«Қиын бала және оны болдырмау жолдары»
Қазіргі өмір сүріп отырған үшінші мыңжылдықтың болашақ жастары қандай болмақ? Бұл бүкіл адамзатты ойландырып та, толғандырып та, отырғаны анық. Бүгінгі күні біз мүделлі мақсатымыз бар, өркениетке ұмтылған жеке елге айналдық. Елімізде басқа салалармен қатар білім беру саласында да салалармен қатар білім беру саласында да жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістер болашақ ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көз-қараспен қарауды талап етуде.
Өтпелі кезеңнің көлеңкелі жағы мен бұдан бұрынғы білім беру саласындағы реформалардың салқыны қазіргі қоғамдағы «қиын» баланың пайда болуы мен көптеген келеңсіз көріністердің алғы шарттарын жасап берді. Әсіресе, адамзатты толғандырып отырған ата-ана мен қалың жұртшылықты, әлеуметтік педагогтерді алаңдатып отыр. «Қиын» баланың пайда болу факторлары, олармен жұмыс жүргізудің теориялық жақтары әртүрлі пікірде айтылғанымен, оны іс жүзінде зерттеу және қалыпқа келтіру әдістері толық шешімін таба алмай отырған мәселе.
«Қиын» балалардың пайда болуы мен шығу себептері анықталып, онымен күресу жолдары және шығатын нәтижелер көрсеткіштері берілген.
Бағдарламаның мақсаты өркениетті бағыттағы адамзаттық-адамгершілік қасиетті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын, биік өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.
Бағдарламаның міндеттері:
-қоғамда жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе-тәрбие беру ісін заман талабына сай жаңаша ұйымдастыру;
-оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту;
-оқушылардың саналы тәртібі мен пайымды мінезін қалыптастыру, соған сәйкес сезімін және сенімін тәрбилеу;
-қоғамның негізгі талаптарын шәкірттердің борыш, намыс, ождан, қадыр-қасиет сияқты биік адамгершілік мұраттарына айналдыру.
Тәрбиеленуі «қиын» балаларды болдырмау үшін ұстаз бен шәкірт арасында тартыс тұрмауы қажет. «Егер бала бұзақы болса, оған бала кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі деген А.Макаренконың сөзі бекер айтылмаған. Ендеше, мұғалім біріншіден, терең білімді, жауапкершілікті жете түсініп, сабағын жан-жақты даярлану арқылы саналы, тиімді, қызғылықты етіп өткізсе, оқушылар сабаққа қана зейін аударады да, басқа нәрсеге көңіл бөлмейді. Екіншіден, оқушының әрбір тәртіпсіздігі мен шәлкем- шалыстығының себебін анықтап және соған көз жеткізіп барып, шара мен жазаны соған лайықтап қолдану керек. Үшіншіден, мұғалім шыншыл, әділетті болуы тиіс. Төртіншіден, ұстаз кекшіл болмай, кепейілді, кешірімді, мейірімді, сабырлы, ұстамды болған жөн.»
Қиын балалар қайдан шығады? –деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Еңбасты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Қазіргі ХХІ ғасыр таюалдырығын аттап отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі біздерді ойландыруда Ахмет Байтұрсұнұлы айтқандай балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұндай бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ.
Мінез-құлықтағы қиындық және «қиын» балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Психолог-педагог ғалымдар А.Макаренко, С.Шацкий, А.Выготский, «қиын» балалар мәселелерін жан- жақты зерттеді. Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша «қиын» балалардың шығуына үш фактор себеп болады.
1. Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, тұрмыстағы ұрыс-керіс, маскүнемдік, ата-ананың болмауы.
2. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырылуда жіберілген кемшіліктер, яғни, жеке оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығуын, талап-тілегін ескермеу.
3. Жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие үрдістеріне дұрыс көңіл бөлмеу.
В. Трифанов зерттеулеріндегі «қиын» бала анықтамасы- педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Ал. А.Фортунов «қиын» бала ұғымына мән бермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. «қиын » балалар намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады. «Қиын» оқушыларды тәрбиелеу барысында олардың оқуға деген жағымсыз қатынасын өзгерту мәселесі бастауыш сыныпта негізгі проблема болып табылады. Өйткені мұндай оқушылардың оқу үлгерімінің төмен болып келуі жиі кездеседі.
Мектеп психологі: Дармағамбетова Бағила Бегенішқызы