Білім беру саласы: Коммуникация, Таным, Шығармашылық
Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз»
Мақсаты: балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, балалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар, мақал–мәтелдер, тыйым сөздер айтқыза отырып, тілдерін дамыту, балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Әдіс–тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ–жауап, мнемокесте
Алдын ала жұмыс: құстар туралы тақпақтар мен мақалдар, тыйым сөздер жаттау.
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеттері |
| Мотивациялық - қозғаушы | Тәрбиеші балаларды топқа бір қатармен кіргізіп, шеңбер құрады. - Балалар қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келген екен, қане шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасайықшы.
- Жарайсыңдар балалар, енді орындарымызға отырайық. | Сәлем бердім күнге мен Сәлем бердім аспанға Сәлем берем жерге мен, Сәлем берем саған да Сәлем бердік қонақтар Табиғатқа, құсқа да Балалар орындарына отырады. |
| Ұйымдастыру – іздестіру | Тәрбиеші: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Көктемде ауа–райы қандай болады? - Көктем мезгілінде неше ай бар? - Көктем айларын атап береді? - Бізді қоршаған орта қалай аталады? - Оған не жатады? - Біз табиғаттың әсемдігіне, сұлулығына таң қалып, қызығамыз, оны біз қалай білдіреміз? - Табиғат аясында не істейміз? - Табиғат нешеге бөлінеді? - Тас, құм, су, қар, мұз, тау, күн, жер, топырақ қай табиғатқа жатады? - Ал адамдар, жануарлар, құстар, ағаштар, жәндіктер, гүлдер, балықтар қай табиғатқа жатады? - Осы екі табиғат бір–бірімен байланысты. Бүгін біз құстар жайлы әңгімелесеміз. Құстар туралы видео көрсетеді
Фонетикалық жаттығу: Бала қарға – қарқ, қарқ (бәсең дауыспен) Таңғажайып сәт: Тәрбиеші: Балалар бүгін сендерге «мнемокесте» әдісі арқылы құс туралы тақпақ жаттатайын
- Ой балалар, балалар
Құстарда да ана бар
Құс ұясын бұзбайық Обалына қалмайық Сергіту сәті: Қарлығаш боп ұшайық. Торғай болып қонайық. Сауысқан боп секіріп Тоқылдақ боп шоқиық Қане қанат жазайық Қарлығаш боп ұшайық Ұшып – ұшып алайық Орнымызға қонайық. Балаларға көгершін туралы түсіндіріп ол бейбітшілік құсы екенін айтып, тақпақты айтқан, жаттаған балаларға табысталады. Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» ойыны Шарты: мен сендерге сөйлемнің басын бастаймын, сендер аяқтайсыңыздар. - Құстар ұша алады, өйткені ... - Құстар қоректенеді ... - Көктемде қайтқан құстар ... - Аяздан қорықпайды ... - Үй құстары ... - Құстар қорғайды ... - Құстар бір–біріне ұқсайды, .... Құстарды қолдарына алып тұрып «Ақкөгершін» әнін орындайды | Балалар: - Көктем мезгілі. - Күн жылынып, жапырақтар бүршік атып, құстар келе бастайды - Көктем мезгілінде үш ай бар. - Наурыз, сәуір, мамыр айлары.
- Айналамыздағы қоршаған орта жатады. Балалар эмоциямен көрсетеді. - Табиғатты аялаймыз, қорғаймыз, демаламыз, сүйеміз, одан көп қуаныш аламыз. - Табиғат екіге бөлінеді, өлі және тірі табиғат. - Өлі табиғатқа жатады. - Тірі табиғатқа жатады.
Балалар видеоны тамашалайды
Балалар қайталау арқылы тақпақты жаттайды Ой, балалар, балалар Құстарда да ана бар Құс ұясын бұзбайық Обалына қалмайық Балалар тақпақ айтады.
Балалар сетгіту сітңн қимыл арқылы орындайды
- Оның қанаты бар. - Құрт, құмырсқа, жәндіктер, дәндермен. - Тырна, ұзақ, аққу, қарлығаш. - Қарға, торғай, сауысқан. - Әтеш, тауық, үйрек, қаз. - Ағаштарды. - Жүнімен, қанатымен, құйрығымен, тұмсығымен, жұмыртқасымен, аяғымен ұқсайды. |
| Рефлекциялық - түзетушілік | Қорытынды: - Бүгін біз не жайлы әңгімелестік? - Құстардың қандай пайдасы бар? - Балалар сендерге үлкен рахмет. Бүгінгі оқу қызметімізге барлығыңыз жақсы қатыстыңыздар. |
- Құстар жайлы – құстар біздің досымыз. - Құстар ағаштарды құрт – құмырсқадан, шыбын – шіркейлерден тазалайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Құстар туралы мағлұматты, құстардың түрлерін
Нені игерді: Құстар туралы тақпақты сурет арқылы жаттауды
Нені меңгерді: Құстар туралы ән айтуды







Құстар - біздің досымыз (206.01 KB)

