Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  2 класс  /  Құстар біздің досымыз.

Құстар біздің досымыз.

Саба?ты? та?ырыбы :??стар бізді? досымыз.

Ма?саты: Білімділігі: Таби?ат жайлы т?сінігін тере?дету, жалпы ??старды? пайдасы жайлы ма??лмат беру,жалпы ??стар?а,жемшашарларына жем салып,тама?тандыру?а,?ам?ор болу?а т?рбиелеу. Дамытушылы?ы: О?ушыларды? с?здік ?орын, с?йлеу м?дениетіні? белсенділігін дамыту, ??стар ?міріні? бейм?лім т?старын айту, жыл мезгілдеріні? ?згеруіне с?йкес, тіршілікті? де ?рт?рлі болатынын д?лелдеу. Т?рбиелік: Отанын жерін, орманын, к?лін- таби?атты с?юге, а? – ??стар?а ?ам?орлы? жасау?а т?рбиелеу. К?рнекілік: Бет перделер,

Саба?ты? барысы:

Ж?мба? жасыру ар?ылы Бет перде киген о?ушыларды кіргізу.

Ж?мба?:

?зі са?,?зі ?са?,

Шы?ылы?тап т?рмайды

??йры?ы ?зын,?зі ала

Б?л ?андай ??с? (Сауыс?ан)

К?лді? к?ркі,с?ні екен

?ш?анда сазды ?н екен.

А?ындар оны ма?та?ан

Адамдар ?ор?ап са?та?ан

Б?л ?андай ??с? (А??у)

То?-то? етіп

А?ашты ояды.

Онда?ы ??рттарды

Тауысып ?ояды. (То?ылда?)

Жер к?кті кезіп

Тама?ын табады.

?йіме ?йін

Балшы?тан салады. (?арлы?аш)

-Адам ?ай ??сты а? аулау?а пайдаланады? (Б?ркіт)

?зі са?,?зі ?са?,

Шы?ылы?тап т?рмайды

??йры?ы ?зын,?зі ала

Сира?ы ??сас ?амыс?а,

Мойыны имек сорай?ан.

18.01.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы :Құстар біздің досымыз.

Мақсаты: Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағұлмат беру,жалпы құстарға,жемшашарларына жем салып,тамақтандыруға,қамқор болуға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын , сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.
Тәрбиелік: Отанын жерін, орманын , көлін- табиғатты сүюге, ақ – құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Бет перделер,

Сабақтың барысы:

Жұмбақ жасыру арқылы Бет перде киген оқушыларды кіргізу.

Жұмбақ:



Өзі сақ,өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды

Құйрығы ұзын,өзі ала

Бұл қандай құс?    (Сауысқан)

Көлдің көркі,сәні екен

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап сақтаған

Бұл қандай құс?     (Аққу)

Тоқ-тоқ етіп

Ағашты ояды.

Ондағы құрттарды

Тауысып қояды.    (Тоқылдақ)

Жер көкті кезіп

Тамағын табады.

Үйіме үйін

Балшықтан салады.  (Қарлығаш)

-Адам қай құсты аң  аулауға пайдаланады?  (Бүркіт)

Өзі сақ,өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды

Құйрығы ұзын,өзі ала

Сирағы ұқсас қамысқа,

Мойыны имек сорайған.

Қауқиған кім алыста,

Қарақшыдай қарайған./Тырна/



Қанат қағып шарықтап,

Мұхит асып қалықтап.

Шарлап бүкіл әлемді,

Шаттандырып әр елді.

Бейбіт күнге сән болған,

Бұл қандай құс ән болған? /Көгершін/

Тырнағы үшкір діңгектей,

Тұмсығы имек ілгектей.

Қанатын жайып шүйілсе,

Аң-құс қалар бүлк етпей. /Бүркіт/



Шекесінде айдары,

Болғанмен, жоқ айбары.

Балапанын бақпайды,

Үй-жайында жатпайды.

Өзінің аты

Тек айтары қайталап

Мұны кім, кәне айта алад? /Көкек/



Мұғалім кіріспе сөз:


- Құстар болмай қалса не болады?
Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдер мен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктермен кеміргіштер қаптап бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды. Құрттар, қабық қоңыздар ормандарды кеміріп тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.
- Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек? (құстарға көмек жасау туралы әңгіме).
Жемшашар жасап, ағашқа іліп қоюымыз керек. Жемшашарға құстарға арнап, тағам қалдықтарын тастау керек.
Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа! -Дүние жүзінде құстардың 8600 түрі бар


Қазақстанда 474 құстың түрі тіршілік етеді. Бұлар сәуір айында біздің өңірге ұшып келеді. Зиянды жәндіктерді құртып, кемірушіні құртып, егін мен орманды, бақты қорғайды. Өсімдік тұқымын басқа жерге таратады.

Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 млн құрт жейді деп ғалымдар зерттеген

Топқа бөлу:

1- топ: Көгершін тобы

2-топ :Қарлығаш тобы





1- тапсырма:

Көгершін тобы

Қыстап қалатын құстарды атаңдар.





Қарлығаш тобы

Жылы жаққа ұшып кететін құстарды атаңдар.







Мұғалім: Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді білесіңдер ме?

Ән: "Құстар қайтып барады"

Осыдан кейін құс базарын тыңдату.

2-тапсырма:

Құстардың пайдасын жазу,қорғау.

3-тапсырма:

Халық болжамы: ·        Торғай  шаңға аунаса, жаңбыр  жауады.

·        Торғай  терезеге  қонса, күн  суытып, аяз  болады.

·        Әтеш  қыстыгүні  бір  аяғын  көтеріп  тұрса, аяз  болады.
Аязды  күні  қанатын  қақса, аяз  сынады.

·       





Қыста  қаздар  қаңқылдаса, жылы  болады,

аяқтарын  бауырына  тығып  жатып алса, күн суытады.



Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады.

Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.

Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.

Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.

Көктемде бірінші шағала келсе сең бұзылады.

Жыл құсы қаптап келсе,көктем ерте келеді.



Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр жауады.

Әр топтан бір бала шығып қорғайды.

Көрініс: "Аққу"

Ойын : Ұшты,Ұшты.



Құс патшалығынан келген әр құс өкілі өздерімен таныстырады.







4-тапсырма:

Ереже жазу немесе үндеу жазу.



Кішкентай жүрекшелерге жазып іледі.



Ән: "Ақ көгершін"

Аслан:

Тоқылдақпын,тоқылдақпын,

Ағаш қабығының зиян-кесін құртамын.

Бір тәулікте 200-дей зиян кесті жұтамын.

Ағашты тазалайтын дәрігер - санитармын.

Гүлмира:

Бейбітшілік құс менмін көгершін,

Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.

Аспан тұнық шат-көңілді болайық.

Ақ ниетті абзал жандар көбейсін.

Карина:

Жаршысымын көктемнің

«Көкек» дейді мені жұрт.

Өз атын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт.

Өз ұрпағыма ұқыпсыз болсам да мен де пайдалы құспын. Күніне 39 шегіртке, 43 құрт, 53 шытырлақ қоңыз т.б. зиянды құрттарды жеймін.


Расул:

Мен адамның досымын,

Мекенінде тұрамын.

Шыбын келсе кәсібім,

Ұстап жеймін, қырамын.

Б. Аружан:

Құс сұлуы аққумын,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген.

Атуға көзі қимаған.

Марбұлан:

Мен бүркіт көк күмбезде қалықтаған,

Қияға қанат қағып шалықтаған.

Құс ішінде қырағы болғандықтан,

Атандым қыран -бүркіт жалықпаған.

Нұрбек:

Шегірткедей жұтыңды,

Қырғи болып қырамын.

Егістікке, жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын.





-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Құстар біздің досымыз. (23.26 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт