Меню
Разработки
Разработки  /  Технология девочки  /  Уроки  /  5 класс  /  Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Ою түрлерін дайындау

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Ою түрлерін дайындау

1. Ою – ?рнекті? т?рлерімен таныстырып, оны? б?ктеу ж?не ?ию ?дістерін ?йрету;

2. О?ушыларды хал?ымызды? салт – д?ст?ріне, ?ол?неріне тере? ??ілдіріп, ой-?рісін дамыту;

3. О?ушылар?а ою – ?рнектер ?нерін ?йрету ?стінде эстетикалы? тал?амдары мен ?нерге деген шеберлік ынта, ?абілетін арттырып, к?ркемдікпен, ?семдікпен жасал?анына к?здерін жеткізе отырып т?рбиелеу;

03.04.2017

Содержимое разработки

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Технология пәнінің мұғалімі Иманбаева Гулзира Есенамановна

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Ою түрлерін дайындау

Мақсаты:

  1. Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету;

  2. Оқушыларды халқымыздың салт – дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой-өрісін дамыту;

  3. Оқушыларға ою – өрнектер өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен жасалғанына көздерін жеткізе отырып тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас, сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, тарих, әдебиет.

Көрнекілігі: ою-өрнек түрлерінен жасалған буклет, кітаптар, оюлардың үлгілері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша үлестірмелі парақтар арқылы топ жұмысын ұйымдастыру. Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.

І – топ:

  • Ою дегеніміз не? (Ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті кесу арқылы өңдеу)

  • Композиция дегеніміз не? (Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу)

  • Ритм дегеніміз не? (Ою – өрнекте бір элемент қайталанып келсе, мұны ритм дейміз)

  • Төрт жолдық өлең шығару, поэзия минуты. Енді үйден дайындап келген өлеңдерін болса, оқиық.

Оюларға сүйсініп,

Қайран қалып тұрасың

Көре білсең түсініп

Одан көп сыр ұғасың

ІІ – топ:

  • Орнамент дегеніміз не? (Қазақтың ою және өрнек қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді, мағынасы – сәндеу, әсемдеу, әшекейлеу)

  • Симметрия дегеніміз не? (Симметрия дегеніміз – ою-өрнектің екі жағының тең болуы)

  • Колорит деген не? (Бұйымға салынатын ою – өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы – колорит деп аталады)

  • Төрт жолдық өлең шығару, поэзия минуты.



ІІІ. Жаңа сабақ

Жайлаудың шырынды шөптерінің арасында, тау етегінде ауыл сұлап жатты. Алау түтіні, қойлардың маңырағаны, иттердің үріп, балалар күлкісі – осының бәрі ауылға жақындағанда естіледі.Міне, киіз үйлерде тұр. Қазақ халқы көшпенді ел болып, жаз – жайлауда, қыс – қыстауда заман ағымына сәйкес киіз үйде тұрмыс құрып өмір сүрген. Сол ата – бабаларымыздан қалған асыл мұра – қазақтың киіз үйі.

Бүгін көп қызықты заттар көріп, ою – өрнек туралы білуіміз үшін және шығармашылық жасау үшін үш киіз үйге кіріп – шығуға шақырамыз.

1) Бірінші киіз үйге кіріп көрейік.

  • Ою – өрнек не үшін қолданылады? (Ою – өрнек тұрмыста, бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек)

  • Халқымыз оюмен нені әшекейлеп безендірген? (Ою – өрнек әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес болып халқымыздың жиі пайдаланатын заттарында – өру, тігу, құрау, қию арқылы үй жиһаздарына, зергерлік бұйымдарға, кілем, сырмақ, текемет, қоржын, ыдыс-аяқтарға, киім – кешектерге безендіріліп салынған)

2) - Ал, енді білейік, қандай ою түрлері бар. Ол үшін екінші киіз үйге кіріп көрейік. (Ою-өрнек кестесі, слайд)

Ою – өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған.

3) Келесі киіз үйге кіріп көрейік. Бұл киіз үй – шеберхана. Шағын еңбегімізде – қолөнерді әрі қарай дамытып, осы шеберханада жетілдіру керекпіз.

- Балалар, әжелеріміз ою үлгісін жасауды, оюды кімдерден үйренген? Оларды өз әжелерінен, аналарынан, әпкелерінен үйренген. Осылай ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бүгінге жеткен. Бізде ою ойып көрейік.

IV. Сарамандық жұмыс

  • Балалар,ою қиып үйренейік. Қию алдында, қайшымен жұмыс

техникалық қауіпсіздік ережесін қайталайық.

1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау қажет.

2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме

3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

4. Қайшымен жұмыс кезінде жолдасының көңілін бөлме.

5. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

- Жарайсыңдар, енді жұмысымызға кірісейік. Мына оюдың қию нұсқасына назар аударыңдар (слайд – қағазды бүктеу әдісін көрсету)

1) тапсырма: Ою, өнер туралы мақал – мәтел айтып жарысады.

Мақалдың жалғасын табу.

1. Еңбек етсең ерінбей, ....( Тояды қарының тіленбей)

2. Ақыл көпке жеткізір, ...(өнер көкке жеткізер)

3. Еңбектің наны тәтті....(Жалқаудың жаны тәтті)

4. Ақыл –жаста,...(асыл таста)

5) Оюларды өз тобына жинау.

V. Сабақты қорытындылау.

1.Ою-өрнек дегеніміз не?

2.Орнамент деген сөз нені білдіреді?

3.Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?

4.Композиция деген не?

5.Симметрия деген не?

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: Өз ойларынан ою композициясын құрастырып жасау.






















-80%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Ою түрлерін дайындау (189.1 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт