Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Мероприятия  /  6 класс  /  Информатиканы пәндік оқытуда қолданылатын ойын түрлері

Информатиканы пәндік оқытуда қолданылатын ойын түрлері

Информатиканы п?ндік о?ытуда ?олданылатын ойын т?рлері

15.01.2017

Содержимое разработки

«Информатиканы пәндік оқытуда қолданылатын ойын түрлері»



Жоспар :

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) ойын түрлері

б) ойындарға жалпы түсінік беру

ІІІ. Қорытынды


Әр ұстаздың мақсаты- сабақты тартымды әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұймдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.

Жалпы информатика пәні оқушылардың қоршаған әлем туралы білімін логикалық фактормен байланыстыру,оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ашады.Информатика сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін дұрыс пайдалану оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді және танымдық белсенділігін арттырады. Бірақ ойынды оқу процесіне үнемі пайдалану және ұзақ уақыт алатын етіп созуға болмайды.

Ұжымдық ойындар оқушылардың ұжыммен қарым-қатынасын жетілдіріп,ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатын көздейді.Ойын барысындағы оқушылардың әрекеті достық,жолдастық,өзара түсіністік қатынастарды қалыптастыруға әсерр етеді.Сонымен қатар сабақта ойын элементтерін қолдану әрі білімділік,әрі тәрбиелік мақсаттармен ұштастырылады.Тапсырмаларды орындау кезінде балалардың қызығушылығы жоғары,белсенді болады.

Сабақта қандай ойындарды пайдалану тиісті нәтиже береді? Ребус,сөз жұмбақ құру-информатикалық терминдерді тез есте сақтау мақсатында беріледі.

Шығармашылық жұмыстар-практикалық жұмыс кезінде балалардың қиялын дамыту мақсатында өзіндік тапсырмалар мен тақырыптық тапсырмаларды орындау.

«Кім жылдам ?» - мәтінді тез теру жылдамдығын анықтау.Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады,оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді,қиындаықтарды бірге шешеді.Мұндай жағдайда барлық балалар алға жылжиды,білімдері терең балалардың тежелмеуін,білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.

«Сұрақ-жауап» ойыны.

Ойынның мақсаты : Сұрақтарға дұрыс,әрі тез жауап беруге дағдыландыру. Ойынның шарты: Сыныпты екі опқа бөлу.Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабынкөрсетеді.Қай топта дұрыс жауаптар көп болса, сол топ жеңеді.

«Х және Ү ойыны » : Бұл ойында оқушылар екі топқа бөлінеді. 1 топ –Х,екінші топ-Ү болады. Мұғалім тарапынан сұрақтар қойылады,оқушылар сұрақтарға жауап беріп Х немесе Ү-ті кестеге орналастырады. Қай топ бірінші болып 3Х немесе Ү-ті диагональ не горизонтал бойынша орналастырса сол топ жеңімпаз атанады..


Х

Ү

Ү

Ү

Ү

Х

Х

Ү

Х


«Тіл өнері» ойыны : Информатика сабағында қолданылатын сөздерді орыс тілінде және ағылшын тілінде атауларын жазу керек. Сөздер қазақ тілінде берілген, компьютер арқылы орындалады.


Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде

Ақпарат Информация information

Тышқан Мышка mouse

Модем Модем modem

Мәтіналғыр Сканер scanner

Жады Память memory

Пернетақта Клавиатура Key board

Желі Сеть Wed

Программа Программа program


«Артық термин» ойыны: Оқушылар берілген тапсырмадағы артық терминді табу керек. Жауап «полужирный » командасымен белгіленеді. Компьютер арқылы орындалады.

  1. Екі, бес, нөл,қосынды,бір

  2. Принтер,монитор,программа,пернетақта,сканер

  3. Файл,вставка,вид,ссылка,папка

  4. File,Shift,Ctrl,Alt,Enter

  5. Windows,Linux,Vista,Ms Dos,Ms Word

  6. Вирус,синус,тангенс,косинус

  7. Килобайт,бит,мегабайт,сантиметр

  8. Қосу ,нүкте,азайту,көбейту,бөлу

  9. F9,F10,F13,F12,F11

10.Блокнот,Калькулятор,Power Point, Word Pad, Paint


«Торнадо» ойыны : Бұл ойында оқушылар екі топқа бөлінеді. 1 –топ оқушылары бір компьютерде, 2-топ оқушылары бір компьютерде үйдің суретін салу керек. Қорапша ішінде 20 сұрақпен 3 «торнадо» деп жазылған карточкалар салынған. Бір сұраққа жауап беріп үйдің бір ғана сызығын сыза алады, ал «торнадо» карточкасы шықса қарсыласы салып жатқан үй құлайды. Яғни үйді жойып қайта бастайды.Қай топ бірінші үй салса, сол топ жеңімпаз атанады.

Жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін байқау үшін «Білім жәрмеңкесі » ойыны арқылы оқушылардың білімін тексеруге болады.

Дәптер - Windows ОЖ-ның құрамына қандай стандартты программалар кіреді ?

Қарындаш – Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз ?

Қалам - Блокнот бағдарламасы дегеніміз не ?

Өшіргіш – Paint бағдарламасы дегеніміз не ?

Сызғыш - Word Pad бағдарламасы дегеніміз не ?



Қорыта келгенде, сабақ барысында қолданған ойын түріндегі қосымша тапсырмалар оқушының :

Ақпараттық құзыреттілік- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру ақпаратты қолдануға,логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге, өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге,мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға ;

Коммуникативтік құзыреттілік – өзіндік пікірін білдіруге,түрлі көзқарас және әр түрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе білу;

Пәндік құзыреттілк – мақсатқа жетуде алған білім,біліктігі мен өмірлік тәжірибесін байланыстыру қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді.

Информатиканы оқытуда ойындарды әдістемелік тұрғыдан дұрыс пайдаланған жөн. Мысалы , егер сабақтың алғашқы 25 минуты сабаққа,қалған 20 минуты ойынға арналса, онда оқушылардың сабаққа деген ынтасы бірден төмендейді.



Пайданылған әдебиеттер :

  1. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал №5 2013 жыл

  2. www.bilimdiler.kz білімділер порталы






























Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп






БАЯНДАМА














Орындаған : Баймишева Баян


Тақырыбы : Информатиканы пәндік оқытуда

қолданылатын ойын түрлері







Қызылорда 2016

-75%
Курсы повышения квалификации

Методика преподавания информатики, инструменты оценки учебных достижений учащихся и мониторинг эффективности обучения по ФГОС ООО и ФГОС СОО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Информатиканы пәндік оқытуда қолданылатын ойын түрлері (19.18 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт