Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  9 класс  /  " Акан сері" өиірі

" Акан сері" өиірі

Сабақтың мақсаты: а/ білімділік: Ақан Қорамсаұлы туралы ойларын тереңдету, оның шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету, ақынның “Құлагер”өлеңінің мазмұнын меңгерту, кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы өлеңнің тақырыбын, идеясын,мәнін ашу, ізденгіш қасиетін арттыру

ә/ дамытушылық: Оқушылардың Ақан туралы білімдерін ұштастыру,жинақтау, топпен жұмыс негізінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: қайталау, сын тұрғысынан ойлау сабағы.

Әдістері: Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, топтастыру.

Көрнекіліктері: компьютер, слайд,Ақан сері шығармашылығына арналған кітап көрмесі, сабаққа қажетті материалдар, Ақынның портреті,интерактивтік тақта, бүктемелер, газет –журнал материалдары.

Пәнаралық байланыс: Тарих ХІХ ғ қазақ әдебиеті

География Қазақстан картасы

Қазақ тілі Мақал-мәтелдер, орыс тілінен енген сөздер, сөздік

Ән- әуез А.Қорамсаұлы «Балқадиша» әні.

АШМ МТЗ-80 тракторы

Орыс тілі Орыс тілінен енген сөздер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасымен жұмыс.

Ақан сері Қорамсаұлы.

Кіріспе: Ақан Серінің атын асқақтатқан ең әуелі жомарт табиғат тарту еткен сан қырлы таланты болса, екіншісі аты Ақан есімімен қатар аталатын атақты пырағы – Құлагер еді. «Құлагер» – Ақан трагедиясының шырқау шыңы, күйзелісті көңіл күй лирикасы.Құлагердің даңқы үш жүзге тарайды. Ақанның атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігі- Құлагер еді. Бүгінгі Ақан Қорамсаұлының «Құлагер» трагедиясы туралы не ойлайсыздар? Табиғаттың бізге берген таланты Ақаннан артық тағы қандай таланттарың бар?

1894 жылы мамырдың бесінде, Алматы облысы Ақсу ауданындадүниеге келген.1938 жылы қайтыс болған.

Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді.

1919 жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.

1922 жылы Верныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.1938 жылы ату жазасына кесілген.

1958 жылы ақталды.

Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.

Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу – 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, «Күй«, «Күйші«, «Құлагер» сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы – ойға – қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.

ІІІ. Қызығушылығын ояту.Жылқы,.(қазақ халқының өміріне байланысы)Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.

І топ «Топтастыру» әдісі. Ақан туралы не білдім?

ІІ топ «Үш жақты күнделік» әдісі. Ақан өлеңдерінің шығу тарихы

Өлеңнің аты

Үзінді

Түйінді

ІІІ топ «Эйлер шеңберін толтыру» әдісі. Ұқсас шығармаларды салыстыру.

Көмекші-нұсқау топ: Сұрақтар дайындайды.

Ақан қандай тілдерді меңгерген?

«Сері» атын Ақанға кім берді?

Ақан серінің махаббат тақырыбындағы шығармалары

Серінің құмай тазы, бүркіт, қаршығасы туралы не білесіз?

Ақанның өнер жолға түскеніне қуанған кім және Ақанның әндеріне тоқталыңыз?

Ақан қай ғасырда өмір сүрген, оның замандастары туралы не білесіз?

ІҮ. Мағынаны тану

Суреттегі техника жайында жауап бере білеміз бе?

«Сандар сөйлейді» әдісі.

44жыл.1843ж.1894ж. 70жыл.1938ж.1913ж

Шығармада кездесетін мақал-мәтелдер

  • Аттың сыры иесіне мәлім.
  • Сағынайдың асына шаппағанда,
  • Атаңның басына шабасың ба?
  • Мал бітер басы есенге
  • Мұхаммед – Алланың досы

Ойтолғаныс.

«Біліміңді байқап көр» /тест жұмысы/

1. Ақан өмір сүрген жылдары.

а) 1844-1913 ә) 1843-1913 б) 1843-1914

2. Аспанда ұшып жүрген сен ақ тұйғын,-

Екеуден үшке жеткен тілегіңіз,…қай өлеңінен үзінді?

а) «Қалқа бала» «Сырымбет» «Жақсы мен жаман»

3.Қызылжар қаласына неше жасында келеді?

а) 13 ә) 14 б) 12

4.Үш –ақ ай бірге отасқан жары.

а) Бәтима ә) Ұрқия б) Ақтоқты

5.Құлагерді кімнен сатып алады?

а) Шөкетай ә)Шөмше б)Сайрат

6. Ақанды Омбы қаласына ертіп барған төре.

а) Абай төре ә) Шыңғыс тере б) Шөже

7. «Айтамын замандасқа біраз кеңес»деген өлеңінде жігіт адамның неше түріне сипаттама берген.

а ) 13 ә) 14 б) 15

8. Білінер жер жақсысы қыс келгенде,

Көрінер көлдің көркі құс келгенде,….қай өлеңнен үзінді?

а) «Қараторғай» ә)«Жақсы мен жаман» б) «Балқадиша»

9.Ақан қай жерде дүниеге келген?

а) Қоскөл ә)Жөкей б) Сандыбай

10. Құлагер қанша аттың алдында жалғыз озып келді?

А) 240 ә)300 б)200

11. 3 жыл кімнің медресесінде оқиды?

а) Уәлиахун ә) уәли б) Бекбос

12. Әншінің талантына,орындаушылық шеберлігіне,әсем дауысына патша мұрагаріқандай сый-құрмет көрсетеді?

а) күміс медальмен марапаттайды ә) алтын медальмен марапаттайды

б) қола медальмен марапаттайды.

10.03.2018

Содержимое разработки

Сабақтың мақсаты:
а/ білімділік:
 Ақан Қорамсаұлы туралы ойларын тереңдету, оның  шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге  үйрету, ақынның “Құлагер”өлеңінің  мазмұнын меңгерту, кейіпкерлер  бейнесін талдау арқылы өлеңнің тақырыбын, идеясын,мәнін  ашу, ізденгіш қасиетін арттыру

ә/ дамытушылық: Оқушылардың Ақан туралы білімдерін ұштастыру,жинақтау, топпен жұмыс негізінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: қайталау, сын тұрғысынан ойлау сабағы.

Әдістері: Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, топтастыру.

Көрнекіліктері: компьютер, слайд ,Ақан сері шығармашылығына арналған кітап көрмесі, сабаққа қажетті материалдар, Ақынның портреті,интерактивтік тақта, бүктемелер, газет –журнал материалдары.

Пәнаралық байланыс: Тарих                  ХІХ ғ қазақ әдебиеті

География          Қазақстан картасы

Қазақ тілі            Мақал-мәтелдер, орыс тілінен енген сөздер, сөздік

Ән- әуез              А.Қорамсаұлы «Балқадиша» әні.

АШМ                  МТЗ-80 тракторы

Орыс тілі            Орыс тілінен енген сөздер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасымен жұмыс.

 Ақан сері  Қорамсаұлы.

Кіріспе: Ақан Серінің атын асқақтатқан ең әуелі жомарт табиғат тарту еткен сан қырлы таланты болса, екіншісі аты Ақан есімімен қатар аталатын атақты пырағы – Құлагер еді.  «Құлагер» – Ақан трагедиясының шырқау шыңы, күйзелісті көңіл күй лирикасы.Құлагердің даңқы үш жүзге тарайды. Ақанның атын  алысқа  естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігі- Құлагер еді. Бүгінгі Ақан Қорамсаұлының  «Құлагер» трагедиясы туралы не ойлайсыздар? Табиғаттың бізге берген таланты Ақаннан артық тағы қандай таланттарың бар?

1894 жылы мамырдың бесінде, Алматы облысы Ақсу ауданындадүниеге келген.1938 жылы қайтыс болған.

Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді.

1919 жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.

1922 жылы Верныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.1938 жылы ату жазасына кесілген.

1958 жылы ақталды.

Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.

Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу – 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды.

 ІІІ. Қызығушылығын ояту.Жылқы,.(қазақ халқының  өміріне байланысы)Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.

І топ     «Топтастыру» әдісі. Ақан туралы не білдім?

 ІІ топ  «Үш жақты күнделік» әдісі.  Ақан  өлеңдерінің шығу тарихы

Өлеңнің аты

Үзінді

Түйінді



 

 

 

 ІҮ. Мағынаны тану

Суреттегі техника жайында жауап бере білеміз бе?

«Сандар сөйлейді» әдісі.

44жыл.1843ж.1894ж. 70жыл.1938ж.1913ж

Шығармада кездесетін мақал-мәтелдер

  • Аттың сыры иесіне мәлім.

  • Сағынайдың асына шаппағанда,

  • Атаңның басына шабасың ба?

  • Мал бітер басы есенге

  • Мұхаммед – Алланың досы

 Ойтолғаныс.

«Біліміңді байқап көр» /тест жұмысы/

1. Ақан өмір сүрген жылдары.

а) 1844-1913 ә) 1843-1913 б) 1843-1914

2. Аспанда ұшып жүрген сен ақ тұйғын,-

Екеуден үшке жеткен тілегіңіз,…қай өлеңінен үзінді?

а) «Қалқа бала» «Сырымбет» «Жақсы мен жаман»

3.Қызылжар қаласына неше жасында келеді?

а) 13 ә) 14 б) 12

4.Үш –ақ ай бірге отасқан жары.

а) Бәтима ә) Ұрқия б) Ақтоқты

5.Құлагерді кімнен сатып алады?

а) Шөкетай ә)Шөмше б)Сайрат

6. Ақанды Омбы қаласына ертіп барған төре.

а) Абай төре ә) Шыңғыс тере б) Шөже

7. «Айтамын замандасқа біраз кеңес»деген өлеңінде жігіт адамның неше түріне сипаттама берген.

а ) 13       ә) 14         б) 15

8. Білінер жер жақсысы қыс келгенде,

Көрінер көлдің көркі құс келгенде,….қай өлеңнен үзінді?

а) «Қараторғай»      ә)«Жақсы мен жаман»       б) «Балқадиша»

9.Ақан қай жерде дүниеге келген?

а) Қоскөл            ә)Жөкей          б) Сандыбай

10. Құлагер қанша  аттың алдында жалғыз озып келді?

А) 240          ә)300            б)200

11. 3 жыл кімнің медресесінде оқиды?

а) Уәлиахун       ә) уәли  б) Бекбос

12. Әншінің талантына,орындаушылық шеберлігіне,әсем дауысына патша мұрагаріқандай сый-құрмет көрсетеді?

а) күміс медальмен марапаттайды    ә) алтын медальмен марапаттайды

б) қола медальмен марапаттайды.



-75%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
" Акан сері" өиірі (58.61 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели