Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
| Білім беру саласы | Коммуникация |
| Бөлімі | Сөйлеуді дамыту |
| Тақырыбы | Құлыншақ. С.Бегалин |
| Мақсаты
Міндеттері | Тақпақтың мазмұнын түсініп жатқа айтуға дағдыландыру.
|
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер | қуыршақ Шопан ата, киіз үйдің макеті, төрт – түлік малдың суреті. |
| Әдіс тәсілдер | Сұрақ жауап, әңгімелесу, көрнекілік, ойын |
| Сөздік жұмыс | төлдер, сүзеген, өріс. |
| Билингвалды компонент | жылқы –horse |
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері: -Біз қандаймыз,қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжуді білмейміз. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге! |
Шаттық шеңберінде тұрып барлығы бірге айтады.
|
| Ұйымдастыру іздестіру | «Еркелетіп айт» сөздік ойыны -Балалар, сендерді үйде ата-әжелерің «ботам», «қозым» деп еркелете ме? Ендеше менің қолымдағы киіз үйді сыйлау арқылы бір-бірімізді еркелете отырып,тілек айтайық. Шопан ата қонақта. -Бұл кісі төрт түлік малдың иесі – Шопан ата. Шопан ата балалармен амандасады, сұрақтар қояды: -Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер? -Ал, олардың төлдері қалай аталады? -жақсы сендерге рахмет мен отырып дем алайын.
Қазір мен сендерге Сапарғали берғалидың «Құлыншақ» өлеңің оқып беремің. Мұқият тындайық. Қиығындай құрақтың, Қиығы екі құлақтың, Үкідей кекілі желбіреп, Бүліштей ерні үлбіреп, Томағадай сауыры, Аш бөрідей бауыры, Толқынды бұйра жал-құйрық Шопса құлын құдиып, Шаншылып күлте құйрығы, Құлын жердің жүйрігі. Сөздік жұмыс: «Аш бөрідей, Құлын жердің жүйрігі» деген сөздердің мағынасын түсіндіріреді. «Сипаттап бер» ойыны Тақтаға үй жануарларының суреттерін іледі. Балаларға өздері қалаған бір үй жануарының суретін алып, соны сипаттап беруді ұсынады.
Сергіту сәті Төлдер жыры Шөре-шөре, лағым, Тентек болма, шырағым. Секектеме деміңді ал, Селтеңдемей құлағың. «Қайсысы артық?» дидактикалық ойыны Суреттер қатарынан (үй жауарларының арасында бір жабайы жануар) артық суреті табуды ұсынады.
Жеке балалармен жұмыс жүргізеді:табуға көмектеседі. | Шаттық шеңберіне тұрып, киіз үйді бере отырып, бір – біріне жақсы тілектер айтады.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап, Шопан атамен амандасады. Сұрақтарға жауап береді
Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Қалаулары бойынша бір үй жануарларының суретін алып,суреттеп шығады.
Өлең бірге айтып, қимылдар жасайды.
Төлдер туралы білетін өлеңдерін айтады.
Артық суретті тауып,алып тастайды. |
| Рефлексивті -түзетушілік | Сұрақтар қойып сабақты қорытады. Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. | Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
| Қабылдады | үй жануарлары мен төлдерін, олардың тіршілік ету ерекшеліктерін. |
| Түсінеді | әңгіме жүргізу барысында жаңа сөздерді құрастыру. |
| Істей алады | жануарларды күтіп баптауды, оларға қамқорлық жасай білуге. |




Құлыншақ. С.Бегалин Сөйлеуді дамыту (150.22 KB)

