Ұйымдасқан оқу әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:
Бөлім: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат. «Бауырсақ»
Мақсаты: 1. Ертегілердегі аңдар кепіне ену арқылы шығарма кеіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көзқарастарын білдіруге үйрету. 2.Тірбиеленуші бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту. 3.Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейім тұруға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: қайырымды.
Көрнекіліктері: ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
| Әрекет кезеңі | Тәрбиеші әрекеті | Балалардың әрекеті
|
|
Мотивациялық- қозғаушы
|
Балаларды шаттық шеңберіне шақыру. -Армысың алтын күн , армысың жан досым. Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым. |
Балалар дөңгелене тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденіс
| Құрметі балалар , бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шықпақпыз. Бір қызығы, біз сол ертегілердің кейпіне еніп, аңдардың сөйлеген сөздерін іс-қимылдарын келтіріп көреміз. Олертегілердің аты –өзіміз жақсы көретін «Бауырсақ е» ертегісі. Мұнда неше кейіпкер бар? Бұл ертегіні біз жатқа білеміз. Ертегі өкінішті аяқталады. Ал, біз бұл ертегінің соңын өзгертіп бауырсақты аман алып қалу жолын қарастырып көрейік. Ерте, ерте , ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауылы өызыл екен Құйрық жүні ұзын екен Баяғы өткен заманда шал мен кемпір болыпты. Бірде шал жалынып: -Кемпір –ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші,- дейді. -Неден пісірейін? Ұн жоқ қой. -Әй кемпір –ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар. Кемпірі ұн жинап бауырсаө илеп, пісіріп терезеге суытуға қойып қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Бауырсақ жолжа зымырап бара жатса, қоян кездеседі. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Атқып-ытқып жүгірді. -Ол қайырымды қоян болатын. Бауырсақ әнін айтып береді Екі уыс ұн жинаған, Балқаймаққа шылаған, Пісіріп маймен сылаған, Суытып та сынаған, Бауырсақпын зулаған! Қоянға бауырсақтың әні өте ұнайды. -Бүгін менің қызымның туған күні еді. Осы әніңді соған айтып берші. Қоян бауырсақты үйіне қонаққа шақырады. Қоян келіседі. Екеуі келе жатса алдарынан қасқыр кездеседі. Қасқыр өзінің шартын айтады .Орындай алмасаңдар жеймін дейді. -Балалар көмектесеміз бе? -Қандай ертегі білесіңдер? -Би билеп беру. Жарайсыңдар, сендерді босатамын. Бірақ мен сендермен бірге барғым келеді. -Жарайды жүр біздің үйге барып бауырсақ тың әнін тыңдайық. Үшеуі келе жатса , алдарынан ақырып аю шығыпты. -Мен сендерді жібермеймін. Шартымды орындасаңдар ғана барасыңдар. 1.Мен қандаймын сипаттап беріңдер 2.Үй жануарлары мен орман жануарларын ажырата қойыңдар. Өте жақсы мен сендерді босатамын. -Аю жүр бізбен бірге бауырсақтың тамаша әнін тыңдайық. Олай болса барайын. Сөйтіп төртеуі келе жатса , алдарынан мың бұралып түлкі шыға келеді. -Барлығың қайда бара жатырсыңдар? -Қоянның үйіне қонаққа. Қызының туған күніне бауырсақ ән айтпақшы. -Сендермен бірге баруға болама ?-дейді түлкі. Болады ,бірақ, біздің шартарымызды орындасаң барасың. -Түлкіде қандай қасиеттер бар -Көрдің бе түлкі сенде көп жаман қасиетер бар екен , содан арылуға уәде бересің бе? -Ия, сөз беремін. Әлсіздерді ренжітпеймін. -Біз саған сену үшін тақпақ, өлең айтып беруің керек.(түлкі айтқандарын орындап береді ) Барлығы түлкіге сеніп, өздерімен бірге алып жүреді. Барлығы тату-тәттә қоянның үйіне келеді. Кішкентай қоянның анасы үлкен ,тәтті бәліш пісіріп қойған екен . Қонақтардың келгеніне қатты қуанып, дастарқан жаяды. Барлығы жайғасып бауырсағтың әнін тыңдайды. Әжей қойма қырнаған, Екі уыс ұн жинаған, Балқаймаққа шылаған, Пісіріп маймен сылаған, Суытып та сынаған, Бауырсақпын зулаған! Барлығы қуанып ду қол шапалақтайды. Бауырсақтың әніне өте риза болады. Көңілденіп ойын ойнайды. Дидактикалық ойын: «Менің отбасым». Ойын шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, отбасы туралы жаңсы сөздер айтады. - Менің отбасым ... (тату). - Менің отбасым ... (көңілді). Ойын осылайша жалғаса береді.
| Тәрбиешіні тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Ертегіні өздері құрастыра бастайды . Кейіпкерлерге бөлінеді
Қимылдарды келтіреді
Достарының бойындағы жақсы қасиеттерді айтады. Қоянның жақсылығын айтады.
Балалалар жауабы
Аюдың шартын орындайды
Түлкінің жаман қасиеттерін айтып шығады
Ойын ойнайды |
|
Рефлексивті - түзету | Сендер осы ертегіден қандай әсер алдыңдар? Ертегі сендерге ұнады ма? Не себепті? | Сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже: Өзара тату болу керектігін білу керек
Білу керек: Жанындағы достарын сыйлауға
Түсінігі қалыптасты: Қайырымдылық деген не?

Ертегілер елінде (20 KB)

