Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Мероприятия  /  9 класс  /  "Қазақ хандығына 550 жыл" викториналық сайыс

"Қазақ хандығына 550 жыл" викториналық сайыс

Мероприятие посвящено 550 летию образования казахского ханства. В начале мероприятия учащиеся показывают инсценировку съезда ханов. Далее детям представляется просмотр видеоролика о создании ханства. Ярким моментом мероприятия являются игры того времени. Дети с гордостью рассказывали стихи о Родине.

01.05.2017

Содержимое разработки

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы

Медвежка орта мектебі













«Қазақ хандығына 550 жыл»

викториналық сайыс













Дайындалған:кітапханашы

А.Т. Кембаева











2015

«Қазақ хандығына 550жыл» викториналық сайыс

(Викторина — әртүрлі білім саласы бойынша ауызша және жазбаша сұрақтарға жауап беретін негізгі ойын түрі

Мақсаты: Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып,1465жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады;

  2. Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады;

  3. Сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады;

  4. Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады;

Көрнекілігі: Безендірілген сынып, тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел,интерактивты тақта

Түрі: Топтық сайыс.

Барысы:

І.Ұйымдастыру сәті: Армысыздар құрметті қонақтар және оқушылар!

1 — жүргізуші:
Бүгінгі «Қазақ хандығына 550жыл» атты викториналық сайысын тамашалауға қош келдіңіздер! 1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.

2жүргізуші:
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында

1 — жүргізуші:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жеткенде Сұлтандар кеңесі болды
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
— Ассалаумағалейкум, ағалар.
— Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан — екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: — Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: — Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат — көлігің арымай,
Отбасыңмен аман — есен табысқын.
Әумин.

2 — жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. Ал казір Сіздердің назарларыңызға «Қазақ елі» атты  видео ролигін  ұсынамыз.
балалар екі топқа бөлінеді

Әділқазыларды таныстыру

І. «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»

Топ басшылар ортаға шығады;

Барлығы 10 сұрақ беріледі;

Жылдам жауап беріледі;

Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар?

Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірігіп көшкен алғашқы ру-тайпалардың атауы?

Қазақ хандығы қашан,қай жерде құрылды?

Керей мен Жәнібек сұлтандарға қоныс,жер бөліп берген Моғолстан ханы?

Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кеткен хандық?

Қазақ хандығының құрылуы туралы мәлімет беретін тарихи шығарма?

Қазақ хандығының алғашқы территориясы?

Қазақ хандығының Жәнібек ханнан кейінгі үшінші ханы?

Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы болған қала?

Қазақ хандығының құрылуы туралы жазылған “Тарихи Рашиди” еңбегінің авторы?

Мұхит Жақсылықұлының өлең жолдары: «Қазақ мемлекетіне 550 жыл» тындаңыздар

Оқушы Ялгашева Фарида Балметова Гульпаш Оқушы: Ялгашева Фарида

Ұлы боп көк тәңірдің саналатын

Орындап сол тәңірдің аманатын

Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,

Бумын құрған Түріктің ұағанатын

 Жауларын айбарымен алжастырған

Бумын ісін істемес жалғастырған

Тоз тоз болған халықтың басын қосып

Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған

 Армандап Түрік елін бай болсын деп

Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп

Халқының киімі көк, қарыны тоқ,

Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп

 Сол үшін ұзақ түндер ұйқтамаған,

Қара бастың қамын еш құнттамаған

Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер

Жорықтарда тамшы су ұрттамаған

 Түрік жұрты осылай өсіп – өнген,

Ынтымағы жарасып жауды жеңген.

Билік- таққа таласқан аға –бауыр,

Ақыры Қағанатты екі бөлген.

 Оқушы.  Балметова Гульпаш

Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,

Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.

Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,

Ру –тайпа өзінше хандық құрған.

Айрылып айбынды түр келбетінде

Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.

Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,

Қалалар Отырардай жер бетінен.

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.

Жәнібек,Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді Қазақ елі.

 

Алтай мен Атыраудың арасында,

Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,

Хандық құрды қазақ өз даласында

ІІ. «Шөлқандырар»

Интерактивті тақтада торкөздер берілген;

Әр торкөздер ұпайлар көрсетілген;

Ұпай таңдай отырып, торкөздерде жасырылған тапсырмаларды орындайды;

Әр дұрыс жауап ұпай санымен байланысты.

 

Жылдар

20

30

40

Тұлғалар

20

30

40

Терминдер

20

30

40

Жылдар:»20″ Қазақ хандығы құрылған мерзім?1465-1466

«30» Хақназар хан ел билеген жылдар? 1538-1580

«40» Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық қозғалыс жылдары?1837-1847

«Тұлғалар». «20» Қазақ хандығы туралы дерек қалдырған тарихшы? Мұхаммед Хайдар Дулати

«30» 1731 жылы Ресейге бодан болған хан? Әбілқаир хан

«40» Абылай ханның дүние жүзіне танылған атақты ұрпағы,қазақтан шыққан тұңғыш географ,саяхатшы,тарихшы,әдебиетші,ағартушы,ғалым? Шокан Валиханов

«Терминдер». «20» Сұлтан?  «30» Ханталапай? «40» Аң стилі дегеніміз не?

 Қазақ ойындары: Хан қандай? Ханталапай

ІІІ. «Тақымқысар».

Топтық жұмыс жүргізу арқылы сөздердің мағынасына қарай мәтін құрастырыңыздар:

 Кітап көрмесі

ҮІ.Қорытынды.Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет.

Әділқазылар сайыста жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.



































-80%
Курсы дополнительного образования

Стрижка волос. Женские стрижки

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Қазақ хандығына 550 жыл" викториналық сайыс (24.73 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт