| Сыныбы 4 «в» | Күні | ||
| Сабақтың тақырыбы | Пирамида жасайық! Ғажайып пирамида | ||
| Мақсаты | Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы пирамидаға ұқсайтыны белгілі,сондықтан осы ғимараттың символы ретінде оқушыларға пирамида жасауды үйрету.
| ||
| Күтілетін нәтиже | сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
| ||
| Керекті жабдықтар | Қағаз қиындылары, слайд, сұрақтары бар қорап, смайликтер. | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
| Кіріспе
| Мұғалім оқушылармен амандасады. Назарларын сабаққа аудартады. Кезекшімен тілдеседі. Үй тапсырмасын тексереді. | Оқушылар мұғаліммен амандасып, орындарына отырады. Сабаққа дайындықтарын байқатады. Үй тапсырмасын айтып, бағалау парақшаларына өздерін бағалап отырады. | |
| Тұсаукесер
| Балалар, біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын мына менің алдымдағы қағаз қиындыларынан қандай мүсін шығатынын байқап көрейік. Ол үшін осы қиындылардың астындағы сұрақтарға жауап берейік. Сұрақтар: ҚР бас қаласы? Астана символы не? Бәйтерек қай жылы салынды? Оның биіктігі қанша метр? Сәулетшісі кім? Сонымен, балалар қандай мүсін шықты?дұрыс , балалар, сонда біздің сабағымыздың тақырыбы қандай болар екен? Ал енді тақтадағы мына сөздерге назар салып олардан қандай айырмашылық көріп тұрсыздар? Кім айтады? Бас әріппен жазылатын сөздерді жалқы есімдер дейміз. Мысалы, Астана, Алматы, Никита, Айман. Сенің атың кім? Осы сөйлемде қай сөз жалқы есім? | Оқушылар өз еріктерімен мұғалімнің алдындағф қиындыдағы сұраққа жауап беру арқылы «Пирамида» сұлбасын жасап шығады.
Пирамида жасау. Кейбір сөздер бас әріппен, ал кейбіреулері кіші әріппен жазылғандығын байқап жауап береді.
Менің атым – Айнұр. Айнұр сөзі. | |
| Негізгі бөлім
| Балалар, ҚР-ның бас қаласы қай қала? Астана қаласында болдыңдар ма? Ал осы қалада пирамидаға ұқсас қандай ғимарат бар? Иә, балалар, дұрыс. Мына тақтадағы суретке назар салайық, бұл Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы. Бейбітшілік және келісім сарайы 2006 жылы салынды. Жаңа сөздермен танысу Мәтінмен жұмыс.
Өзара бағалау.
Мәтіндегі жалқы есімдер- Астанада, Норман Фостер, Қазақстанда, Бейбітшілік. Мәтінді меңгергендігін мұғалім сұрақтары бар қорап арқылы тексереді.
Константинополь әдісі бүгінгі негізгі сөзден барынша көп сөз құрастыру керек. Бейбітшілік – бейбіт, ет, іш, екі, етік, тіл, біт, бет, еш, ішік, ішек, тік, кілт, бітік, кіші, біл. | Астана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайы
Оқушылар топтық жұмысқа кіріседі. Топта мәтінді оқып, аударады. Алдарындағы қағазға мәтінде кездескен жалқы есімдерді жазады.
Келісім- согласие Достық – дружба Бірлік – единство Сарай - дворец Бейбітшілік – мир Белгісі- знак
Оқушыларға жалқы есім жазылған парақты келесі топқа береді, топ бір-бірін тексереді.
Сұрақтарға оқушылар жеке өз қалаулары бойынша жауап береді.
Топта оқушылар негізгі сөзден бірнеше қысқа сөз табуға тырысады. Тақтаға шығып сөздерді оқиды. | |
| Қорытынды
| Бірге ойлаймыз әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
|
| |
| Сабақтың өзіндік талдауы
| |||
| Сабақ бойынша өзгертулер |
| ||


Ғажайып пирамида (20.11 KB)

