерлері ретінде екіге бөлініп, қызықтап қарап отырған. Былайша айтқанда, әр ойыншының жақтас жанкүйері болған. Тіпті, мықты ойыншылар басқа ауылдардағы өзі сияқты ойыншыларды іздеп барып ойнағанда да жанкүйерлері, ақыл-кеңес беретін адамдары ілесіп бірге жүрген. Тоғызқұмалақ ойынын оңнан солға қарай, яғни сағат тілінің бағытына қарсы жүреді. Құмалақ салынған тоғыз отаудың әрқайсысының өзінше атауы бар: сол жақтағы шеткі, яғни бірінші отау-«таңдық», екіншісі-«көшпелі», үшіншісі-«атөтпес», төртіншісі-«атсұратар», бесіншісі – «бел», алтыншысы – «беласар», жетіншісі – «қандықақпан», сегізіншісі – «көкмойын», тоғызыншысы – «маңдай». Әр отауды осылай деп атаудың өзіндік тарихи себебі бар, яғни ойынның ойналу процесі толығынан осы отау аттарына негізделген. Мәселен, ойын басталғанда алғаш жүрген адам «қандықақпан» десе, ол – жүрісін жетінші отаудан бастағанын хабарлағаны. Енді қарсыласы жүрісті жалғастырып, «бел» десе, қарсылас ойыншы оның жүрісті қай отаудан бастағанын біліп, соған қарсы жүруге кіріседі.Ойын тақтасы кейіннен ағаштан жасалып, ірі отау солдан оңға қарай- а, ә, б, г, ғ, д, е, ж, з әріптерімен белгіленді. Алайда бұлай белгілеу ойынды жазу процесінде қиындық туғызғандықтан, 1970 жылдан бері қарай 1-ден басталатын тоғыз цифр қолданылатын болды. Бұл математикалық есептеу тұрғысынан ойынның есебін шығаруға, жүрісті анықтап, тезірек шешім қабылдауға қолайлы болды. Кейінгі кезде тоғызқұмалақ ойынын тек қазақтар ғана емес, республикада тұратын ұлт өкілдері де көптеп ойнай бастады. Мысалы, Астана ауылшаруашылық институтының оқытушысы Д.С.Поляков алғашқы республикалық жекелей біріншілікте үлкен шеберлік көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Қазіргі кезде тоғызқұмалақ ойынының республикалық федерациясы бар. Онымен қоса республика біріншілігінің және республика аралық жарыстардың жеңімпаздарына «Қазақстан спорт шебері» деген атақ беріледі. Тоғызқұмалақтан республиканың жекелей біріншілігімен қоса командалық жарыс та өткізілетін болды.

Ойын ережесі. Тоғызқұмалақ тақтасының отауларына тиісті құмалақтар салынып дайын болған соң, төреші ойынның басталғандығын хабарлайды.Алғашқы жүрісті жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды. Есте болатын нәрсе: алғашқы жүрісті ойыншы тоғызыншы отаудан бастауға болмайды, басқа отаулардың кез келгенінен бастауға болады. Жүрісті бірінші болып бастаған ойыншы өзі «осыдан жүрген дұрыс» деп есептеген отауда бір ғана құмалақ қалдырады да, қалған құмалақтарды сол

15

жүрген отаудан кейінгіден бастап бір-бірден салып шағады. Ең соңғы құмалақты қарсыласының тоғыз құмалағы бар отауына салып, сол отаудан он құмалақ алады да, өз қазанына апарып салады. Демек, ойын ережесі бойынша қарсыласынан құмалақ алу үшін, оның ең соңғы тақ құмалағын өзінің бір құмалағымен жұптап, өз қазанына салып қояды. Әдетте қарсылас ойыншылар ойын барысында өздерінің отауларындағы құмалақтарды жұп күйінде ұстап отыруға ұмтылады. Ойыншылардың мұндай жағдайдағы отауы «жабық отау» деп аталады. Ойын барысында әр ойыншы өз қарсыласының отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға тырысады. Демек, саны тақпен аяқталған отау «ашық отау» деп аталады. Ойын барысында ойыншы қарсыласының отауында жатқан құмалақтарды қолмен ұстап санауға болмайды. Тек отауларының қайсысы ашық, қайсысы жабық және қасында қанша құмалақ бар екенін ғана сұрай алады. Ал әр ойыншы қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруге міндетті. Сондықтан ойыншылар негізінен тақта отауларының әрқайсысында қанша құмалақ барын есте сақтауға тырысады. Ойын барысында отауда бір құмалақ қалса және ол жүріс үшін керек болса, онда ойыншы жалғыз құмалақты қатарындағы отауына ауыстырады, яғни әлгі жүріс жүрілген болып саналады.

Тұздық. Ойын барысында «тұздық алу» деген болады. Жүрген ойыншы ең соңғы құмалағын қарсыласының екі құмалақ жатқан отауына түсіріп, үш құмалақ етіп алса, бұл ойыншы өзінің қарсыласынан тұздық алған болып есептеледі. Тұздық алудағы мақсат- әрбір жүріс сайын отауға түсетін құмалақты өзіне алып отыру. Ойын ережесі бойынша тек «маңдайдан», яғни тоғызыншы отаудан «тұздық» алуға болмайды.Және де екі ойыншы бірдей санды отаудан тұздық ала алмайды.Ойын барысында «тұздық» бір- ақ рет алынады.

Атсырау.Ойын барысында,әсіресе, ойын соңына таман келгенде ойыншының біреуінің құмалағы таусылып қалады да, жүретін жүрісі бітеді. Тоғызқұмалақ ойынында бұл жағдайды «атсырау» деп атайды. «Атсырау» жағдайына тап болған ойын партиясы ұтылған болып есептеледі. Себебі, ол ойыншы одан әрі жүре алмайды. Ал енді қарсыласын «атсырау» жағдайына алып келген ойыншы өз отауларындағы құмалақтардың барлығын жинап, өз қазанына салады да, барлық құмалақтың есебін шығаруға кіріседі.«Атсырау» жағдайына дейін бұл екі ойыншының бірі 82 құмалақ жинап үлгермегенін , әлі де жүру мүмкіндігінен айырылмаған ойыншы жеңген болып есептеледі.Ойын барысында «атсырау» жағдайы сирек кездеседі. Себебі ойынның айла-тәсілін білетін ойыншы өзін «атсырау» жағдайына жеткізбеуге тырысады.

Ойынды жазу жүйесі. Тоғызқұмалақ ойынының барысы шахматтағы сияқты басынан аяғына дейін жазылып отырады. Мысалы, 711 саны жазылса, ондағы

16

7- отаудың реттік саны да, 11 – сол отаудың құмалақ саны. Енді осы саннан кейін сызықша арқылы қарсыласының жүрісі жазылады. Мұнда да отаудың реттік саны мен сол отаудағы құмалақ саны жазылатын болады. Сонда бірінші жүріс шамамен былай болып шығады: 711-815. 815-қарсыластың жүрісі:15 құмалағы бар 8-отаудан басталған жүріс.Екінші мысал.Ойыншылардың екінші жүрісі 69-55 болды делік. Мұндағы 6 – бірінші жүрген ойыншының отауының реттік саны да, 9 – отаудағы құмалақ саны. Бірінші 5 – екінші жүрген ойыншының отауының реттік саны да, екінші 5 – сол отаудағы құмалақ саны. Тағы да бір мысал. 12 құмалағы бар 2-отаудан жүріп, қарсыласының екі құмалағы бар 4-отауына түссе бірінші жүрген ойыншы тұздық алады. Тұздық жазуда «Х» таңбасымен белгіленеді. Сонда бұл жүріс 212-42Х болып шығады. Сондай-ақ, жүрістің соңғы құмалағы «тұздыққа» түссе, онда 84-2Х болады. Бұл – 4 құмалағы бар 8-отаудан жүріп, қарсыласының 2-отауына тұздыққа түсті деген сөз.

Жүріс ережесі. Ойын барысында ойыншы қарсыласының келісімінсіз құмалаққа қол тигізуіне болмайды. Егер ойыншының біреуі құмалаққа қолын тигізуіне тура келіп жатса, құмалағымды реттеп санаймын деп қарсыласына ескертуге міндетті. Егерде ескертусіз бір отаудағы құмалаққа қол тигізсе, сол отаудан жүріс жүруге тиіс болады. Әдетте ойыншы құмалағын ұстаған отаудан жүруі керек. Ал қарсыласының құмалағына қол тигізуге ешқайсысының да қақысы жоқ. Бұл ережелер ойын басталар алдында ойыншыларға қатаң ескертіледі. Ойынды жеребе бойынша бірінші жүру кезегіне ие болған ойыншы бастайды. Екі ойыншы да жүрген жүрістерін қағазға жазып отырады. Ойын барысын жазу кезінде, айталық, жүрген ойыншының отауында қанша құмалақ қалғандығын қарсыласы сұрап білуге ерікті.Ойын соңында жеңіске жету үшін қазанына міндетті түрде 82 құмалақ жинауы керек. Ойынның тең аяқталуы – сирек кездесетін жағдай. Тек ойын барысында екі ойыншы бірдей тұздық алғанда ғана ойын тең аяқталуы мүмкін. Ойын ережесі бойынша осы ойынды жеңген ойыншыға – бір ұпай , тең ойынға жарты ұпайдан беріледі. Ал ұтылған ойыншыға ұпай берілмейді.Жарыс қорытындысын шығарған кезде ұпай санымен қоса міндетті түрде құмалақ саны қоса жазылады. Мәселен, ұтса 82-80, тең түссе 0,5 81-0,5 81 деп жазылады. Жарыс хаттамасына (протоколына) ұпай санымен қоса құмалақ санының жазылуы біріншіліктің қорытындысын, яғни жеңімпазды анықтау кезінде екі-үш ойыншының ұпайы бірдей болып қалса, жеңімпаз құмалақ санына қарай анықталады. Міне бүгінгі таңда қазақтың төл зияткерлік ойыны тоғызқұмалақ соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамып келеді.Тоғызқұмалақ қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі, облыс әкімшіліктерінің қолдауы арқасында бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалаққа халықаралық деңгейде де қызығушылық өсіп келеді. Қазір тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, Англия, Франция, Германия, Испания,

17



Чехия, Ресей, Украина,Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.Тоғызқұмалақ тарихында және бір тарихи тұңғыш оқиға болды. 2009 жылы 19-26 қазан аралығында Шымкентте тоғызқұмалақтан І Азияның ашық чемпионаты болып өтті.Чемпионатқа 9 елден барлығы 31 ойыншы қатысып, бас жүлде Қазақстан спортшыларына бұйырды. Сөзімнің соңында жеңісті күндер көбейе берсін деп аяқтаймын.

Ұлттық ойындар санаты

III. Қорытындылау

Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының көптігі соншалық, оларды адамның жас ерекшеліктеріне қарай топтауға да болады екен. Мәселен, «тоғызқұмалақ», «хан дойбысы» секілді ойындар жас-кәріні талғамайтын болса, кейбір басқа ойындар тек әр жас өкілдеріне ғана тән.

Балабақша бүлдіршіндеріне арналған ойын түрлері: «ұшты-ұшты», «қуырмаш», «сақина салу», «қуаласпақ» т.б.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «қасқыр қақпан», «қоян», «қырықаяқ», «сиқырлы таяқ», «соқыртеке», «мерген мен үйрек», «ортаны тап», «кім байқағыш?», «қоян мен қасқыр», «сап түзеген батырлар», «жануарлар қалай үндейді?», «қарғымақ», «кім жылдам?», «жанды дөңгелек», «ақсерек, көксерек» т.б.

Орта сынып оқушыларына арналған ойындар: «дәл түсір», «қызыл ту», «қашпа доп», «тоспа доп», «қазан доп», «тауық күрес», «жаяу аударыспақ», «жоғалған топты іздеу», «бәлләй», асық ойындары т.б.

Жоғарғы сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «арқан тартыс»,«мойын арқан», «қазақ күресі», «білектесу» т.б.

Ер жігіттер мен бойжеткендер ойыны: «ақсүйек», «алтыбақан», «қыз қуу», «аударыспақ», «теңге ілу», «ат жарыстары», «асау үйрету», «садақ тарту», «көкпар» т.б.

Зеректік ойындары: «хан дойбысы», «тоғызқұмалақ» т.б. денсаулық көзi, денсаулықты сақтау үшiн әрекет, адамның күш мүмкiншiлiгiн дамыту, жеңiске деген жiгерiн шыңдау, қиыншылыққа төзу қимыл-әрекетiн шоғырландыра бiлу, соларға үйрену:

- дене еңбегiмен үнемi шұғылданып, жаттыққан адамның бұлшық ет талшықтары тез өседi, бойының күш-қуаты қалыптасады;

- сыртқы ортаның түрлi қолайсыз жағдайларына төзiмдiрек келедi;

18

- қозғалысы жинақы, ширақ, тез, әдемi жарасқан, қарым-қатынастық ережеге бейiмделуi жоғары;

- сезiну, ойлану және еңбектену қабiлеттерi бiр-бiрiмен үйлесiмдi және бiрiн-бiрi толықтырады. Аз қозғалыссыз ортада нерв талшықтары тез тозады, қан айналым жүйкесi бiртiндеп ауруға шалдығады, жүрек қабынады, бойды әуре-сарсаң құрыстырады. Жүрегi шынықпаған адам тез шаршайды, тырысқақ немесе ашушаң келедi. Жалқаулық жекенiң де, ұлттың да қасiретi. Онда санасыздық басым. Жүрегi шыныққан адамның мiнезi де төзiмдi, кеңпейiл, батыл соғады, қарсыласынан қайтпайтын тынымсыз, күрескер келедi. Жүрегi ашық жан қиыншылықтан құтылудың, қуанышқа жетудiң саналы жолын таңдайды, өзiн қарапайымдылық пен қайырымдылықтан ауытқыта бермейдi. Өзiн емдеудiң, сергiтудiң тиiмдi тәсiлдерiн қолданады деп ойлаймын. Қорыта келе, қазақтың ұлттық ойындары адамның талдау, таңдау қабiлетiн шыңдайды, ортамен тiл табысуға, қарым-қатынасты жетiлдiруге, жұмысын мазмұнды етуге, жеңiске жетудiң ең тиiмдi түрлерiн қарастыруға, адамның бойындағы қасиеттi әлеуметтiк күшке және қозғалысқа айналдыруға итермелейдi және тоғызқұмалақ ойыны зеректік, зияткерлік қабілеттерді арттыратынына сенімім зор.































19





4.Пайдаланылған әдебиетттер



Ұлттық ойындар кітапша – 2010ж

Тоғызқұмалақ ойнай біл - 2009ж

Ойындар жинағы кітапша -2008ж

Интернеттен мағлұматтар.







































20

6«а» сынып оқушысы Бержан Жанеркенің

«Қазақтың ұлттық ойындарының адам денсаулығына және тоғызқұмалақтың баланың зеректілігін арттыруына пайдасы»

атты ғылыми жобасына

Пікір

№7 қазақ орта мектебінің 6«а» сынып оқушысы Бержан Жанеркенің жазған жұмысы тартымды әрі тереңдетіле жазылған.

Ғылыми жоба бірнеше бөлімдерден құрылған. Жобада оқушы қазақтың ұлттық ойындарының түрлері және ұлттық ойындардың ойналу ережелері, адам денсаулығына әсері және тоғызқұмалақ ойынының баланың зеректік қабілетінің арттыруына пайдасы бар екенін зерттеген, жан-жақты мағлұмат берген.

Бұл зерттеу жұмысында оқушы жан-жақты ізденгені, интернет жүйесімен жұмысы, жинаған мәліметтері өте көп ізденімпаздық жұмыс жасағанын көрсетеді.Жоба өте толық, түсінікті, терең зерттеліп, қорытынды шығара отырып жазылған.

Зерттеу кезінде ескерілген:

1.Қазақтың ұлттық ойын түрлері, ойналу ережелері

2. Зерттеу кезеңдері толық ескерілген;

3.Ғаламтордан толық мағлұмат алынған;

Бұл жұмыстың ғылыми тұрғыдан қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Оқушы зерттеу жұмысына керекті фотосуреттерді жинақтап,ойын түрлерін кеңінен зерттеген. Өте жоғары жауапкершілікті ала отырып, алдына қойған мақсатқа жеткендігін дәлелдей білген. Сонымен қатар тоғызқұмалақ ойынын зерттей отырып ойнай білуге де үйренді.









Жоба жетекшісі: Нығмет Ержан



-80%
Курсы повышения квалификации

Охрана здоровья обучающихся в образовательной организации

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Казак улттык ойындарынын бірі - „Тогызкумалак ”ойынынын баланын ойлау кабилетинин дамуына асери (46.44 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт