Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  "Құртақандарға арналған үй"

"Құртақандарға арналған үй"

Инновациялы? технологияларды? бала т?л?асын ?алыптастыруда?ы м?ні.

Елбасыны? "Жа?а ?лемдегі жа?а ?аза?стан" атты жолдауында "Біз б?кіл -еліміз бойынша ?лемдік стандарттар де?гейінде с- бапты? апалы білім беру ?ызметін к?рсетуге ?ол жеткізуіміз керек" десе, III- тарауы18- ба?ытты? 7- тарма?шасында "А?паратты? технологиялар мен а?паратты таратуды? жа?а нысандары ба?ыттал?ан, мамандырыл?ан білім беру ба?ыттарын ??ру міндеті де алдымызда т?р" делінген. Сондай - а? 17- ба?ытты? 3- тарма?шасында "Он - лайн т?сілінде о?ыту т?жірибесін дамытып, елімізде о?у теледидарын ??ру ?ажет"- деп к?рсетілгендей б?гінгі к?ні білім беру ж?йесі жа?а педагогикалы? технология?а негізделуін ж?не а?паратты? ??ралдарды? ке?інен ?олдануын ?ажет етеді.

Осылайша о?у т?рбие ?рдісіндегі жа?а а?паратты? технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Б?секеге ?абілетті білім ке?істігін ??ру?а ?аза?станды? білім беру реформасын е? басты ма?саттарыны? бірі инновациялы? технологиялар?а с?йене отырып, б?лдіршін бойына танымды? ?асиетін ?алыптастыру, шы?армашылы? ойлауды дамыту?а м?мкіндік жасау болып отыр. Осындай к?рделі м?селелерді шешуде мектепке дейінгі мекемелерді? алатын орны ерекше.

Заманымыз?а сай ?азіргі ?о?амда а?параттандыруда т?рбиеші ?стаздарды? біліктілігін а?паратты? коммуникациялы? технологияны ?олдану саласын к?теру негізгі міндеттерді? біріне айналды.

?азіргі заман талабына сай т?рбие мен таным саласына енгізілген жа?а ба?ытта?ы ты? ?рдістерді ?рбір т?рбиеші ме?геріп ?ана ?оймай оны т?жірибеде орынды ?олдана отырып, ?з білімін, іскерлігін ?немі жетілдіріп отыруы тиіс. Жа?а ?мірді? стандарты " Жалпы?а бірдей білім, ?мір бойы білім алу"

"Елімізді? ерте?і- б?гінгі жас ?рпа?ты? ?олында, ал жас ?рпа?ты? та?дыры ??стазды? ?олында" -деп елбасымыз Н.?.Назарбаев айт?андай балаба?шада баланы? таным процесін ізгілендіру ма?сатында к?птеген о?у- т?рбие ?рдістері, жан - жа?ты ?йымдастырылып ?ткізіледі.

А?паратты? инновациялы? білім беру ??ралдарына: компьютер, интерактивті та?та, аудио - видео, мультимедиялы? ??ралдар, электронды? о?улы?тар жатады. Т?рбиеші компьютер ар?ылы т?рлі слайдтар, видео- фильмдер, суреттер, ойын, ертегілерді к?рсете отырып о?у іс -?рекетін ?ткізеді. Мультимедиялы? ??ралдар балаба?ша б?лдіршіндеріне арнал?ан таптырмас ??рал. Себебі б?л кезе?дегі балаларды? зейіні ?демі т?стерге, ойыншы?тар?а, суреттерге, я?ни ?семдікке ?уес болады. Кез келген іс - ?рекетте ?р т?рлі ?демі, ?намды суреттер, сызбалар, т?сілдер ар?ылы графикалы? иллюстрциялар негізінде а?паратты? - коммуникациялы? технологияларды пайдалану т?рбиеленушілерді? танымды? белсенділігін арттырып ?ана ?оймай, логикалы? ойлау ж?йесін ?алыптастыру?а, шы?армашылы?пен е?бек етуге жа?дай жасайды.

30.01.2017

Содержимое разработки

Балаларды ойындар арқылы моральдық-адамгершілік тәрбиелеу


3-5 жастағы балаларға адамгершілік ұғымы тән емес. «Мейірім» түсінігі олар үшін өте бұлыңғыр және мінез-құлықтарына қандай бір көзқараспен қарау қызықты емес. Балалар «ұнайды» немесе «ұнамайды» ұстанымымен жиі өмір сүреді.

Ата-аналар мен тәрбиешілердің арасында жүргізілген соңғы әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, балалардың ең құнды қасиеттері мейірімділік және бауырмалдық деп санайды.

Балаларды моральдық-адамгершілік тәрбиелеудің негізгі міндеті дұрыс мінез-құлық туралы білу емес, басқаға бағытталған эмоциялар мен сезімдердің дамуы болып табылады. Олар үшін ойын басты іс-әрекет болып табылатынын ескере отырып, авторлар (С. А. Пуйман, В. И. Журавлев, М. Л. Портнов, Н. В. Клюева, С. Н. Батракова, Ю. А. Варенова және басқалары) ойындарының және тапсырмаларының кешенін қолданамын, олар баланың көңілінің басқа балаға аударылуына жене оны әртүрлі: сыртқы келбетпен, көңіл-күймен, іс- әрекеттермен және қылықтармен білдіруге бағытталған. Осылар арқылы топтағы қарым-қдтынас та өзгереді.

Өз жұмысымда мынадай ұстанымдарды ұстанамын:

- баға бермеу;

- бәсекелестірмеу;

- ойыншықтардан және заттардан бас тарту;

- өзара сөйлесуді азайту;

- мәжбүрлемеу.

«Өзгеге бағытталған» қарым-қатынастарды орнату бәсекелестіктен бас тартуды, яғни баланың өзінің оңды және теріс қасиеттеріне, басқаның артықшылықтары мен кемшіліктеріне назар аудартатын, нәтижесінде өзін басқалармен салыстыруға итермелейтін баға бермеуді білдіреді.

Көптеген жағдайда жиі дау-дамайлар мен жанжалдар ойыншықтарға таласудан пайда болады. Осыған байланысты адами қарым-қатынастарды құру сатыларында баланың көңілін құрдастарына толық аудару үшін мүмкіндігінше ойыншықтардан және заттардан бас тартқан жөн. Осыдан бөлек, бұл жұмыс қандай да бір мәжбүрлікті тудырмауы тиіс, өйткені ол қарсыласуға, негативизмге, тұйықтылыққа әкелуі мүмкін.

Топта басқалардың ойнауына кедергі келтіретін «қиын» балалар бар, бұл кезде мен жанына барып, екеулеп ойнай бастаймын. Бала қызыға бастаған кезде, оны басқа балалармен ойнаттырамын. Күрделі болатын жағдайларда ойыннан байқатпай шығарып, жеке ойнауды (Lego, кубиктер және басқа.) ұсынамын. Іс-тәжірибе көрсеткендей, біраз уақыттан кейін мұндай балалар ортақ ойынға қосылады, бірақ бұл кезде ережелерді бұзбауға тырысады.

Моральдық-адамгершілік мінез-құлықтың қалыптасуына оң әсер ету үшін белгілі құрылымы бар топтық сабақтарды қолдануды ұсынамын. Олар сәлемдесуден басталуы, бірнеше педагогпен өткізілетін бірнеше ойындардан тұруы және қоштасумен аяқталуы тиіс.

Бұл жұмысты 6 сатыға бөлуге болады:

Араласуға бірден өту, бұл балалар үшін әдеттегі вербальды және заттық әдістерден бас тартуды білдіреді. Барлық ойындарға ортақ ереже - бір- бірімен сөйлесуге тиым салу, бұл дау-дамайдың, келісулердің және т. б. болу мүкіндігінің жолын кеседі. Әрбір ойында шартты сигналдардың өз тілі енгізіледі - бұл қатысушылар қарым-қатынас жасау үшін физикалық байланысты қолдануынан көрінеді. Бұдан бөлек, заттық атрибуттар (ыдыс, костюмдер және т.б.) қолданылмайды.

«Толқындар» ойыны

Тәрбиеші айналасына балаларды жиып, былай дейді: «Теңізде толқындар болады, олардың тербеліп келіп, өзіңді шайып өткені қандай тамаша. Толқынға айналып, олар сияқты қозғалайық және олар күнге шағылысқан кезде күлейік». Содан кейін «теңізге шомылуды» ұсынамын, «шомылушы» ортаға тұрады, оны «толқындар» қоршайды, сипай отырып, ақырын сылдырлап ағады.

Балаларды өз басы және құрдастарының оған деген көзқарасы туралы ой- лаудан алыстату үшін балалардың арақатынасына қарамастан, бір-біріне назар аударуын ұсынамын. Бұл үшін сәтті орындалуы балалардың бір-бірінің қимыл-қозғалысына, сыртқы келбетіне, мимикасына, дауысына, қимылдарына және басқаларына жете назар аударуды қажет ететін тапсырма беремін. Басқаға көңіл бөлу қабілетінің дамуына, онымен ортақтықты сезінуге бағытталған ойындардың барысында бала басқаға барынша назар аударғаны абзал.

«Жаңғырық» ойыны

Балалар дөңгелене отырады. Тәрбиеші мынадай сурақ қояды: «Балалар, сендер орманда жаңғырықты естіп көрдіңдер ме? Дыбыс бірнеше рет қайталанады және ақырындай береді. Қазір біз ойын ойнаймыз. Мен бір сөзді айқайлап айтамын. Менің көршім оны қайталайды, бірақақырынырақ қайталайды, келесі бала одан да ақырынырақ айтады, ары қарай шеңбер бойынша айтасыңдар». Ойын әр бала өзінің сөзін айқайлап айтқанша, ал басқалары оны қайталағанға дейін жалғасады.

Белгілі мақсатқа жету. Бул үшін балалар барынша келісім түрде ойнауы тиіс. Олардан құрдастарына көңіл бөлу, бір-бірінің қызығушылықтарын және мінез-қулқын ескере отырып, іс-әрекет ету талап етілді. Мұндай келістілік басқаға көңіл бөлуге, бірігіп ойнауға және сезімінің пайда болуына септігін тигізді.

«Қимылды жалгастыр»

Балалар дөңгелене отырады. Тәрбиеші балалардың біреуін шақырып, жүргізуші болуды усынады: «Қазіржүргізуші қез келген қимыл жасайды (қолын көтереді, жүрелеп отырады, өзін-өзі айналады және т. б.). Мен қолымды шапалақтағанда ол тыныштанады, ал оның көршісі қимылды қайталайды, осылайша шеңбер бойынша жалғастырамыз». Сөйтіп, қимыл шеңбер бойынша қайталанып, жүргізушіде тоқтайды. Ойын жүргізуші болуға тілек білдіру тоқтағанға дейін жалғасады.

Еркін қарым-қатынас жасау машықтарын дамыту, құрдасында өзін-өзі бағалайтын дербес тұлғаны көре білу, сондай-ақ балалардың ортақ эмоцияларды білдіруі. Осы сатыда балалардан қамқорлықты және жанашырлықты қажет ететін ойындарды дайындау мүмкін болды.

Тұлғааралық қатынастарды дамыту бойынша көптеген педагогикалық бағдарламалар өзара көмек беруге «арандатушы» ойындарға және сабақтарға негізделеді. Алайда, іс-тәжірибе көрсеткендей, мұндай ойындарды алдын ала дайындалусыз қолдану балалардың басқаларына көмектесуге ынталануы есепке құрылғанын немесе еріксіз істелгенін көрсетеді: балалар ересек- тер мақтағандықтан немесе тәрбиеші солай айтқандықтан көмек көрсетті. Балалардың шын көңілмен көмек беруі үшін топта алдын ала жайлы ахуал жасау, еркін, кедергісіз қарым-қатынас жасау және эмоциялық жақындық атмосферасын орнату қажет.

«Ашу, кет» ойыны

Балалар кілемнің үстінде дөңгелеп жатады. Олардың арасында жастықтар жатады. Балалар көздерін жұмып, аяқтарымен еденді, қолдарымен жастықтарды ұрғыштап, «Кет, ашу, кет!» деп қатты айғайлайды.Осыдан кейін олартәрбиешінің айтуы бойынша ақырын музыкаға тыныш жатады.

Балаларды жақындастыратын күйзелістер бірдей сезімдер тудырады. Бұл сатыдағы ойындар басқаға жан ашуды талап етеді, құрдасына көмектесуге және қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бала тек көз алдына келтіретін жағдайда ғана көмектесіп қана қоймай, шын өмірде де көмек бере алған жағдайлар жасалды: балалар тәрбиешілерге кіші топтағыларды тамақтандыруға, қыдыртуға алып шығу үшін киіндіруге және т. б. көмектесті.

«Қарт әже»

Тәрбиеші балаларды жүптарға бөледі. Әр жұп «әжеден» («атадан») және «немереден» (қыз, бала) түрады. Көзі көрмейтін атаны қозғалысы тез көшеден өткізу қажет. Бірнеше бала машиналардың рөлін ойнап, ары-бері жүгіреді. «Жетектеуші» «қарттарды» машиналардан өткізуі тиіс.

Жоғарыда айтқанымдай, балалар үшін теріс эмоциялар білдірудің жолы сөзбен жеткізу (үрысу, шағымдану және т. б.) болып табылатындықтын, алдыңғы сатылардың ортақережесі сөйлесуге тыйым салу болды. Осылайша мен үрыс-керістерді, дауларды және басқа да жанжалдарды болдырмауға тырыстым.

Өткен сатылардың ойындарын және сабақгарын өткізгеннен кейін ғана топта жылы және тыныш атмосфера орнады.

Басқаға өзінің көзқарасын сөзбен жеткізуге арнайы бағытталған ойындар. Міндет - басқа балалардың оң қасиеттері мен адамгершілігін көруді және ерекше көңіл аударуды үйрету. Құрдастарына комплименттер айтып, өздерінің тілектерін білдіре отырып, олар айналасындағыларды қуанышқа бөлеп қана қоймай, өздері бірге қуанады. Мынадай 2 ойынды үсынамын:

«Мақтаншақтар сайысы»

Балалар дөңгелене отырады. Тәрбиеші: «Қазір біз мақтаншақтар сайысын өткіземіз. Кім бәрінен жақсы мақтанса, сол жеңеді. Өзімізді мақтамаймыз, көршімізді мақтайтын боламыз».

«Жалғаушы жіп»

Балалар дөңгелене отырады, оралған жіптен ұстай отырып, оны бір-біріне береді, бүл кезде олар тілектер айтады. Педагог ойынды бастап береді, оралған жіп жүргізушіге қайтадан берілген кезде балалар жіпті тартып ұстайды, көздерін жұмып, өздерін біртүтас етіп елестетеді, әркімнің маңызды екендігін және бағаланатынын сезінуге тырысады.

Аталған ойындарды өткізу белгілі нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді. Балалар көп ойнай бастады, көптеген жанжалдарды өз беттерімен шеше бастады, осыдан бөлек бірнеше «қиын» балалардың агрессивтілігі, қыңырлықтары азайды. Жалғыз ойнайтын түйық балалар немесе менің жанымда ғана жүретіндер бәрімен бірге жиі ойнай бастады.

Осындай нәтижелермен қатар, жылдың басында және аяғында бауырмалдық, келісім, қанағаттанушылық, қызығушылық, мейірбандық, нәтижелілік, ынтымақтастық көрсеткіштеріне байланысты Л. Н. Лутошкинамен әзірленген «Топтағы психологиялық ахуалды анықтау», «Топтағы атмосфера» тестері боиынша диагностика өткізілді.



-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Филолог

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Құртақандарға арналған үй" (19.15 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт