Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Разное  /  4 класс  /  "Қане-қане балақай, жаса-жаса алақай!"

"Қане-қане балақай, жаса-жаса алақай!"

Зерттеу ж?мыстары бойынша о?ушыны? ізденуі. ?олданбалы зерттеу ж?мысы.

10.01.2017

Содержимое разработки

«Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №3 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.









Секциясы: Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы 06






Тақырыбы: "Қане-қане балақай, жаса-жаса алақай!"








Орындаған: «Теміртау қаласының

№3 жалпы білім беретін орта мектебі»

кмм-нің 4 «Ә» сынып оқушысы

Казбекова Айгерім Биғалиқызы

Жетекшісі:Кеншілік Гулбаршын.

Бастауыш сынып мұғалімі.








Теміртау 2017



«Теміртау қаласының №3 жалпы

білім беретін орта мектебі» кмм-нің

4«Ә» сынып оқушысы Казбекова

Айгерімге жазған



пікір:


Бұл жобада оқушы қазіргі таңда оқушылар сергіту сәті мен бой жазу жаттығуларын қаншалықты ооындап жасайтыны жайлы толық мағлұмат бере білген. Қазіргі таңда дені сау, денесі түзу салауатты өмір салтын сақтай білетін оқушылардың көп болуына көңіл бөліп, әр бір оқушы өз қалауымен күнделікті таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын бұлжытпай орындап тұрса сана –сезімі, денсаулығы арта түсер еді деген оймен жазған.Бұл жобада жаттығудың тйгізер пайдасы, оқушының білімді , сезімтал, ізденімпаз болуынына пайдасы зор екені жайлы айтылған.Оқушы бұл жұмысты жазу барысында үнемі ізденіс үстінде болғаны байқалып тұр.Осы жобадан оқушының іздемпаз белсенді шығармашылық қасиеті жоғары дей отырып, келешекте осындай жобаларды жалғастырып, жұмыстар жасауға қабілеті бар екенін байқауға болады.








Пікір жазған:

4 «А» сыпып жетекшісі:Кеншілік Г.













Аннотация

Бұл ғылыми жобада таңғы жаттығулардың орындалу қарқынының сиреп және жасау қарқынының азайып бара жатқандығы мен оқушылардың немқұрайлы қарауы, салауатты өмір салтын дұрыс қолданбауы жайлы айтылған. Сергіту сәтінің оқушы өміріндегі маңызы зор , пайдасы ерекше екені сөз етілген. Кез келген уақытта, сабақ үстінде жаттығудың түрлерін түрлендіре отырып үнемі қолданса,орындаса нұр үстіне нұр болар еді.



Аннотация

В этом проекте хорошо сказанно об утренной зарядке учеников.Оснобная проблемма вданном времени что дети не хотять делать зарядку.Зарядки,физминутки занимают особое место в жизни учеников. Но к сожилению ученикине понимают это. Было бы хорошо если во время уроков, и по утром ученики часто делали зарядку и физминутки.































Мазмұны:


І.Кіріспе:


Бастауыш сыныптарына арналған сергіту сәттері мен таңғы жаттығулар.


ІІ. Негізгі бөлім:


Жаттығуды біреу үшін жасау деген ойдан арылып, салауатты өмір салтын сақтау үшін жаса.


ІІІ. Қорытынды:


Салауатты өмір салтын сақтайық.
































Тақырыбы: "Қане-қане балақай, жаса-жаса алақай!"


Мақсаты:

Қазіргі кездегі білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі оқушыға терең білім мен тәрбие беруде оның денсаулығын сақтай отырып, дені сау, қабілетті тұлға қалыптастыру.


Міндеті:

  • Жаттығу жасаудың пайдасы мен маңызы туралы мәліметтер беру.

  • Жаттығуды өзге үшін, немесе міндет болғандықтан жасау керек деген ойдан арылып,салауатты өмір салтын сақтау үшін жаса.

  • Әр түрлі салада зерттеу жасау.

  • Қазіргі кездегі әртүрлі электронды, музыкалық сергіту сәттерінің маңыздылығы мен ерекшелігі.

  • Жаттығу, сергіту сәтін жасау – өмірлік ұстанымың және сүйікті ісің болсын.

Болжам:

Егер, кез-келген оқушы өзінің денсаулығы мен дене бітімінің дұрыс болып өсуіне баса назар аударып, әр түрлі жаттығуларды яғни сабақ үстінде, үзіліс кезінде сергіту сәттерін көп жасаса ешқандай қиындық болмас еді.


Өзектілігі:

  • Қазіргі таңда ел болашағы – жастар. Сондықтан жас буындар жан-жақты денелері ширақ,түзу ,дені сау болу үшін әр түрлі жаттығуларды орындамай назардан тыс қалдырып бара жатқандығы.


Зерттеу обьектісі:


«Сергіту сәттері және жаттығу түрлері»


Күтілетін нәтиже:

Түрлі жаттығуларды, сабақ үстінде қызықты сергіту сәттерін көп жасаса бала сабақтан жалықпай қызығушылығы артып, дені сау, денесі түзу, күнделікті болмыста әдетпен таңертеңгілік жаттығуды үзбей жасап жүрсе өн бойы ширап жүрер еді.


Жаңашылдығы:

Бұл жобаны зерттеу нәтижесінде мен көптеген бастауыш сыныптарына арналған сергіту сәттері мен таңғы жаттығулардың оқушы өміріне пайдасының зор екеніне көз жеткіздім.




Кіріспе:

Мектепте оқушы өзінің 11 жылын өткізеді. Ал мектепке келген оқушының денсаулығы жақсы, дене бітімінің мықты болуы шарт. Өйткені мектептегі жетістіктері дене дамуының, денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты [1].

Ендеше баланың денсаулығын сақтай отырып, жұмысқа деген ынтасын арттыруда, денсаулық сақтау технологиясының алатын орны ерекше.

Денсаулық сақтай отырып білім беру принципі – оқушының дене және психологиялық денсаулығын дамытып, нығайтуға жағдай жасайды.

Оны келесі құралдар арқылы жүзеге асыруға болады:

- денсаулықты сақтап оқыту;

- дененің дамуын арттыру;

- санитарлық- гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтау;

- салауатты өмір салтын насихаттау және т.б.

Баланың шаршауын болдырмай, көңіл күйін көтеріп сергітуде, ағзасының қажетті бұлшық еттерінің дамуына сабақ үстінде орындалатын сергіту сәттері үлкен роль аткарады. Сергіту сәттерін сабақтың 15-20 минуты өткеннен кейін тіпті қиын сабақтарда екі рет орындауға тура келеді..

Сергіту жаттығуларын орындауға 1,5 – 3 минут уақыт бөлемін. Кейбір жаттығуларды ән әуенімен орындаймыз. Сонда баланың көніл күйі де көтеріліп, сабаққа деген ынтасы артады. Баланың көңілді болуы оның қан айналымының айналуынада септігін тигізеді, көңілді күйде сабақты жақсы қабылдайды.

Негізгі бөлім:

Менің бұл тақырыпты таңдап, жобаны зерттеу нәтижесінде мен көптеген бастауыш сыныптарына арналған сергіту сәттері мен таңғы жаттығулардың оқушы өміріне пайдасының зор екеніне көз жеткіздім.Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім: бізде таңертеңгілік таңғы жаттығу және сабақта күнделікті сергіту сәттері орындалады.Сол жаттығуларды оқушылар немқұрай орындап, өздері үшін емес біреу күшпен орындатып тұрғандай қимылмен жасайды.Міне осыған көңілім тоймай мұның алдын алуды жөн көрдім. Мен 3 сыныптың соңында мұғалімге келіп өз ойымды жеткізіп, осы салада зерттеп, оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында жоба қорғасам деген өтініш жасадым. Мұғалім менің ойымды қолдап,маған өзінің көмегін ,қол ұшын беретінін айтты.Міне содан бері осы жаттығулардың түрлері мен сергіту сәттерін түрлі баспалар мен ғаламтордың беттерінен іздестіріп, бір параққа құрастырып, жинақтаудамын.Өзімнің бұл тақарабым бойынша сыныптастарыма жаттығу өзіміздің денсаулығымыз бен салауатты өмір салтын сақтауымызға тигізер пайдасының мол екенін айтып,таңғы жаттығуды үнемі жасап, әдетке айналдыруға кеңес бердім.Өзім күнделікті осы жаттығуларды түрлендіріп, барынша қызықты етіп жасауға тырысып жүрмін.Салауатты өмір салтын бұлжытпай орындасақ сонда ғана біз ұлттық рухымыз биік, елжанды, ұлтжанды, өз Отанын шексіз сүйетін патриот азамат қалыптастыра аламыз. Ал, біздің ана тілімізді, тарихымызды, салт-дәстүр, мәдениетімізді жас ұрпақтың бойында қалыптастыруда жаттығу жасау әсіресе сергіту сәттерінің алар орны өте үлкен. Сондықтан, қазіргі таңда ел болашағы – жастар. Жастардың дені сау, сұлу да, сымбатты болуына әр түрлі жаттығулардың тигізер пайдасы өте зор деп ойлаймын.

Қорытынды:

Адам баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – салауатты өмір салтын сақтау. Олай болса өзіміздің келешегіміз үшін өз қолымыздан келетін істі аянбай жасауға тырысайық деп мен өз достарыма және ұстаздар қауымына қосымша көмек ретінде сергіту сәттерінің жиынтығын шағын кітапша түрінде жасап әкелдім.Сонымен қоса сергіту сәттерін алдағы уақытта жаһандану заманына сай музыкамен яғни электронды түрде жинақтап, әр сыныптың жас ерекшелігіне сай құрастырсам ба деген ойдамын. Осы тақырыбым бойынша жаттығу жасаудың адам өміріне тигізер пайдасы бар ма? деген сұрақты өзіме жақын туған туыстарымнан,сыныптас достарымнан жобаға сүйеу болсын деп сауалмана жүргіздім. Сауалнаманың нәтижесі төмендегідей. Осы жүргізілген жұмысымды негізге ала отырып, мен өз достарымды таңғы жаттығуды үзбей әдетпен орындауға және оның маңыздылығын түсіндіре отырып, қазір достарыммен бірлесіп, түрлі жаттығуларды жинау барысындамын.Қараған жаттығулармен сергіту сәттерін «Кітапханамен байланыс дәптері» деп арнаған байланыс дәптеріне жазып және оны сыныпта талдаймыз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе». Олай болса «Ел болашағы – жастар». Жас буынның дені сау, денесі ширақ ел үмітін ақтауға зор үлесін қосатынына сенімім зор.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында атап өткендей, оқушының мектептегі жетістіктері дене дамуының және денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты делінген. Ендеше, бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын сақтай отырып білім мен тәрбие беруде, баланың оқу іс-әрекетіне ынтасы артады, тез шаршауы мен ағзаның әлсіреуі болмайды, денсаулығында патологиялық ауытқуы бар балалардың саны азаяды, физикалық және психологиялық тұрғыдан сау болуына, дені сау, қабілетті тұлға қалыптастыруда тигізер пайдасы зор.

Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.Сау болыңыздар.















Пайдаланған әдебиеттер тізімі


Қазақ халқының салт- дәстүрлері.

С . Кенжеахметұлы.

Сен білесің бе? Г. Әбілова

Айгөлек журналы 2009 жыл №2,4,8.

Балдырған журналы 2007 жыл барлық сандары.

Қазақтың ұлттық ойындары.М.Қ.Қозыбаев.

М.Балғымбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері» (Алматы, 1985)

Ә.Бүркітбаевтың 1985 жылы жазылған «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері түрлері және оның тәрбиелік мәні»

Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық қол-өнері» (Алматы, 1994)

Жексенбаева Ү.Ж. 12 жылдық білім берудің құрылымдық - мазмұндық ерекшеліктері. - 12 жылдық білім. №5 2006.


-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Қане-қане балақай, жаса-жаса алақай!" (63 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт