Күні: 07.03.2018ж
Сыныбы: 9 Б
Сабақтың тақырыбы: Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы. Палеоген. Неоген. Антропоген.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға кайнозой заманы, оның кезеңдері, ондағы ірі ароморфоздар туралы мағлұмат беру; жер тарихы, оның кезеңіндегі өзгерістер туралы білімдерін дамыта жетілдіру;
Дамытушылық: Оқушыларға Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы туралы білімдерін жетілдіру, шыгармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға өсімдікті қорғауға адамгершілік, эстетикалық, салауатты өмір салтына ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ типі: Аралас
Сабақтың өту әдісі: ауызша - баяндау, сұрақ жауап арқылы
Сабақтың пән аралық байланысы: География, тарих
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
3.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тақырып бойынша оқушылардан сабақ сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
1. Графикалық кесте:
| Мазмұны | Ия | Жоқ |
| 1.Мезозой заманы 3 кезеңнен тұрады. 2.Мезозой заманының климаты ылғал әрі суық. 3.Құрлықта өсімдікпен қоректенетін жорғалаушылар - листозаврлар тіршілік етеді. 4.Алып брахозаврлардың денесінің ұзындығы 30 м-ден асып, массаыс 50т-ға дейін жеткен. 5.Юра кезеңі мезозой заманының бірінші кезеңі болып саналады. 6.Құрлықта өзендер мен көлдерде крокодилдер азая бастады. 7.Бор кезінде атмосфера құрамында СО2 мөлшерінің артуына байланысты ауа райы құрғақ әрі жылы болады. 8. Бор кезінде алғашқы «мүйізді»диназаврлар - цератозаврлардың жаңа түрі пайда болады. 1.ия, 2.жоқ, 3.ия, 4.ия, 5.жоқ, 6.жоқ, 7.ия. 8.ия. |
|
|
2. Тест:
1. Қай кезеңде қос мекенділердің басым көпшілігі жойылады:
А.Юра В. Бор С.Триас
2. Мезозой қанша кезеңдерге бөлінеді?
А.6 В.3 С.2
3. Бор кезеңінде қандай жануарлар шығады.
А.диназаврлар В.Гаттерия С.сүтқорктілер
4. Қай кезең Франция мен Швецарияның шекарасында орналасқан қаланың атымен аталады
А.Юра В.Триас С.Бор
5. Гүлді өсімдіктер қалай тозаңданады?
А.жел арқылы В. Өздігінен С.жәндіктер арқылы
6. Юра кезеңінде қандай өсімдіктер дамыды?
А. Жабық тұқымды В.Ашық тұқымды С. Гүлді өсімдіктер
7. Мезозой заманында бауырмен жорғалаушылар эволюциясы қанша тармаққа бөлінеді
А. 3, В.6 С.2
8 Сүңгитін су құсы қай кезеңде дамыды
А. Триас В. Юра С. Бор
9. Атлант мұхиты қай кезеңде пайда болды
А.бор В. Триас С. юра
10. Архозаврлардың осы күнгі өкілдері:
А. Гаттерия В. Крокодил С. жорғалаушылар
Жауабы: 1. С, 2. В, 3.С. 4.А, 5С, 6.А, 7.В, 8С, 9С, 10В.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кайнозой эрасы – жер дамуының соңғы 60-70 млн. жылын қамтитын ең жаңа (кембрийге дейінгі дәуірден есептегенде үшінші) эрасы; үш кезеңге — палеоген неоген кезеңдеріне және төрттік кезеңге — жіктеледі.
Кайнозой – осы заманғы тіршілік заманы. Кайнозой заманы көбінесе флорасы мен фаунасының осы заманғы туыстық, содан соң түрлік те құрамда болатындығымен сипатталады. Бүгінгі күні өмір сүретін тірі ағзалар түрлерінің барлығы ақырғы рет дәл осы заманда қалыптасты. Оның үстіне біз күні бүгін кайнозойда өмір сүрудеміз. Сондай-ақ жақын болашақта заманның алмасуы болмайын деп тұрған жоқ. Заманда үш кезең бар, оларды екінші реттік, үшінші реттік және төртінші реттік деп жиі атайды.
Палеоген 41 миллион жылға жуық созылды. Климаты қазіргі заманға жақын болып келеді.Бор кезеңінде пайда болған жабық тұқымдылар өрлеуінен іле-шала бунақденелілердің, әсіресе өсімдіктерді тозаңдандырғыштардың өрлеуі де бірлес эволюциялық дамуы жолымен ілесе жүрді.
Неоген 23 миллион жылға созылды. Альпі, Гималай, Кор-дильер және Кавказ тау жүйелері қалыптаса түсті. Климаттың жалпы құрғақтығы жарыса салқындады. Антарктида толық мұзды құрлыққа айнала бастады.
Антропоген - бүл кезеннің дербес дережеде бөлінуіне адам негізін қалады. Антропологтардың адам туысын ежелғі приматтардың қайсысына жатқызуға болатыны женіндегі пікірі осы кезге дейін пікірсайыста жүр. Сондықтан бұл жөнінде ғалымдардың бір тобы бір жағынан антропоғен 3,5 миллион жылға жуық созылды десе, екінші тобы бар болғаны 600 мың жылга жуық созылды деғен пікір ұсынуда.Антропоген үшін тұтас алғанда өзіне сайма-сай тундралық флорасы және өзіне төн фаунасымен мұзбасу солтүстіғіне төн ерекшелік.
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
1.Кесте толтыру.
| Заман | Кезең | Жануар | Өсімдік |
| Мезозой | триас | бауырымен жорғалаушылар, триконодонттар | Ашық тұқымдылар |
| юра | Динозаврлар, археоптерикс | ||
| бор | түкті ара, бал ара, шыбын, көбелек, алып құстар | Гүлді өсімдіктер | |
| Кайназой | Үштік кезең | Сүтқоректілердің алуан түрлілігі,адам тектес маймылдардың жаратылуы | Жабықтұқымдылар кеңінен тарады, тайга мен тудра түзілді |
| Төртік кезең | Приматтар отряды | Шөптесін өсімдіктер | |
V. Қорытынды.
VІ. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.
VІІ.Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау

Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы. (28.34 KB)

