Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру

Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру

Балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылығын ояту.

28.01.2018

Содержимое разработки

Оқу қызметінің ұйымдастыру техналогиялық картасы



«Қуыршақ» тобы

Тәрбиешінің аты-жөні: Аймаганбетова К.Т.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Жоғары – төмен. Бір - көп»

Мақсаты: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен – кіші) және санына қарай (бір – көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.


Күткен нәтиже:

Қайтадайды: заттар жоғарыда, төменде орналасатынын, біреу және көп болатынын;

Түсінеді: жоғары- төмен, бір-көп ұғымдарын;

Қолданады: жоғары төмен бағыттарын жасай біледі.


Ұйымдастырлған оқу қызметінің өткізілу барысы:

  1. Ұйымдастыру-қозғаушы қызметі. Түрі.

Мақсаты: балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын ояту.

-Балалар, біз бүгінгі оқу-қызыметімізде жоғары – төмен, бір-көп ұғымдарымен танысып, оларды үйренетін боламыз.

  1. Ұйымдастыру-іздестіру.

Мақсаты: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен – кіші) және санына қарай (бір – көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.

– Балалар, мына суретте нені көріп тұрсыңдар? Маймыл Мына маймыл жоғарыда, ал екінші маймыл төменде тұр. Балалар, 2-ші суретте не көріп тұрмыз?

Тиін, кірпіні көрпі тұрмыз.

Ал, бұл суретті тиін жоғарыда, кірпі төменде тұр екен. Міне, балалар жоғары төмен ұғымдары дегеніміз осы екен. Қәне,өзіміз қайталайықшы. – балалар аспан қайда? Жоғарыда

Жер қайда екен? Төменде

Өте дұрыс айтасыңдар? Кәне, балалар шеңбер болып тұрайықшы Балалар бұл не?

Доп Доптың пішіні қандай? Дөңгелек Оның түсі қандай екен? - Қызыл Балалар қолымызға бір-бір доптан алайықшы. Балалар ендеше допты жоғары – төмен көтеріндер. - Жарайсыңдар балалар допты қорапшаға салайық. Балалар Адияның қолындағы доп көп ба қорапшадағы доп көпба? Адиянын қолында неше доп бар? - Жарайсыңдар балалар! Кәне балалар бір серігіп алайық

Сергіту сәті:

Аспанға қараймын,

Жұлдыздарды санаймыз.

Төменге қараймыз,

Бауымызды байлаймыз.

Оңға бір , солға бір,

Достарымызды санаймыз.

Балалар біз жоғары- төмен, бір – көп бен танысып жатырмыз да, балалар қазір біз дидактикалық ойын ойнайық. – Балалар менім қолымдағы суретті қараңдаршы қандай суреттер бар екен? Осы суреттін ішінен жоғарыда орналасқандарды мына жоғары жіпке ал төменде орналасқандарды төмендегі жіпке ілейікші.

– Өте жақсы балалар! Балалар баріміз орнымыздан тұрып түрлі түсті ленталар ойынын ойнайық.

Рефлексивті-түзетушілік.

Мақсаты:

Балалар бүгінгі оқу қызыметімізде нелермен таныстық?

Жоғары – төмен, бір- көп бен таныстық

Жоғарыда төменде нелер болады екен?

Жоғарыда ұшақ, бұлт, жұлдыз, т.б, төменде машина, тал, автобус т,б. Адиянын қолындағы доп көп болдыма қорапшадағы доп көп болдыма? қорапшадағы доп көп болды.



-80%
Курсы дополнительного образования

Создание динамических веб-страниц с помощью PHP и MySQL

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру (15.2 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт