Күні: Сынып:7
Сабақ тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Х – ХІІ ғасырда ғылымның даму себептері, көрнекті ғалымдар жайлы мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерімен таныстыру;
Дамытушылық: Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрену;
Тәрбиелік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, мақал – мәтелдердің жалғасын табу, талдау, тірек – сызба, тест, сәйкестендіру тест, сематикалық карта;
Сабақтың көрнекілігі:Карта, Әл – Фараби, Қожа Ахмет Йассауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұнидің портреттері, мақал – мәтелдер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, оқушыларды топқа бөлу:
1.топ «Әбу Насыр әл-Фараби»
2.топ «Махмұд Қашғари »
3- топ «Жүсіп Баласағұни»
4- топ «Қожа Ахмет Йассауи»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.»Ойлан,тап!»
1-топ:Ислам дінінің пайда болуы
2-топ:Ислам дініне дейінгі діни нанымдар
3-топ:Ислам дінінің негізін салушы
4-топ:Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері
ІІІ. Жаңа сабақ «Поле чудес»
Дүниеде бір дария беті қатқан
Бетінде бетегесі шығып жатқан
Қараса ол құдыққа көз жетпейді
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан (Ғылым)
Бойлаған сайын тереңге
шығасын биік белеңге (білім)
1.Ғылым дегеніміз не? - Ғылым (араб (ілім); лат. — білім) — жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі.
2.Ғылымның қандай түрлерін білесіңдер?
IV.Қызығушылықты ояту.
Мақал – мәтелдердің жалғасын тап:
Ғылым – теңіз, .............(білім – қайық).
Ақыл азбайды, ..............(білім тозбайды).
Оқу – білім азығы, .........(Білім – ырыс қазығы).
Көп оқыған білмейді, ........(Көп тоқыған біледі).
Ілім – бұлақ ...........(білім шырақ).
Ердің атын аты шығарар, .......(Ғалымның атын хаты шығарар).
Тіліңмен жүгірме, ...........(Біліммен жүгір)
Білім арзан, ............(білу қымбат).
Байлықтың кілті - .............(ғылым).
ІV.Жаңа сабақ
Біздің тақырыбымыз: Ғылым мен білімнің дамуы
Мұғалім сөзі: Сабаққа жалпылама шолу жасау.(Видио )көрсету.
Х- ХІІ ғасырларда қала мәдениетінің дамуы, Оңтүстік Қазақстанда ислам дінінің қанат жаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына ықпал етіп, Сайрам, Отырар, Түркістан қалалары біршама гүлдене түсті.
Осы ғасырларда ғылым, білім, әдебиет даму үстінде болды. Ғылым саласына тоқталатын болсақ, Қазақстанда ғылымның дамуына үлесін қосқан, екінші Аристотель атанған - Әбу- Насыр әл – Фараби мен Әбу Райхан әл-Бируни.
Тіл білімінің даму ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, Х ғасырға дейін түркі тілдес халықтарының бірнеше қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарын бастан кешіруі тілдің дамуына кедергі болды. Ал, бұл ғасырлардағы тіл білімінің дамуына үлесін қосқан ғалымдар: Махмуд Қашқари мен Жүсіп Баласағұн.
Үшінші мәселеге келетін болсақ, жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, көзі тірісінде – ақ «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деген атқа ие болған әйгілі ақын- Ахмет Иүгнекиді айуға болады. Сонымен қатар Қожа Ахмет Йасауи.
Ү.Оқулықпен жұмыс.
Тұлғаны таны. Постер құру.
« Әбу Насыр әл-Фараби » тобы - Әбу Насыр әл- Фараби мен Әбу Райхан әл-Бируниге ғылымдық жолына тірек- сызба жасау;
2. « Махмұд Қашғари » тобы – Махмуд Қашқари мен Жүсіп Баласағұнның тіл білімінің дамуына қосқан үлестері бойынша тірек – сызба құру.
3. «Жүсіп Баласағұни » тобы – Ахмет Иүгнеки мен Қожа Ахмет Йасауидің әдебиет саласындағы қосқан үлестері бойынша тірек – сызба жасау.
4. «Қожа Ахмет Йассауи » тобы – Қожа Ахмет Йасауидің әдебиет саласындағы қосқан үлестері бойынша тірек – сызба жасау.

Әбу Насыр әл-Фараби
Өмір сүрген кезеңі - 870-950 жж.
Туған жері – қазіргі Түркістан алқабының Фараб аймағына қарайтын Отырар
қаласында дүниеге келген
Толық аты Әбу Насыр ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани ат-Турки
Білімі - Болашақ ғалым алғаш туған жері Отырар медресесінде, кейін Шам, Исфахан,
Самарқан, Бұқара, Халеб, Мысыр, Дамаск қалаларында оқып, жан-жақты білім алған. 70- ке жуық тіл білген
Еңбектері түрлі ғылым салаларында 150-ге жуық еңбектер жазып қалдырды. «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жол сілтеу», «Музыканың үлкен кітабі», «Сөз, шешендер туралы» т.б.
Тарихтағы орны – Аристотельден кейінгі екніші ұстаз, ұлы энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, әдебиет пен музыка зерттеушісі, ақын.Әл-Фарабидің логика мен медицина,
ғарышнама мен анатомия, философия, заң ғылымы сияқты ғылым
қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі.
Қ
орытынды Тек шығыстың ғана емес, Батыстың ғылымы мен
мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан энциклопедиялық білімі бар ғалым
Фараб аймағынан шыққан, ХІІ ғасырда өмір сүрген Исхақ әл-Фараби, Жауһари әл-Фараби, Ахмад әл-Фараби сияқты ғалымдар да ғылым мен біліинің дамуына өз үлестерін қосты.

Махмұд Қашғари
Өмір сүрген кезеңі - 1030-1090 жж.
Қашғария қаласы
Толық аты Махмұд Хусейн ибн
Мұхаммед Қашғари
Білімі – М.Қашғари алғаш Қашғар қаласында
кейін Орта Азия мен Иранның ірі
қалаларында білім алды.Араб тілін жетік білген
Еңбектері Мәңгі өшпес мұрасы – 3 кітаптан тұратын
«Түрік тілдерінің сөздігі» - «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі
Бұл кітаптан бүгінгі ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен-жайлардың аты-жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мәліметтер алады.
Жүсіп Баласағұни

Өмір сүрген кезеңі - 1021-1075 жж.
Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласы

Толық аты Жүсіп Хас Хажип
Баласағұни
Атақты еңбегі – «Құт негізі - білік»
(«Құтадғу білік»).
Бұл еңбек алғаш рет түрік
тілінде жазылған
Е
ңбектері Мәңгі өшпес мұрасы – 3 кітаптан тұратын
«Түрік тілдерінің сөздігі» - «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі
Баласағұни еңбегін Баласағұнда бастап, Қашғарияда аяқтаған Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан. Хан ғұламаның сол еңбегі үшін
Ұлы Хас Хажип деген лауазым берген.
Ахмет Игүнеки
Қожа Ахмет Йассауи
Өмір сүрген кезеңі - 1103-1167 жж.
Сайрам қаласында туған
Әкесі Ибрахим - ғұлама адам болған.
Шешесінің аты – Айша (бір деректерде Қарашаш).
Бала кезінен Йасы (қазіргі түркістан) қаласын
мекен етеді. Кейін осы қаланың атымен
Ахмет Йассауи атанады.
Білімі – Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан білім алып,
Й
асыға оралады. Арыстан бапты пір тұтады.
Қ
ожа Ахмет Йассауиден қалған мұра «Диуани Хикмет», яғни
«Даналық кітабі» түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған.
Ш
әкірттерінің бірі – ғұлама ақын, ел ішінде Хакім Ата атанағн
Сүлеймен бақырғани халықты имандылыққа шақырды.
1-тапсырма. Семантикалық карта. Дұрыс жауапқа «+» белгісін қояды.
| № |
Туған жылдары | 870-950 жж. | 973-1050 жж. | 1030-1090 жж. | 1021-1075 жж. | 1103-1167 жж. | Шамамен ХІІ ғ.с - ХІІІ ғ.б. |
| 1 | Ахмет Иүгнеки |
|
|
|
|
|
|
| 2 | Махмуд Қашғари |
|
|
|
|
|
|
| 3 | Әбу Насыр әл-Фараби |
|
|
|
|
|
|
| 4 | Жүсіп Баласағұни |
|
|
|
|
|
|
| 5 | Ахмет Йассауи |
|
|
|
|
|
|
| 6 | Әл-Бируни |
|
|
|
|
|
|
2-тапсырма: Сәйкестендір:
Әбу Насыр Әл-Фараби «Ақиқат сыйы»
Махмұд Қашғари «Музыканың үлкен кітабі»
Қожа Ахмет Йассауи «Диуани Хикмет»
Жүсіп Баласағұни «Диуани лұғат ат-түрік»
Ахмет Игүнеки «Құт негізі білік
3- тапсырма. «Өз жартыңды тап» ойыны.
Ойынның шарты:Карточкалар беріледі, біреуінде-сұрақтар, екіншісінде -жауаптарға арналған тірек кестелер.
1.Әбу Абдоллах Рудаки
2.Манас
3. Ш.Уалиханов
4.Әбу Райхан Бируни
5.Құтадғу білік-«Құт негізгі-билік»
Оқу реті:
1.Халықтың арманы мен тілегін білдіретін,мифтік желіге құрылған батырлық эпос.
2.Парсы-тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы.
3.География саласында қыруар еңбек жазып қалды.Географиялық карта жасады.
4.XIX ғасырдағы түрік әдебиетінің ескерткіштері қатарына жататын,саясат мемлекет басқару,әскери іс жөніндегі философиялық трактат.
5. 1836 жылы «Манас» поэмасын тұңғыш хатқа түсірді.
4-тапсырма. Математикалық ойын.
550+450=
60+70=
1039+30=
541+432=
1000+127=
1523+1333=
VI. Сабақтың бекіту:
Дискуссиялық әдіс: келісемін, келіспеймін
I топ:
Әл- Фараби “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы” туралы философиялық туынды жазған.
2. Әл- Фараби “Шұбар айғыр” күйін шығарған.
3. Әбу Райхан әл-Беруни “Бақытқа жету” туралы философиялық туынды жазған.
4. Әбу Райхан әл-Беруни 150 астам еңбектер жазып қалдырған.
ІІ топ:
1. Махмуд Қашқари өзінің саналы ғұмырын туған халқының тілін зерттеуге арнаған.
2. Махмуд Қашқариға “Ұлы хас- хажип”деген лауазым берген.
3. Жүсіп Баласағұни Баласағұн қаласында туған
4. Жүсіп Баласағұни “Құдатғу білік” еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан.
ІІІ топ:
1. Қарахан мемлекеті кезінде аты шыққан ақын Ахмет Иүгенеки
2. Ахмет Иүгенекидің бізге жеткен шығармасы “Ақиқат сыйы”
3. Қожа Ахмет Йасауи Түркістан қаласында туған
4. Қожа Ахмет Йасауи 7 жаста әкесінен жетім қалған
IV топ:
1. Қожа Ахмет Йасауи Юсуф Хамаданидан діни білім алған
2. Қожа Ахмет Йасауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани
3. Қожа Ахмет Йасауидің бізге жеткен еңбегі “Құдатғу білік”
4. Ахмет Иүгенекиге көзі тірісінде-ақ “ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы”деп баға берген.
ҮІІ. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: 20 параграфты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Ғұламалардың өмірбаянына қатысты қосымша кітаптар оқу, реферат жазып келу.


Ғылым мен білімнің дамуы (150 KB)

