Күні
Сабақтың тақырыбы: Жан мен тәнді қатар сауықтыратын – саяхат.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың сауаттылық деңгейі тексеріледі. Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады
А)Білімділік:Тақырып бойынша толық мағлұмат беру, алған білімдерін тиянақтау, жалғаулықтарды қатыстырып сқйлемдер құрату.
Дамытушылық: әр түрлі тапсырмалар арқылы грамматиканы қайталай отырып, сөздердің мағыналарына қарай қолдануға үйрету, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Отанды сүюге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сөздік ,оқулық
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу,
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Диалогті өзара оқу
2. Жазылым
2- тапсырмадағы мақал- мәтелдерді оқу, түсіну, көркем етіп дәптерге көшіру
Күш жақсы, күштен іс жақсы.
Өнерпаздың он қолы бар.
Ерінбеген етікші болады.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.
Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес.
3. Еріндік дауысты дыбыстары ғана кездесетін сөздер жазу
3-тапсырма. қатысымдық– сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалоктік қатысымда мұғалімнің (тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну;
Астана қыласы
Біз Республикамыз – тәуелсіз, егемен ел. Қазақстанның жері кең-байтақ. Еліміз Азияда орналасқан. Тәуелсіз Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Астана – еліміздегі ең әдемі қала. Астана қаласы бұрын «Ақмола» деп аталған. Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан. Қала халқы жылдан-жылға өсуде. Қалада көп ұлт тұрады. Көптеген жаңа әдемі ғимараттар, биік үйлер салынды. Қала көшелерінде көптеген тарихи ескерткіштер бар. Астана – болашағы үлкен қала.
Балалар біз қай қалада тұрамыз?
Егер біз Алматыдан қыдырып басқа қалаға баратын болсақ ? Ол қалай аталады?
Сендер қай қалаға саяхатқа барғыларын келеді?
жазылым: тақырыпқа қатысты тапсырмаларды жазбаша орындайды;
Жаңа сөздермен жұмыс:
Саяхат –
Көрікті жерлер –
Демалатын орындар –
Сөздермен, сөзтіркестерімен сөйлемдер құру.
1. Фонетикалық жаттығу САЯХАТ
Қандай сөз?
Неше әріп, неше дыбыс бар?
Неше буын бар?
Қандай буындар?
Буын түрлерін анықта
Фонетикалық талдау
IV. Жаңа сабақты бекіту Төмендегі сөйлемдерді пайдалана отырып, мәтін құрастыру.
Маған ( бізге) Қазақстан бойынша туристік маршруттардың сызбасы керек
Мен (біз) турбазаға орналасайын (орналасайық) деп едім (едік)
Біз қаланы (ауылды, мұражайды, көрікті жерлерді) аралап көргіміз келеді.
Менің (біздің) тауға саяхатқа барғым (барғымыз ) келеді
Біз саяхат жоспарын жасап қойдық.
Қажетті жабдықтарды алдым (алдық)
Тарихи жерлерді араладым (араладық)
V. Сабақты қорыту: Пысықтау сұрақтарына жауап беру:
- Сенің демалысыңда саяхатқа шығасың ба?
- Саяхатқа қайда барасыңдар?
- Саяхатқа шығудың пайдасы неде?
VI. Үй тапсырмасын беру: «Жан мен тәнді қатар сауықтыратын – саяхат. » тақырыбына шағын шығарма жазып келу
VII. Бағалау

Жан мен тәнді қатар сауықтыратын – саяхат. (17.33 KB)

