Қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесін жасау және
қазақ әдебиетінің білім беру мазмұнын жетілдіру
Еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңі- оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияға ауысатын өтпелі кезең болып тұр.
Бүгінгі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жетерліктей.
Қазіргі заманғы мектеп мақсаты: ол баланың қабілеті жететін бағытта оның неғұрлым өз бетімен терең білім алуына қолайлы жағдай туғызу.
Оқушылар мемлекеттік тілді үйрену арқылы қазақ халқының тілін біліп қана қоймай, халқымыздың мәдениетімен, тарихымен, салт-дәстүрімен танысады.
Қазақ тілі оқулықтары оқушылардың әр деңгейде қызығушылығын қанағаттандыруы тиіс. Оқушыларды теориялық оқумен қатар өздігінен іздене жүріп орындайтын практикалық жұмыстарының да рөлі ерекше.
Қазақ тілінен өткізілетін практикалық жұмыстар барысында жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл-ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет.
Сабақта, жалпы мектепте оқушыларға ыңғайлы және жайлы жағдай жасалу қажет, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады. Аталған мәселенішешетін технологиялардың бірі- деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы. Осы көптеген мектептеріміз оқу үрдісінде пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетіп те жүр.
Осы технологияны оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жетілдірілген педагогикалық жүйесінің жобасы ретінде қолданатын болсақ, онда :
-білімді ізгілендіруге;
-оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдері мен формаларын қолдануға;
-оқыту құралы ретінде компьтердің дидактикалық мүмкіндіктерін оқу үрдісінде тиімді пайдалануға;
-оқушыны өз бетімен танымдық іс-әрекетке ынталандыруға, белсенділік пен қызығушылық қабілеттерін арттыруға;
-жеке басының қабілетіне, даму темпіне сәйкес өз бетімен тиісті білім деңгейіне жетуге;
-білім сапасын көтеруге;
-мұғалімнің басқарушылық іс-әрекеті арқылы оқушының өзін-өзі тексеріп, тұзетуге, бақылап, рейтинг жүйесімен бағалауға, сол арқылы өзін-өзі рефлексивті басқаруына айналуға;
-оған сәйкес жеке тұлға өз бетімен дамуын қадағалайтын мониторинг құруына сол негізде шығармашылыққа тартуға болатынын, осы істелген тәжірибе жұмыстарында анықталуда.
Әрбір мұғалім қазақ тілі пәнінде оқушыларды терең ойлай білуге,өз ана тілін сүюге, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, сауаттылығын арттыруға, өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету мақсаттарын қояды.
Бұл мақсатты орындау, яғни оқушының білім, білік дағдысын, өзіндік танымын қалыптастыру нақты ұйымдастырылатын кезеңдер арқылы жүзеге асырылатын күрделі үрдіс.
Тәжірибе барысында ауыл мектептерінде қазіргі талаптарға сай біз көптеген инновациялық технологиялардың ең тиімділерін және олардың элементтерін қолданудамыз. Бұл білім сапасының әрі оқушылардың қызығушылығының артуына септігін тигізеді. Әсіресе осы қазақ тілі пәнінде деңгейлеп оқыту мен дамыта оқыту, модульдік оқыту т.б технологиялардың элементтерін қолданған тиімді деп есептеймін. Сонымен қатар сынып ішінде дарынды оқушыларды анықтауда, қорытынды бақылау жұмыстарын жүргізуде деңгейлеп оқыту технологияларының берер маңызы өте зор.
І деңгей- міндетті деңгейдегі тапсырмалар стандартқа сай болады. Мұнда сабақта жаңадан меңгерілетін білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік берілуі тиіс.
ІІ деңгей- мүмкін мен міндетті деңгей аралық деңгейде тапсырмалар күрделене түседі. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге бағытталуы керек. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы жаттығуларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет. Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіруге берілетін жаттығу- тапсырмалар беріледі.Онда танымдық және үйретілімілік маңызды болуы қажет болады. Бұларға логикалық жаттығу жұмыстарымен қатар бейне сөздер мен сөзжұмбақтар құрастырады.
ІІІдеңгей-мүмкін деңгей жоғары қиындықтағы тапсырмалар.Танымдық- іздену түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (ережелер шығарып,өзбеттік жұмыстарда оны дұрыс қолдана отырып, мәселелік жағдайларды шешуге, оны дәлелдетуге арналған қажетті тапсырмалар беру, сөйлемдер құрату, өз позициясы арқылы пікірін айту)
жетілдіріп, тереңдетумен қатар, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Оқушылардың өз бетімен деңгейді таңдауына, тапсырмаларды орындауына қарай отырып сынып білімінің қаншалықты төмен немесе жоғары екені айдан анық болмақ. Сонда білімді игеру деңгейлерін ескерсек, мұнда сәйкесінше «қиындық» тұрғысынан қарағанда білімді игеру деңгейіөтілген материалды игеру шығармашылықдеңгейге бағытталады. Яғни, оқушылар қарапайым деңгейден формалды логика деңгейіне өтіп, өтілген материалды игеру шығармашылық деңгейге бағытталады. Өтілген материалдың сапалық көрсеткіштерін «игеру қиындығы» деп те айтуға болады. «Игеру қиындығының» негізі шыңы4-деңгейде көрінбек. Мұнда оқушы өз қалауымен шығармашылық тәжірибелік іспен шұғылданады. Ал тапсырмалар мынадай талаптарға сай болуы қажет деп есептеймін:
-сынып бағдарламасын қамтып, стандартқа сай болуы;
-алынған теориямен байланысы;
-оқушының қызығуын арттыруы;
-оқушының өзін-өзі дамытуға, бағалауға мүмкіндік болуы.
Ендеше, оқушы осы шығармашылық деңгейде жинаған тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым-түсініктерінің, белсенді ой еңбегінің жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (ереже, оны мысалдар арқылы дәлелдеу, қазақ тілінен сол тақырыпқа байланысты ережелер мен ерекшеліктерді оқулыққа сүйенбей, мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару) олимпиадалық тапсырмалар немесе тест тапсырмалары, ғылыми жобалар, берілген тақырыптар бойынша рефераттар мен баяндамалар дайындау болып табылады.
Демек, бұл тапсырмалар- оқушының біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны өз бетімен бағалау деңгейі болады және ІҮ деңгейге жете алған оқушының ғана білім нәтижесі жаңа тақырыпты меңгеру барысында анықталған басты оқу мақсатының орындалған түрі болып табылады. Бұл жағдайда оқушы өз қатесін өзі тауып, түзете алатын және өзін-өзі басқарып, бағалай алатын дәрежеге жетеді, өзіне деген сенімі де артады.
Акедемик В.П. Беспальконың кез келген мазмұнды меңгеру үшін оған төрт меңгеру деңгейлерінің шағын мақсаттары арқылы жетуге болатындығы көрсетілген.
Ал Американдық ғалым Б.Блум мұндай мақсаттың алтауын атайды.Кез келген тақырыпты оқытудың мақсаты-оны толық, тіпті шығармашылық деңгейге дейін, меңгертуді көздейтін болса- онда түбегейлі нәтижеге жету алты шағын мақсаттар тізбегі арқылы жүзеге аспақ:
1. «Танып-білу» -нәтиже 1;
2. «Түсіну» -нәтиже 2;
3. «Қолдану»- нәтиже 3;
4. «Анализ-талдау» - нәтиже 4;
5. «Синтез- жинақтау» - нәтиже 5;
6. «Рефлексия» немесе «түйсіну»- нәтиже 6- деп айтамыз.
Сонда тақырыпты меңгерудің жалпы мақсатының түбегейлі нәтижесі 6 нәтиже арқылы жүзеге аспақ.
Жоғарыда айтқан эвристикалық тапсырмаларда танымдық- іздену түрдегітапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін көрсетеді дедік қой. Осы деңгейде тілдік талдауды сатылай кешенді түрде жүргізуге машықтанған оқушылар теориялық материалды баяндауда болсын, талдау барысында болсын нақты тұжырымды сөйлеуг, сауатты жазып, тілдік тұлғаның атқаратын қызметін анықтауда ізденімпаздыққа ұмтылады.Осы сатылай кешенді талдау кезінде:
-ауызша және жазбаша баяндау қалыптасады;
- тілдік талдау барысында қажетті білімді еске түсіре отырып пәнішілік байланысты жүзеге асырады;
-талдау обьектісіне керекті материалды жинау үшін көркем шығармалардан мысалдар жинап, оны сұрыптауға дағдыланады;
- жазба жұмыстарын сауатты жазуға, сөйлемдістильдік тұрғыдан дұрыс әрі көркем жазуға машықтанады.
Өзіндік жұмыстар жүргізу кезіндегі оқытушының рөлі.
Оқытушы бақылаушының рөлінде үйренуші не жөнінде, қандай мәселе төңірегінде сөйлеу керек деген мәселені бақылап, болжауы керек.
Оқытушы жетекші рөлінде. Ең бастысы – үйренушілер арасында сұхбат- әңгіме қалыпты жағдайда және сыйластық түрінде өтеді.
Оқытушы ұйымдастырушы рөлінде сабақты, модульдарды жоспарлайды.
- Оқытушы қиындықты жеңілдетуші рөлінде. Оқытушы өзінің жетекші және ұйымдастырушы рөлін бір сәт ұмытып, үйренушіге кең мүмкіндік және еркіндік беруі қажет.
-Оқытушы білімнің сарқылмас қоры болуы қажет.
Принциптері:
«Тұтастық», яғни, ашып айтатын болсақ белгілі бір тақырып аясында мәтіндермен жұмыс жасай отырып, сол мәтіндерден ой тұтастығын деңгейлеп ашу.
«Жеңілден ауырға» грамматикалық тапсырма немесе басқа тәсілдер арқылы оқушы мүмкіндігіне беріледі.
«Еске сақтау», бұл принцип оқушының сақтау қабілетін дамытуда ерекше рөл атқарады.
Қорыта келгенде, деңгейлеп оқыту үрдісінің тиімділігі:
Қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапасы артады;
Оқушылардың физио-психологиялық ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды;
Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады;
жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады;
жүйелі оқыту үрдісі арқылы оқушы өзін- өзі дамытып, өзін-өзі бағалап, білім деңгейін өрбіте алады;
оқушы өз қызметіне талдау жасайды, қорытынды шығарады, өзіне-өзі баға береді, жаңалыққа ұмтылады.
Бүгінгі қоғам талабына сай егемен елімізде туындап жатқан әлеуметтік –экономикалық өзгерістер, республиканың қазіргі кезеңдегі мемлекеттік білім беру саясатының жүзеге асырылуы білім беру мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарауды талап еткен болатын. Сол ниетте болашақ ұрпаққа жүйелі білім беру ісінде қазақ педагогикасы мен мектебінің алдына жаңа міндеттер жүктелген еді. Ұлттық мәдениетке, ұлт тіліне деген қоғамдық сұранысқа орай қазақ әдебиеті пәнін оқыту да жаңа бағытта жүргізіле бастады. Әдебиет пәні білім беру жүйесіндегі басты пәндердің бірі болып саналатындықтан оның алдына қоятын мақсаты дапәнге қойылатын талаптар деңгейіне сай болуы қажет.
Әдебиет пәнінің негізгі көркем шығарма екенін біз жақсы білеміз. Көркем туындыда халықтың тарихи жүріп өткен жолдары, өмір белестері, елдік-ерлік дәстүрлері, тұрмыс –салты, өзіндік тілі, ділі, психологиясы негізінде жинақталған, адами ұғым түсінігі көрініс табады. Сол себепті әдебиет пәні оқушы жүрегіне жол тауып, оның зердесіне замана келбетін, өмірдің тылсым тіршілігін, тынысын жеткізетін халқымыздың көркем тарихи, ұлттық сананы тәрбиелейтін, адам мен қоғам жайындағы түсінігі мен тәжірибесін реттейтін өмір оқулығы болып табылады.Әдебиеттің осындай білімдік, тәрбиелік мәні мұғалімдерге көп ізденіп, ұтымды, тиімді деген әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен қолдана отырып замана талабына сай оқытуды міндеттейді. Қазақ әдебиеті оқулықтарында оқытудың оқытудың барлық мақсаттарын және міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған білім берудің дамытушы және тәрбиелеуші қызметтерін атқаратын білім мазмұны беріледі. Ұсынылған оқу нысанасы ауыз әдебиетінің, классикалық әдебиетіміздің үлгілері болсын бағдарлама бойынша жүйелі түрде беріледі. Сонымен бірге осыған қоса оқушылардың жаныңа жақын қазіргі өмірді бейнелеген тақырыбы мен жанрлық сипаты жағынан алуан түрлі, айшықты, өткір сюжетті көркем туындыларға маңызды орын беріліп, сол сияқты туысқан әдебиет, әлем әдебиеті үлгілері де оқулықтан тыс қалмайды.
Қоғамдық дамудың қазіргі бағыт-бағдары жалпы адамзаттық қазыналарға басыңқы көңіл аударуды, қоғамды ізгілендіруді талап ететіндіктен оқулыққа енген шығармалар ұлттық рухани қазынаны, имандылықты, парасатты салт-дәстүрді бойына жинақтаған шығармалар тізбегін құрады.
Қазақ әдебиетінің білім мазмұнын жетілдіру мақсатында айтатын жай: ол берілген автордың өмір жолы мен шығармасы туралы оқулықтарда берілгенімен оның еңбектеріне талдау толық түрде брілмейді. Сол себепті9-10-11 сыныптарға арналған қазақ әдебиетінен бағдарлама бойынша өтілетін тақырыптарға байланысты хрестоматия шығарылса екен. Өйткені оқушы оқулықтан шолу түрінде мағлұмат алғанымен, оның толық түрде мәтінін тауып оқи алмайды. Кейінде шығып жүрген хрестоматияларда бірінде болса, бірі жоқ болып шығады. Бір жүйелікпен берілсе, оқушы да сол қалыпқа дағдыланып, ең бастысы, мәтінмен толық жұмыс жасай алар еді.
Даналық пен өнегеге, ғибратқа толы фольклордың мол түрі ауыздан-ауызға таралған. Бұл мұраларды халықтың шығармалары дейміз.Ендеше, осы шығармалардың мәтіні оқушы жүрегіне орнықты жету үшін бізге, мектеп мұғалімдеріне, бірден-бір құрал- ол хрестоматия кітабы. Мысалы «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры «Қыз Жібек» жырларын өткен кезде қосымша хрестоматияларда мәтін толығымен берілсе дейміз. Сонда оқушының алған білімі де сапалы болмақ. Мәтінді оқу арқылы оқушы өз көзқарасын толық түрде жеткізе алады, әртүрлі мәтінді талдауға байланысты логикалық тапсырмалар орындауға да ыңғайлы болмақ. Сол сияқты жеке тұлға көркем шығарма арқылы дәйекті де нақты ой-тұжырымдарын қалыптастыра білуге машықтанады. Мәтін негізінде өзіндік ой-пікірін жүйелі айта білуге, ұтымды, шешен, алғыр сөйлеуге талпынады. Халқымыз үнем сөзді ұтымды, қиыннан қиыстыра шебер қолдануға ұмтылғанын білеміз. Ендеше, біздің шәкірттеріміз де осы ізді жалғастырмақ.
Пайдаланған әдебиет тізімдері:
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 2002ж.
2. «Қазақстан мектебі» 2003ж
3. «Білім берудегі менеджмент» 2004ж
4. «Қазақстан мектебі»2008ж