Сабақтың тақырыбы: «Гамма, этюдтар ойнау арқылы оқушының техникасын өсіру»
Пәні: Жеке сабақ, баян аспабы.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың мақсаты: Гамма, этюдтар үйрету арқылы оқушылардың күрделі шығармалар ойнауға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Оқушыға гаммаларды үш поэзияда оң қолмен арпеджио, аккордтар үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Стендтер, буклеттер, пайдаланатын кітаптар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
II. Техникалық жаттығу кезеңі.
До мажор, фа мажор, соль мажор гаммаларын әр түрлі штрихта ойнату.
III. Үй тапсырмасын тексеру
IV. Жаңа сабақ
V. Қорытынды
VI. Бағалау.
Сырнай сыныбын жүргізетін ұстаздың негізі мақсаты музыкант тәрбиелеу. Сырнайға үйретумен қатар оқушыға эстетикалық тәрбие беріледі. Олардың көркем шығармалардағы әдемілікті сезінуін өз музыкалық қабілетін дамытуына сырнайда орындаушылық шеберлігін жетілдіруіне ықпал жасалады. Музыкалық көркем шығармалардың мәнін терең түсінбей музыкант тәрбиелеу мүмкін емес. Аспаптың техникалық көркемдік мүмкіншілігін білу, оны шығарма мазмұнын ашу үшін пайдалану болашақ кәсіпқой немесе әуесқой музыканттың шығармашылық жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу жүйесінде берілген тапсырманы оқытушының басшылығымен орындалуы үшін және дамыта оқыту принципінің негізі боп табылатын ойлау қабілетін дамыту мақсатында шығармамен өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, олардың шығармашылық белсенділігін арттырып, техникалық қиындықтарды жеңуге бағытталған. Балалар сөзге қарағанда, қимылды тез қабылдайды. Сол себептен теориялық түсініктемелер қысқа тұжырымды болып, міндетті түрде аспапта ойнап көрсетіліп отыруы керек. Әр жаңа шығарманы балаға мұқият түсіндіріп қана шектелмей, іс жүзінде ойнатып, ұғындырып жіберген жөн.
Дыбыс қатарын (гамма мен арпеджиосы) оқушыларға нота үйренген кезеңнен бастап таныстырған жөн. Іс – тәжірибемізде осы жалаң техникалық жаттығуларды жаңадан оқи бастаған оқушыларға ойната беру олардың музыкаға деген ынтасын жойып жіберетін кездері болатынын да байқап жүрміз. Сондықтан, оларға алғашқы дыбыс қатары мен аккорд дыбыстарына негізделіп жазылған әуендерді берген пайдалы.
а) дыбыс қатарына негізделген әуен.
Жоғарыда берілгендей, дыбыс қатары менарпеджиоға негізделіп жазылған әуендер оқушыны поэзиялық ойлау негізінде оқытуға жағдай жасайды. Бұл оқушының аппликатурасы дұрыс ұйымдастыра отырып, саусақтардың ретті түрде ойнау дағдысын меңгеруіне жол ашады.
«Гамма, этюдтар ойнау арқылы оқушының техникасын өсіру»
Открытый урок по уроку музыки на тему "Гаммы и этюды"
Берікқанқызы Іңкәр
08.01.2017
-80%
Курсы повышения квалификации
Исследовательская деятельность учащихся
Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Получите комплекты видеоуроков + онлайн версии
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Гамма, этюдтар ойнау арқылы оқушының техникасын өсіру» (15.44 KB)
0
532
4
Нравится
0