Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Мероприятия  /  11 класс  /  Кәсіби білім беруде химияны оқытудың инновациялық әдістері

Кәсіби білім беруде химияны оқытудың инновациялық әдістері

Жаңарған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты мақсаттарының бірі ретінде әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену бағыттары адамды жоғары маңызды құндылық деп танып, қоғамның дамуының өзегі болып табылатын болашақ мамандарды кәсіби даярлау сапасын жетілдіруді басты бағдар тұтады.

27.03.2018

Содержимое разработки

«Маңғыстау энергетикалық колледжі» МКҚК











Баяндама



Тақырыбы: «Кәсіби білім беруде химияны оқытудың инновациялық әдістері»











Дайындаған: Аманшаева З.А.























Ақтау-2018



Кәсіби білім беруде химияны оқытудың инновациялық әдістері

Маңғыстау облысы. Ақтау қаласы,

Маңғыстау энергетикалық колледжі

Айбасова Калия Ажибаевна

химия және биология пәні оқытушысы


«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады».


Н.Ә.Назарбаев



Жаңарған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты мақсаттарының бірі ретінде әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену бағыттары адамды жоғары маңызды құндылық деп танып, қоғамның дамуының өзегі болып табылатын болашақ мамандарды кәсіби даярлау сапасын жетілдіруді басты бағдар тұтады. Тұғырлы білімдері мен кәсіби біліктерін оңтайлы сабақтастыра отырып, кәсіби міндеттерін шығармашылықпен шеше білетін жаңа тұрпатты маман даярлау үрдісін студенттердің дербес іс-әрекетінсіз елестету және оны жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан білім саласында студенттерді кәсіби даярлау үрдісін жаңаша сипатта қарастырып, олардың шығармашылық, дербестік сапаларын дамыту негізінде меңгерген білімдері мен білік, дағдыларын өзгермелі өмір жағдайында, болашақ кәсіби іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдана білуге үйрету маңызды міндет.  Көрсетілген мәселенің өзекті тұстары Қазақстан Республикасы-2030 жылдарға дейін стратегиялық дамуын жүзеге асыру бағдарламасы мазмұнында, «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы «Білім» бағдарламасында, Қазақстанда білім беруді дамытудың 2015-жылдарға дейінгі мемлекеттік бағдарлама талаптарымен үндеседі. Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, әлемдік ортада алдыңғы шептен орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы оқытудың дидактикалық жаңа сипаты – жаңа оқыту технологияларын, оқу ақпараттарын ұтымды қолдану, шығармашылық оқыту түрлерін кеңінен пайдалануға байланысты. Қазіргі заманғы студенттердің кәсіби құзыретті, ойлау белсенділігі жоғары, ізденімпаз, дербес, шығармашыл болып қалыптасуын әдіснамалық тұрғыда, қазіргі қоғам талаптарына сәйкес жаңаша негіздеуді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі еліміздің күннен – күнге гүлденіп дамуы, жаңа саяси – экономикалық өрлеу, болашақ дамуға бағдарланған өзгермелі өмір жағдайлары адамнан ақыл – ой белсенділігін, өзекті мәселелерді шығармашылықпен шешу, оны оңтайлы пайдалануды талап етеді. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда көрсетілген міндеттерді шешудің басты тұғыры ретінде студенттерді құзыреттілікке икемдеудің маңызы зор. Құзыреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ маманның құзыреттілігінің қалыптасуын кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни бір сөзбен қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Кәсіби құзыреттілік деп маманның жеке бас сапалары мен оның психологиялық – педогогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады.
Оқытудың әдістерін таңдау көптеген факторлармен білім берудің маңызды мақсаттарымен, оқу курсының ерекшеліктерімен, сабақтың мақсатымен, студенттердің мүмкіндігімен, қолда бар оқу құралдары және уақытпен, оқытушыны мойындауымен, олар пайдаланатын дидактикалық жүйенің ерекшеліктерімен анықталады. Оқыту әдістері оқыту процесінде маңызды қызметтер атқарады. Әдістердің көмегімен оқытылатын материалдардың тиісті мазмұнымен студенттерге берілуі, студенттердің интеллектуалды дамуы және қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар әдістер оқу процесінің қалыпты қызметіне қажетті жағдай жасаушы.  Жұмыс барысында алдыма қойған мақсат:

- студентті химия пәні арқылы мамандыққа баулу;
- студенттің білім – білік дағдыларын қалыптастыру;
- білім алуға деген ынтасын арттыру;
- студенттің белсенділігі мен іскерлігін арттырып, шығармашылыққа баулу;
- химиялық тілді, теориялық білімді практикамен ұштастыру;

- мамандығына байланысты химиялық үрдісті түсіндіре алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мысалы, химия сабағында білімді қорытындылап бағалау үшін жедел диктант аламын. Бұл диктантты алу арқылы әр сабақ басында жазбаша түрінде студенттер 5 сұраққа жауап береді.

-Формулаларды құрастыру және қышқылдарды жіктеу.

1.Келесі қышқылдардың формулаларын жазу.Азот қышқылы, күкірт қышқылы, тұз қышқылы.

2. Көсетілген қышқылдардың формулаларында қышқылдық қалдық және оның валенттілігін анықтау. HCLO4, H3PO4 ,H2MnO4.

3.Қышқылдық қалдықтарының валенттілігі бойынша қышқылдардың формулаларын құрастыру:SO3, (ІІ); PO4(ІІІ); Br (І).

4. Қышқылдардың формулаларын жазу және атау: HCI; NaNO3; H3PO4.

5. Негіздік бойынша қышқылдарды жіктеу және атау: HCI; H2SO3; HNO3 т.б.

Мұндай сұрақтар студенттерге формулаларды тез еске түсіруге және олардың құрамын үнемі біліп отыруға мүмкіндік береді.

Химияны меңгертуде формулалардың маңызы зор, сондықтан сабақ барысында формуланың жалғасын табатын перфокарталардың да алатын орны ерекше. Сонымен қатар студенттерге әр түрлі тақырыптарда жеке жұмыстар тапсыруда сабақты тереңдете түседі, осы зерттеген тақырыптарын ортаға салуға мүмкіндік беремін. Осындай әдіс - тәсілдер арқылы әр сабақта жұмыс істеу барысында студенттердің білімдері тереңдейді, есте сақтау, химиялық тілмен сөйлеу қабілеттері дамиды және олар ізденімпаздыққа, үнемділікке тәрбиеленеді.
Химия сабақтарында студенттердің белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыруда төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастырамын:
-Дидактикалық ойындар (ойлан тап, химиялық лото, химиялық «лабиринт»)
-Топпен жарыстыру (берілген уақытта тапсырманы топпен орындау түрлері)
-Еркін тақырыптарда мәтін құрастыру, ертегі шығару, ребустер мен сөз жұмбақтар, басқатырғылар құрастыру, шығармалар жаздыру.т.б.
-Студенттерді әдебиетті іріктеуге, аннотация жасауға, конспектілеуге, кортетекалар жасауға, жоспар жасауға, материалдар жинауға, оның жоспарын жасауға үйрету.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, студенттер практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

-зертханалық тәжірибелер;

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар студенттердің қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Студенттердің сабаққа деген қызығушылығын ояту оқытушының сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.Сонымен бірге студенттің бастапқы білім деңгейін, жаңа технологияны пайдалану барысында қаншалықты білім алып шыққанын, не үйренгенін айқындап, диагностикалап отыру да артық болмайды. Өйткені оқытушы тарапынан білімі мен іскерлігі тексерілмеген студенттер біртіндеп үлгермеушілер қатарына қосылады. Бұл өз кезегінде сабақтың сәтті өтуіне зиянын тигізбей қоймайды.

Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға маңызы арта түсті. Осы бағытта студенттердің белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталып жүр. Бұл әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлға аралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру талаптарын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпараттарды игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс – әрекетін басқаруда тәжірибесі аз оқытушыларға көптеген қиындықтар туғызады. Интерактивті әдістің тағы бір ерекшелігі студенттердің белсенділігі оқытушының белсенділігімен сәйкестігінде сонымен қатар студент мен оқытушы тұрақты өзара іс әрекетінде. Интерактивті әдістерді қолдануда студенттерді сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты тапсырма студенттерге берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс –әрекетінде. Интерактивті әдістерді сабақ барысында қолданудың басты құрылымы мынада: сабақ басталысымен студенттерге белгілі бір тақырыпты беру және осы тақырыптың әрі қарай дамуына септігін тигізетін іс – әрекеттерді уақытылы жинақтай білу. Осындай интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы химия пәнін студенттерге жете меңгертуді сонымен қатар мамандықтарын меңгеруде осы білімдерін кеңінен қолдануына жете мән беріп келемін.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты оқытушыны қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «білім алушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Қорытындылай келе, химиялық білімнің кәсіби мамандыққа бағытталуы дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін, өздігінен шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, еңбексүйгіш, бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. И. Нұғыманов. Химияны оқыту әдістемесі // Алматы:Print- S 2005

  2. Л.С.Омарова. Химияны оқыту әдістемесі. //Электрондық ресурс:- Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007

  3. А.А.Елизаров. Методика преподавания химии в школе.//Издательство

« БИНОМ. Лаборатория знании», 2010

  1. Ақпараттық-әдістемелік журнал «Техникалық және кәсіптік білім» №3 2014 // 99б

  2. Ақпараттық-әдістемелік журнал «Техникалық және кәсіптік білім» №2 2014 // 57б







-80%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Кәсіби білім беруде химияны оқытудың инновациялық әдістері (25.99 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт