Мақсаты:Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен,әке өнегесімен, ата ақылымен берілетін өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойында қалыптастыру.
Әнұран. Бүгін қазанның 1-і ата-әжелеріміздің төл мерекелері, ардақты аталармен әулие әжелер! Мерекелеріңіз құттты болсын!Немелеріңіздің шат-шадыман шаттығына бөленіп , тәтті қылығына кенеліп ,тізелеріңе отырғызып ,ертегі тыңдатып заманның қатал тұстары шынықтырған қуаттарыңыздың арқасында аман – есен жүре беріңіздер!
Лездеме тақырыбы «Қазыналы қарттарым»
1. Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштан құйған тау мүсін
Қарттарым аман саумысың
2.Өздерің болса жаныңда
Ел іші жомарт , еңселі
Дән иісі жүрген қаныңда
Даламның бір-бір бөлшегі
3.Өзге бір менде жоқ тілек
Өздерің көзбен баққаным
Болғам жоқ алаң ,даламда
Әулие қарттар жүргесін
4.Алдында жүрші көзімнің
Асылым алтын қазынам
Ауыра қалсам өзіңнің
Пейіліңнен –ақ жазылам
5.Сағынып талай жыр туар
Оралар әлі-ақ сан жыршы
Даламның иісі бұрқырап
Қарттарым аман-сау жүрші
6.«Тоқта ботам»
Тоқта балам!Атаң келед артыңда!
Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға
Сенің сәби сәттеріңнің мысқылын
Айырбастап ала алмай жүр алтынға
7.Тоқта балам! Атаң келед артыңда
Сен сыйласаң,сәби шақтың бір сәтін
Атаң саған ұзақ өмірін қияды
Ақылына айырбаста күлкіңді,
Қайтесін сол күлкі дейтін шіркінді?!
Бейқам күліп өспеген соң өз басым,
Бос күлкіні ұнатпаймын біртүрлі.....
8.Қызмет қылсаң халыққа аянбадың,
Болашақтың қалауын даярладың.
Ат шалдырған жолаушы секілденіп,
Асып алып 60 тан аялдадың.
9.Қартайсаң да қайғырмай шауып жүрсің,
Қартайғанмен пенсия алып жүрсің.
Шал десек те қолынан түк келмейтін
Балаңыздың баласын бағып жүрсің..
10.Сен қартайды дегенге мен сенбеймін
Әжімменен кәрілік өлшенбейді
Әжім деген-әйгілі тамшы уақыт
Тамшы уақыт тасты да жеңсем дейді
Нургулдің орындауында Мама
11.Шаршама,шашым ерте ағарды деп,
Қайратын қан бойында қалар жүдеп
Ақ шаштың ар жағында-аппақ миың,
Әжімнің ар жағында-соғар жүрек.
«Ата өсиеті»көрініс
Нарттай жанған жүзінен әр таймаған
Соғыс өртін көрседе қартаймаған
Айналайын ардагер қариялар
Шежірелі сырына жан тоймаған
Ақылы дария көреген көпті көрген
Сұрай қалсан бәріде текті жерден
Тепкі жеген шалдарға ұқсамайды
Қиындықты басынан өткізгенмен
Ашық аспан ақ жарқын күн көзіндей
Жарқыраған тарихтың күмбезіндей
Асқар таудың шыңындай қыран ойы
Қарапайым болған соң тұр сезілмей
Шапағаты ақ маржан, ақ тарыдай
Жеміс төккен бағбаннның бақтарындай
Жүре тұршы жарқырап арамызда
Бабаларым рахмет сендерге
Бабаларым болмасындеп құр кеуде
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым рахмет сендерге!
«Үйіңде қартың болса,
Жазулы тұрған хатпен тең
Үй артында төбе болса
Ерттеулі тұрған атпен тең»
«Қой асығы демеңдер
Қолыңа жақса сақа қой
Жасы кіші демеңдер
Ақылы асса дана ғой.

Қазыналы қарттарым (17.04 KB)

