Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  9 класс  /  Кәусар бұлақ тұнығынан

Кәусар бұлақ тұнығынан

Өзін-өзі тану сабағы

Мектеп:Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы ж.о.м

Мерзімі:.2017ж.

Тақырып: Кәусар бұлақ тұнығынан

Құндылық:Мейірімділік, дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық,бақыт,сүйіспеншілік,талаптану

Мұғалім: А Қалықұлова Сынып: 9 «А»Оқушылар саны:

Өзін-өзі тану сабағы

Мектеп:Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы ж.о.м

Мерзімі:.2017ж.

Тақырып: Кәусар бұлақ тұнығынан

Құндылық:Мейірімділік, дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық,бақыт,сүйіспеншілік,талаптану

Мұғалім: А Қалықұлова Сынып: 9 «А»Оқушылар саны:

"Кәусар бұлақ тұнығынан"

14.11.2017

Содержимое разработки

Өзін-өзі тану сабағы

Мектеп:Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы ж.о.м

Мерзімі: .2017ж.

Тақырып: Кәусар бұлақ тұнығынан

Құндылық:Мейірімділік, дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық,бақыт,сүйіспеншілік,талаптану

Мұғалім: А Қалықұлова Сынып: 9 «А»Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру,

кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Сара Алпысқызы туралы, ол кісінің адамгершілік қасеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиеле.
Оқушылардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру,

кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Сара Алпысқызы туралы, ол кісінің адамгершілік қасеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиеле.

Міндеттері:

Білімдік: Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, жаңа сөздерді меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, білім, білік, дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірін бірі сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!!!

Ресурстар:

(оқу құралдары, суреттер, мәлiметтер, қаламсап)

2.Үй тапсырмасын тексеру

С. А. Назарбаева туралымәліметжинау
Сұрақтар:
1. Сара Алпысқызыдегенімізкім?
2. Сара Алпысқызынбіз неге өзін – өзітанупәніменбайланыстырамыз?
3. Қоғамғажасапжатқанжақсылықтарытуралы не білесіңдер?
4. С. Алпысқызықандаймарапаттауларғаиеболған?
Сабақбарысынталдау


Сабақтың барысын талқылау:

3.Дәйек сөз

«Адамның адамшылығы – жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»

С. А. Назарбаева

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.

Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады


4.Әңгімелесу

Оқушыларға Сара Алпысқызы туралы, өмірбаяны айтылады.
С. А. Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қазақстанның қоғам қайраткері, ҚР Тұңғыш Президентінің зайыбы, Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани - адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.

Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөспірімдер үйлері ашылуда.

Президент зайыбы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және колледждерде білім алып жүріп жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назарда ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді. «Өзіңді өзің тану» атты балаларға рухани - адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.

Өскелең ұрпақтың рухани - адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева С. А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралық сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.



Әкем - біреу, анамда біреу менің,
Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім,
Олар барда – мереке. Көрген емен,
Қабақтарын шытқанын түнергенін
Әке - білек, саусағы - балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.



Оқушылар, олай болса осы біздің ашық сабағымызға әдейі дайындалған «Ата – ана мен бала ортасындағы махаббат» атты видеоролигімізді бірге көрейік.
Видероликтен алған әсерлері бірге талданады.


5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс:

Мәтінмен жұмыс.

С. Алпысқызының туған күніне деген сыйлықтар жасаймыз. Оқушыларды топқа бөліп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді



Топпен ән айту


«Ана туралы жыр»



7.Үйге тапсырма беру

Ата – анамызға, отбасымызға, бауырларымызға деген махаббатымызды шығарма арқылы көрсету керек.


8.Тыныштық сәті

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
 Рахмет! Көздеріңдіашуғаболады


9.Бағалау

Оқушылар бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар,

сабаққа жақсы атсалысып қатысқандарың үшін рахмет!!!







Оқу –ісінің меңгерушісі: Р Исаева

Тексерілді: 2017ж

-70%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1200 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Кәусар бұлақ тұнығынан (21.03 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт